М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Педагогика институты.
Тарих бөлімі
ҚР тарихы кафедрасы РЕФЕРАТ
Тақырыбы: --------------------------------------------------------------------------------------------- тақырып атауы
Тексерген: ------------------------------------
(оқытушының аты – жөні)
Орындаған студент: -------------------------------------------
(студенттің аты-жөні)
Орал – 2008 ж.
11 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Бағалау саясаты:
№
Бағалау критериясы
Жұмыс үшін %
1
2
3
4
5
6
7
8
1 аралық бақылау
9
10
11
12
13
14
15
2 аралық бақылау
1.
Дәрiске қатысу
0,5
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
2.
Семинар
1
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
3.
ОЖСӨЖ, СӨЖ
1,5
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
4.
Жеке жұмыс /кроссворд, эссе, карта, глоссарий, схема, таблица, әдебиеттерге шолу/
+
5.
Жеке жұмыс (презентация слайд-шоу)
+
6.
Апта
3
3
3
3
3
3
3
3
6
3
3
3
3
3
3
3
9
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
Бағаның әріптік баламасы
Бағаның сандық баламасы
Бағаның проценттік баламасы
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
A
4,0
95-100
өте жақсы
A-
3,67
90-94
B+
3,33
85-89
жақсы
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
2,33
70-74
қанағаттанарлық
C
2,0
65-69
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
F
0
0-49
қанағаттанарлықсыз
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы) Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша білім тексеру сұрақтары. 1. Ұғым дегеніміз не?
2. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?
3. Деректерді жіктегенде неге «сыныптау» деп қарастырамыз?
4. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?
5. Деректерді синтетикалық сынау дегеніміз не?
6. Қайталанатын деректерге қандай деректер жатады?
7. Қайталанбайтын деректерге қандай деректер жатады?
8. Филологиялық сын неге бағытталған?
9. Синергетика дегеніміз не?
10. Деректануда қаралатын екі проблемалар кешені?
11. Деректерді ғылыми айналымға түсірудің экстенсивті жолы дегеніміз не?
12. Деректерді ғылыми айналымға түсірудің интенсивті жолы дегеніміз не?
13. Деректану теориясы бойынша зерттеудің негізгі нысаны не ?
14. Кеңес дәуірінде деректерді сыныптау неше кезеңмен жүргізілді?
15. Типтік сыныпталу мен түрлік сыныпталудың айырмашылығы неде?
16. Зерттеуші Л.Н. Пушкарев жазба деректерді қандай жіктерге бөліп көрсетеді?
17. Жазба деректер эволюциясына әсер ететін факторлар?
18. Ең алғаш деректерді зерттеу қоғамын ұйымдастырған кім және ұйымның міндеті?
19. Хартия мектебінің мақсаты не болды?
20. «Деректану» деген терминді бірінші рет ғылымда қолданған ғалым?
21. КСРО-да бірінші рет деректану пән ретінде қашан қолға алынды?
22. КСРО-дағы оқулықтың алғашқы авторлары?
23. Ш.Уәлихановты неге қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаймыз?
24. Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?
25. Ә.Бөкейханов еңбектерін неше салаға бөліп қарастыруға болады?
26. «Әдебиет танытқыш» деген еңбекте кімнің деректанушылық ойлары келтірілген?
27. Е.Бекмахановтың деректанулық көзқарастары оның қандай ірі еңбегінде қамтылады?
28. О.Сүлейменовтың «АЗиЯ» еңбегі қандай жырды талдауға арналады?
29. «Жыр» нешінші ғасырдың жазба ескерткіші болып табылады?
30. Орыс тарихнамасында таихи деректерді бірінші болып сынаған кім?
31. А.С.Лаппо-Данилевский жазба деректерді ғылыми талдаудың қандай түрлерін ұсынды?
32. Деректерді зерттеудің «партиялық принципі» дегеніміз не?
33. Атрибуция дегеніміз не?
34. Деректердегі қайшылықтарды ашудың қандай жолдарын ұсынуға болады?
35. Шынайлық проблемасы мен өкілеттілік проблемасының түсініктері неде?
36. Фольклор дегеніміз не, қанша жылдық тарихы бар?
37. Ауыз әдебиеті туындыларымен айналысатын 1989 ж. қандай ғылыми орталық құрылды?
38. Тарихи өлең жырлар мен әңгімелердің бүгінде қанша нұсқасы сақталған?
39. Фольклортанушы Р.Бердібайдың деректану ғылымына қосқан үлесі?
40. Е.Бекмаханов өз монографиясында фольклордың қандай ерекшеліктеріне тоқталды?
41. Шежіретанушы ғалымдарды, олардың еңбектерін ата?
42. Шежірені зерттеу қандай бағыттарда жүзеге асты?
43. Ш.Құдайбердіұлы еңбектерінің деректану ғылымында алатын орны?
44. Үш жүзге кіретін руларды ажырат?
45. Ең алғашқы шежірені жинақтап, зерттегендер кімдер?
46. «Бехистун» жазбаларында сақ тайпалары туралы қандай мәліметтер беріледі?
47. «Авеста» мәтінінің маңызы неде?
48. Антик тарихнамасында қазақ жеріне қатысты кімнің және қандай деректерді кездестіріміз?
49. Қытай және араб саяхатшыларының еңбектерінен қазақтардың қандай территориясына, ру-тайпаларына қатысты құнды деректер таба аламыз?
50. Орхон-Енисей өзені бойынан табылған көне жазулардың уақыты?
51. Руна жазуында қанша әріп бар және оны аударма жасаған түркітанушы орыс ғалымы ?
52. Орхон-Енисей жазуының құпия сырын ашып, оқу заңдылығын анықтаған ғалым?
53. 26 таңбадан тұратын (руна жазуы) күміс тостағанша қай жерден табылды?
54. Жылнама дегеніміз не және орыс жылнама тарихы қандай кезеңдерді қамтиды?
55. Хронографтар дегеніміз кімдер?
56. Жылнамаларға тән сипат, қандай факторлармен анықталады?
57. Жылнамаларды ғылыми зерттеп, оларды жариялауда кімдерді атауға болады?
58. «Бағзы замандар хикаясының» қандай түпнұсқалары (редакциясы) сақталды?
59. Неге ежелгі орыс әдебиеті мен ежелгі қазақ дәуір әдебиетінің даму кезеңдері сәйкес емес?
60. Қазақ әдебиетінің даму тарихын зерттеген әдебиеттанушы кім?
61. Ежелгі дәуір әдебиеті қандай ғасырлырды қамтиды және өз кезегінде қандай хронологиялық дәуірлерге бөлінеді?
62. Қ.Жалаири өзінің «Жылнамалар жинағын» орыс патшасы кімге сыйға тартты?
63. Қ.Жалаири қазақ тарихы үшін маңызы зор тоғыз дастанды кімнің ұрпақтарына арнады?
64. Мұхаммед Хайдар Дулатидың Бабырға туыстығы қандай және ол «Бабыр-наме» еңбегінде Дулатидың қандай қасиеттері туралы жазады?
65. «Тарихи-и Рашиди» шығармасы қай ғасырлардағы, қандай аймақтардағы аса маңызды оқиғаларды баяндайды ?
66. М.Х.Дулатидың еңбегін ғылыми айналымға енгізіп, зерттеген шетелдік ғалымдарды ата?
67. М.Қашқари түркі тайпаларының этнографиялық деректері, тіл мәселесі, ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтап, баяндаған еңбегі қалай аталады?
68. М.Қашқаридың сөздігін қазақ тіліне аударған кім?
69. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны ортағасырлық қандай мемлекеттің саяси-әлеуметтік кезеңдерін баяндайтын дерек көзі болып табылады?