А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет50/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Тӛртіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруда әр жанрдағы
мәтіндер қолданылады. Мәнерлеп оқуға тӛселдіру үшін поэзия жанрындағы 
шығармалар тұтас күйінде, ал проза мен драмалық шығармалардан үзінділер 
пайдаланылады. Әр жанрлық ӛзіндік ерекшелігіне сәйкес лайықты дауыс 
сазын алдын-ала белгілеу мәтін оқу жұмысын жүйелей түседі. Лирикалық 
ӛлеңдерде лирикалық кейіпкердің не автордың түрлі кӛңіл-күйі мәтінді соған 
сәйкес сазбен оқу қажеттігін аңғартады. Кейбір мысал ӛлеңдер мен драмалық 
шығармалардың диалогқа құрылуы мәтінді бірнеше рет құбылта оқу талабын 
байқатады. Шығарманың жанрлық ерекшеліктері мәтін оқудың ӛзіне тән 
дыбыстық ерекшеліктерін толықтай анықтап бере алмайды. Дегенмен, 
шығарманың жанрлық қырларын мәтін оқуда ескере отырып, автордың 
шығарма ӛзегіне ӛрген идеялық мазмұнына сәйкес дауыс сазын келістіре 
оқуға бағыттайды. Мәтін оқуда шығарманың жанрлық ерекшеліктерін де 
ескеруге дағдыландыру керектігін нұсқайды.
Бесіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыру үшін шығарма 
композициясы, ойдың мағыналық жіктері ескерілуі керек. Мәтіндегі ойдың 
мағыналық бӛліктері дауыс кідірістерімен беріледі. Ол үшін дауыс 
кідірістерінің ӛзін мақсатына қарай ажырата білген орынды. Дауыс логикалы 
кідірістер, грамматикалық кідірістер, психологиялық кідірістерге ажыра-
тылады.
Логикалық кідіріс кезінде сӛздің мағыналық салмағы рӛл атқарады. 
Оқылатын мәтіндегі сӛздің мағыналық жүгі ӛзгелерге қарағанда салмақты 
болған жағдайда, оған екпін түсіре оқу қажет болады. «Теңіз құшағына тез 
кіруге асыққан Ақжайық // тӛтелеу жерден жол салам деп // жарын талай 
сабалапты да, // шалқайып кейін бұрылыпты...»
1
Бұл мысалда қос сызықпен
таңбаланған логикалық екпіннің ұзақтығы әртүрлі. Логикалық екпін сӛйлем 
ішіндегі сӛздердің мағыналық бунағын ерекшелеуге де қызмет етіп тұр.
Грамматикалық кідірістер кӛбіне тыныс белгілермен беріледі. Тыныс 
белгілер грамматикалық кідірістердің дұрыс қойылуына жәрдемдеседі. 
Граматикалық кідірістер де әртүрлі реңкте болады. Мәселен, қос нүктеден 
кейінгі кідіріс пен сӛздердің біріңғай мүшелерінен кейінгі кідірістер бірдей 
емес. Кейде тыныс белгілерге қатысты граматикалық кідірістердің 
сақталмайтын тұстары да болады. Оның бәрі мәтіннің идеялық мазмұнына 
қатысты болып келеді.
Психологиялық кідіріс мәтіндегі кӛңіл-күй ӛзгерістеріне қатысты 
болады. Мәтіндерде алуан түрлі кӛңіл-күй болуы заңды: сүйсіну, қуану, шат-
тану, ашулану, сыздану, тістену, ызалану, ызғарлану, күйіну, таңырқау, таң-
дану, кекесін, жағыну, жарамсақтану, мысқыл, ажуалау, сенімсіздік, ӛксік 
үні, түңілу, дандайсу, самарқаулық, т.б. Осы кӛңіл-күйді беруде дауыс 
реңкін дӛп келтіру, мәтіннің эмоциялық жақтарын түсініп оқу, ой сезімін 
білдіре оқу маңызды. Осы кідіріс түрлерін мәтіннің композициялық 
1
Әдебиет. 5 сынып (Ғ.Мүсірепов. «Жаңа жостар»).– А., Атамұра.– 172 б. 


101 
бӛліктеріне қатысты оқу мәтінді оқушының тұтас, түсініп қабылдауына игі 
ықпалын тигізеді.
Алтыншыдан, мәтіндегі дауыс толқынының дұрыс қойылуы мәтінді 
тыңдап қабылдауда үлкен рӛл атқарады. Егер мәтін бірсыдырғы оқылса, 
тыңдаушыны тез жалықтырады. Дауыс ырғағын, сазын, дыбыс толқынын 
ӛзгертіп отыру тыңдаушыға жағымды әсер етеді. Дауыс толқыны дегенде 
кӛбіне сӛздердің арасындағы ырғақтық ӛзгерістер деп қабылдау басым. 
Негізінде дауыс толқындары сӛздің буын ішінде де құбылып қолданылады. 
Мысалы,
«Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы...» деген тармақтарда «сӛз

дің» деген 
екі буынның ортасындағы толқын ӛлеңнің басқа емес дәл осы сӛздің 
патшасы екендігін нақтылай, естірте айтылуына кӛмектеседі. Келтіріп отыр-
ған екі тармақтағы дәл осылай ырғақ түсіріле оқылатын сӛздерге «сӛз сара-
сы» дегендегі «сӛз», «қиыстырар» деген дауыс толқынында құбыла оқылатын 
сӛздерді келтіруге болады.
Мәселен, М.Жұмабаевтың 6 сыныптағы «Мен кім?» ӛлеңінің бір 
шумағын интерактивті тақтадан кӛрсетейік. Бұл мәтін тыңдаушылардың ал-
дына таратылған. Алғашқы тапсырма мәтінді оқу барысында дауыс кідіріс-
терін ажыратып белгілеу.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Кӛкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жӛнін кім сұрар?
1
Осы бір шумақ ӛлеңнің ӛзінде дауыс екпіні мен кідірістері кӛп. Дауыс 
екпіні әр сӛздің айтылу мақсаты мен ішкі мәніне байланысты ӛзгеріп 
отырады. Ақынның бұл ӛлеңі жеке кейіпкердің ӛзі туралы ойы ғана десек 
қателесер едік. Ақын даралық және жалпылық мағынаны қатар қолданады. 
Лирикалық кейіпкер үнінде қайсар рухты, ӛр мінезді халықтың ӛкілі ретінде 
дара тіл қату да бар, сол халықтың ӛзі атынан жалпы тіл қату да байқалады. 
Сондықтан алғашқы «арыстанмын» сӛзіне екпін түседі әрі қазақ тіліндегі 
екпін ерекшелігі сәл құбылып, сӛздің үшінші буынына түседі. Келесі «айба-
тыма» сӛзіндегі екпін соңғы буынға түседі де сәл соғыла оқылады. Келесі 
бунақтағы сұрау есімдігі кӛтеріңкі айтылады. Әдетте сұраулы сӛйлемдерде 
дауыс екпіні соңғы сӛзге түсіп, кӛтеріле айтылады дейтін қағида мәнерлеп 
оқу барысында әр мақсатқа қарай ӛзгеруі мүмкін. Мына жағдайда дауыс 
екпінін арқалап тұрған соңғы «шыдар» сӛзі емес, сұраулы мәндегі «кім» сӛзі. 
Ал келесі тармақтағы бірінші «Жолбарыспын» сӛзіндегі екпін соңғы буынға 
түседі. Бұлай дауысты құбылту тыңдарманға әр сӛзді жақын таныту, естірте 
оқу мақсатынан туындайды. Дәл осы сияқты шумақ соңындағы буында екпін 
сұраулық есімдікке емес соңғы сӛзге түседі. Тыңдаушы осы ерекшеліктерді 
ажырата білуі керек.
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра, 2013.- 91 б. 


102 
Келесі кезекте осы кідірістердің ұзақты-қысқалы мӛлшерін айқындау 
тапсырылды. Қысқа кідірістер бір таяқша, ұзақ кідірістер екі таяқша қою 
арқылы белгіленеді.
Ендігі кезекте мән берілетіні – екпін. Екпін түскен сӛздерді белгілеу 
тапсырылады. Екпін түскен сӛзді бағыттаушы белгімен кӛрсету керек. 
Екпінде дауыстың кӛтерілуі мен бәсеңдеуіне байланысты бағыттаушы 
таяқшаны тӛмен қаратып немесе жоғары қарата бағыттауға болады. Ал 
логикалық кідіріс жасалған сӛздің асты сызылады.
Арыстанмын, //

айбатыма /

кім шыдар? 
Жолбарыспын, /

маған қарсы кім тұрар? 
Кӛкте – бұлт,// жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі/ - желдің жӛнін кім сұрар? 

Мәнерлеп оқуда ескеретін бір мәселе мәтіндегі кідірістер мен екпін 
оқушы адамның мақсатына қарай ӛзгеріп отыруы да мүмкін. Мысалы 
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» ӛлеңін алайық:
Арыстандай айбатты/, 
Жолбарыстай қайратты/, 
Қырандай /күшті қанатты //— 
Мен жастарға //сенемін! 
Кӛздерінде/ от ойнар, 
Сӛздерінде /жалын бар. 
Жаннан қымбат /оларға ар, 
Мен //жастарға сенемін! 
Жас қырандар/ — балапан, 
Жайып қанат, ұмтылған./ 
Кӛздегені /кӛк аспан,/ 
Мен жастарға //сенемін!
Ӛлеңдегі әр шумақта қайталанып тұрған «Мен жастарға сенемін» деген 
үш сӛз үш шумақта әрқилы оқылуы мүмкін. Сӛзге екпін түсіру сол сӛзді 
айшықтап кӛрсетуді білдіреді. Ал осы үш сӛзге де ӛзгесінен дербес жеке 
екпін түсіру арқылы мәнін ерекшелеуге болады. «Мен жастарға сенемін» 
бірінші шумақта ақынның жастарға сенімі туралы баса айтылса, келесі 
шумақта «Мен жастарға сенемін» сӛзіне екпін түсіру арқылы жеке 
сенімділігін нықтай түседі. Ал үшінші шумақта «Мен жастарға сенемін»
сенімді шегелей айту басым.
Мысалға алып отырған екі ӛлеңде де ақынның отаншылдық сезімі мен 
асқақ рухы сезіледі.
Кӛркем шығарма табиғаты әралуан. Шығарманың тақырыбы мен 
идеялық қабатында ӛмірдегі әртүрлі ұғым-түсінік, кӛрініс, кӛңіл-күй, сезім 
болуы заңды. Мәнерлеп оқудағы мақсат – шығарманың осындай дара 
ерекшелігін тыңдарманға жеткізу, терең таныту. Шығармадағы әр сӛз таным 
дүниесінде жеке таңба. Ол сол таңбалардың тағылымдық мәнін жарқырата 
кӛрсету үшін шебер оқуды қажет етеді.


103 
Мәнерлеп оқу шығармадағы сӛздердің мән-мағынасын айқындаумен 
қатар, тұтас шығарманың композициялық құрылымын тануға да ықпал етеді. 
Абайдың «Жаздыкүн шілде болғанда» ӛлеңін оқу барысында композициялық 
бӛліктерін дауыс ырғағымен ерекшелей оқып кӛреміз.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Кӛкорай шалғын, бәйшешек
бәйшешек образы 
Ұзарып ӛсіп толғанда;
Күркіреп жатқан ӛзенге кӛшкен ауыл образы 
Кӛшіп ауыл қонғанда: 
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап, ауыл малының бейнесі 
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-тӛмен үйрек, қаз құстар
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап, қыз-келіншек образы 
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Кӛңiлі жақсы жайланып, бай образы 
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап.
Сабадан қымыз құйдырып, 
Ортасына қойдырып ауыл ақсақалдары
Жасы үлкендер бір бӛлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала
Жағалайды шешесін: қазан-ошақ басындағы
Ет әпер деп қыңқылдап.... кӛрініс 


104 
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп, жалшы образы 
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белденген, 
Асау мініп теңселген, жылқышылар образы 
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңмен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған. 
Жас бозбала бір бӛлек 
Су жағалап қутыңдап. 
Қайырып салған кӛк құсы, аңшылық еткен бозбала
Кӛтеріле бергенде, 
Қаз сыпырса жарқылдап.
Ӛткен күннің бәрі ұмыт, 
Қолдан келер қайрат жоқ,
Бағанағы байғұс шал шалдың образы 
Ауылда тұрып күледі, 
Қошемет қылып қарқылдап. 
Кӛшпелі ел ӛмірінің жазғы пейзажын бейнелейтін ӛлең мәтінінде 
суреттеп айту ырғағы басым. Ӛлеңді оқығанда логикалық ой кідірістері мен 
дауыс құбылыстары ӛлеңнің біз кӛрсетіп отырған композициялық бірлік-
теріне байланысты ӛзгеріп отыруы маңызды.
Мәнерлеп оқуға үйреткенде мысал ӛлеңдермен жүргізілетін жұмыстың 
тиімділігі жоғары. Себебі онда оқиға, кейіпкерлердің әртүрлі кӛңіл-күйі 
беріледі. Кейде мысқыл, келемеж, күлкі, ӛсиет-ӛнеге болады. Оларды дауыс 
ырғағы арқылы келтіру үйренушіге үлкен сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет