Өзектілігінде курстық жұмыстың қазіргі ғылым саласындағы ғылыми ақпарттандырылуы мен маңыздылығы қарастырылады.
Жұмыстың жаңашылдығы – істелінген жұмыстың және ғылыми тәсілге анализ жасалынады.
Жұмыстың маңыздылығы теориялық немесе практикалық «жолының» ашылуы. Кіріспе көлемі – мәтіннің 2-3 бет.
Бірінші бөлім берілген тақырыпқа байланысты әдебиеттің шолуы көрсетіледі. Кей кездері теориялық бөлімі екі бөлімге бөлінуі мүмкін. Өз түсінігін қалыптастыруы қажет. Жұмыстың соңында қысқаша қорытынды ретінде резюме жазылуы тиіс.
Әдебиетті шолу зерттеу тәсіліне байланысты терең анализ жасалынады және жүйелендіріледі.
Автор зертелініп отырған ахуалдың даму деңгейіне байланысты өзінің түсінігін толық көрсету керек. Әдебиетке шолуды қысқа әрі нұсқа істелінген резюмемен аяқтау қажет.
1.2 Жазба жұмыстарының орындалуының кезеңдері
Курстық жұмысқа дайындалудың келесі кезеңдері:
Бірінші кезең –дайындық кезеңі. Берілген кезеңде жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту, жұмыстың орындалу тәртібінің анықтамасы және бекітілуі. Оның мақсаты мен міндетінің анықтамасы.
Екінші кезең –іріктеу кезеңі. Библиографиялар, жұмыстың мақсаты мен міндетінің қажетін іске асыру.
Үшінші кезең –қолжазбалық нұсқа бойынша жұмыстың тақырыбының рәсімделуі
Төртінші кезең –алғащқы мазмұн нұсқасын дәлелдеп түзету.
Бесінші кезең –бекітілген талаптарға сәйкес жұмыс тақырыбының рәсімделуі.
Алтыншы кезең –жұмысты қорғауға дайындалу
Жетінші кезең – жұмысты қорғау
2. Курстық жұмысқа қойылатың негізгі талаптар
Курстық жұмыс − студенттің тұнғыш дербес оқу-зерттеу еңбегінің тәжірибесі. Ол оқу жоспарларымен сәйкестікте орындалады және практикалық дайындыққа бағытталған.
Бұл оқу түрінің басты мақсаты – студенттің білімін қорыту, бекіту және тереңдету, алған білімдерін нақты бір тапсырманы орындауда қолдана алу қабілеттерін қалыптастыру. Курстық жұмыс жетекшісінің түбегейлі шешімдерді бағалауда, әдістемелік көмек беруде, жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімін қадағалауда атқаратын ролі зор.
Курстық жұмыс белгілі бір сұрақтар немесе мәселе бойынша жүргізілген ізденістер мен олардың нәтижелері туралы жазбаша есеп түрінде келеді.
Курстық жұмыстар студенттің өздік ізденісі мен тәжірибесінің негізінде жасалып, әксперименттік немесе әдебиеттерді, тәжірибелік есептерді, басқа да дерек көздердің материалдарын талдау негізінде жасалған рефераттық болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың тақырыбы пән мен тапсырмаларға сәйкес болуы, орындалып жатқан теориялық курстың оқу тапсырмаларына жауап беруі, ғылыми тәжірибелермен үйлескен, өзекті, шыншыл және тәжірибелік бағытта болуы керек.
Курстық жұмыстардың тақырыптары «жобалар» семестрдің басында кафедра мәжілісінде бекітіледі. Жұмыс папкаға тігіліп немесе мұқабаланып тапсырылуы керек.
Бір курста екі немесе одан да көп студентерге бірдей тақырыпты жазуға рұқсат берілмейді.
Курстық жұмыстардың тақырыбы бойынша қосымша мен өзгертулер қорғауға бір ай қалғанда дейін енгізіліп кафедра отырысында бекітіледі.
Курстық жұмыстардың тақырыптарын тандап бекіткеннен кейін студент курстық жұмыстың тапсырсырмалар бланкісін толтырады.
Курстық жұмыс берілген нұсқаулық талаптарына сай безендірілуі керек.
Тапсырма балнкісі екі дана түрінде толтырады және кафедра отырысында бекітіледі.
Оның біреуі кафедрада сақталады, екінші курстық жұмысқа «жобаға» тігіледі.
Студентердің орындалатын кустық жұмыстарын қорғауға 10 күн қалғанда дейін ғылыми жетекшісі тексеріп, жұмыстары сәйкес болған жағдайда ғана қорғауға жіберілу жөнінде белгі қояды.
Егер жұмыста бекітілген талаптардан ауытқушылықтар болса, жетекші жұмыстың мәтіні бойынша жазбаша түрде түсінік беріп, қорғауға жіберілмеу жөнінде белгі қояды және материалды жөндеуге уақыт беріледі. Қорғауға жіберілген жұмыстың «жобаның» сапасы мен жіберілуіне жетекші жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |