А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет20/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер. 
1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жоба-
сы жасалды. Ол 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және 
денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы 
шықты
1

Бағдарламаны 
түзушілер: 
С.С.Қирабаев, 
Ә.М.Дайырова, 
Г.С.Құрманбаева, 
С.Мақпырұлы, 
Т.Қ.Жұмажанова, 
С.Р.Дүйсебаева, 
Б.Ә.Әрінова, Н.О.Әбдіғаппарова. Бағдарламада бұрынғы оқу материалы 
қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса 
назар аударылды. Әдебиеттің эстетикалық бағыты күшейтілді. Ел егемен-
дігімен қуаттанған ұлттық арман, мүдде кӛрнекті тұлғаларымыздың әдеби 
мұрасын оқыту барысында жас ұрпақтың дүниетанымы, салт-санасын, тілі 
мен ділін кӛркем шығарма ӛзегінде шыңдау мүмкіндігіне жол ашты. 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы 
сынды тұлғаларымыздың шығармалары бағдарламадан орын алды. Басқа да 
оқу материалдары сұрыпталып, жаңа оқу мазмұнымен толықты. 
Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 жылы алғашқы пән ретінде 
оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында 
қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы біршама тұрақталып, жүйеленіп, бір 
ізге түскен болатын. Бағдарламалардың сапалы жасалуында Ш.Кәрібаев, 
Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог 
ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Ол бағдарламалар ӛткен күннің еншісінде 
қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан беріде жаңа бағдарламалар дүниеге келді. 
Бағдарламаларға қосымша салалық бағдарламалар да жазылды. Оларға 
«Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі мен 
әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту програм-
масы»
2
, Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған 
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы»
3
(Авторлары –Ә.Қанафин, 
Ӛ.Тыныбаева ), «Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдар-
ламаларын» айтуға болады
4

1
Бағдарлама. Қазақ әдебиеті. Ү-ІХ сыныптар. –Алматы: Рауан, 1999. –52 б.
2
Қанафин Ә., Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі 
мен әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту програм-
масы».– Алматы, 1989. 
3
Тыныбаева Ӛ. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған 
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы» –Алматы, 1992. 
4
Керімбеков Н. Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту. // Қазақ тілі мен 
әдебиеті. 2001. № 4. Б. 3-8, № 5. Б. 3-8. №6. Б. 3-6.  


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет