84
5.Кӛркем шығарманы оның сахналық қойылымымен салыстыру;
6.сахналық қойылымға ӛзіндік баға беру;
7.Киноқойылымға, кӛркем ӛнер, бейнелеу ӛнері туындысына, радио-
қойылымға, ӛлкелік зерттеу жұмыстарына баға беру;
8.Оқушы пікірлері, кӛзқарастарының қорытындылары баяндама,
шығарма түрінде, сынып сағаттарында, пікір-сайыстарда айтқан ойлары
арқылы, мектептің әдеби үйірмелері мен қабырға газеттерінде, әдеби жур-
налдарында жазған мақала түрінде кӛрінеді.
Аталған әдіс негізінде тек мұғалімнің басшылығымен ғана оқушы
нақты әдебиеттану ғылымының негізгі әдістерін жете меңгере алады. Зерттеу
әдісінде оқушының шығарманы талдауы жолын меңгеруіне, ӛз пікірін,
кӛзқарасын нақты дәлелмен жеткізуіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Бұл әдіс
оқушылардың кітапхана қорын, кітаптар тізбегін дұрыс пайдаланып, ӛзіне
қажетті кітапты таба білуге, нақты деректі қолдана алуға, ӛзін қызықтырған
материалды тиімді қолдана алуға, оны конспектілеуге, дәйексӛз алу, ӛз
пікірін басқа кӛзқарастармен дәйектей білуге, ӛзінің ауызша, жазбаша
баяндамасын жоспарлай алуға үйретеді.
Эвристикалық әдіс пен зерттеу әдісін дұрыс пайдаланған жағдайда
оның оқушылардың ойлау қабілетін оқу пәні негізінде жұмыс әрекеті мен
білім, білігін жетілдіретіні анық. Дегенмен кеңес мектебі тәжірибесінде
аталған әдістер ӛз дәрежесінде соншалықты жиілікпен жүргізіліп, кӛп нәтиже
берді деуге келе бермейді. Ӛйткені аталған әдістердің ӛзіндік қиындықтары
да жоқ емес. Себебі оқушылардың ӛзіндік білім алып белгілі бір тақырып
тӛңірегінде ізденуіне кӛптеген факторлар кері әсер етеді: біріншіден, жалпы
білім беретін мектептердің уақыт мӛлшері оқушылардың ӛздігінен ізденуіне
мүмкіндік туғызбайды; кейбір тарихи-әдеби деректер ойлану, толғануды
қажет ете бермейді, ал энциклопедиялық еңбектер мен терең ғылыми
еңбектерге оқушыларды бағыттай беру нақты нәтижеге әкеле бермейді.
Мұндай жағдайда ғылыми еңбектерге сүйене отырып дәлелденген мәселе-
лерді оқуды мұғалімнің ӛзі ұсынуы, оқу құралдарындағы материалдарды
меңгеруге жағдай туғызуы керек. Осылайша әдебиетті оқытуда репро-
дуктивті әдісті қолдану қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: