Әдебиет пәнінің танымдық, тәрбиелік, тұлға қалыптастыру-
шылық рөлі. Әдебиет — ӛнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет
— жан-жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын
дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жараты-
лыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, заңылықтармен
шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жол басшы бола
алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элемент-
тердің бұлжымас ережелері жоқ. Белгілі бір шығарманы әр қырынан тануға,
талдауға болады. Кӛркем шығарманы қабылдауда әртүрлі болуының бірнеше
себебі бар: біріншіден, сол шығарманы қабылдау жолындағы оқушының ой,
ӛресі, дүниетанымы, бұған дейінгі жинақтаған білім қоры, яғни әдебиеттану
ғылымынан алған білімі ықпал етеді, екіншіден, әдебиетте сӛздің қасиеті
ақпарат жеткізуші қызметтен әлдеқайда терең мазмұнда, бірнеше функцияда
танылады, сӛз адамның сана-сезіміне әсер ете отырып, белгілі кӛңіл-күй,
сезім, сурет, кӛрініс ӛмір бейнесін жасап, адамның эмоциялық қабылдауына
түрткі болады. Эмоциялық қабылдау да әр адамда әр түрлі. Бір шығармадағы
бір кӛріністің, бір сәттің ӛзін әр адам әр түрлі сезіммен қабылдайды.
Әдебиеттанудан білім дәрежесі бірдей адамның ӛзінің сезімі мен түйсінуі
әртүрлі. Бірнеше адамның оқуындағы бір ғана үзінді әр санада бірнеше сурет
құрайды. Бұл адамның ішкі сезім мен сезіне білу мәдениетіне, қасиетіне
байланысты. Үшіншіден, санадағы қабылдау мидың тек бір ғана бағыттағы
жұмыс әрекеті ғана емес. Санаға берілетін білім тек миға еніп қана қоймай,
сол санаға ӛзіндік сәулесін түсіреді. Кӛркем дүниенің осы қасиеті психолог,
педагогтардың еңбектерінде айтылады. Ӛнерді биік бағалған Абай:
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды – дейді
2
.
Әр заманда адамдардың түсінігі мен кӛзқарастарына, әлеуметтік ортасы
мен сенім, түсініктеріне байланысты да танып, түсіну әралуан болады. Себебі
кӛркем шығармада бір ғана идея, бір ғана қасаң қағида болмайды.
Замана, шаруа, мінез күнде ӛзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида (шарт, ереже) шариғаты ӛзгерсе де,
1
Педагогикалық ізденіс.–А., Рауан, 1990.
2
Абай. Ӛлеңдер мен аудармалар, қара сӛздер 2 том. –А., Жазушы,1995. –11 б.
11
Тағриф (түсіну, білу, анықтау) Алла еш жерде ӛзгермеді,
1
– деп
Абайдың айтқан ойын кӛркем әдебиет мысалында қарастырар болсақ, кӛркем
шығармадағы идеология, кӛркемдік әдіс әртүрлі болғанымен, адами
құндылықты, ақиқатты тануға деген ұмтылыс әр заманда да бірдей. Кӛркем
шығарманы танудағы ғасырлар бойы сақталып, ӛзгермей келе жатқан рухани
ӛмірдің ӛзегі — жалпы адамзаттық қағида, адамзаттық мәселе. Ол мәңгі
ізденістерді қажет ететін, ӛзінің ӛзектілігін жоймайтын, керісінше күн санап
ашыла, іргесі кеңи беретін мәңгілік мәселелер. Қазақ әдебиетінде кӛрнекті
тұлғаларымыз Абай, Мұхтар, Мағжан т.б. еңбектері туралы қаншама
зерттеулер жарық кӛрді. Соған қарамастан күнбе-күн жаңа қырынан
танылуда. Әлі де жарық кӛре береді. Таптым, таныдым дегендердің ӛзі әлі де
кӛптеген зерттеулер мен ізденістерді қажет етеді. Әдеби құндылықтар
сарқылмас теңіз сияқты, тереңіне бойлаған сайын жаңа сырлары ашыла
түседі. Себебі, әдебиет — ӛнер туындысы. Ой, ойлау, ойланту кӛптеген
пәндерге тән, табиғи нәрсе. Бірақ әдебиеттің ӛзіндік ерекшелігі сол, басты
назарға алынатыны — ӛзіндік ойлау, ӛзіндік пікір.
Жоғары сыныптарда әдеби тұлғаларды оқытуда оқушылар оқулықтағы
жазушы пікіріне кӛбірек жүгінетіні кездеседі. Әдебиеттану ғылымының қол
жеткізген жетістіктерін білу, әрине, ағаттық емес. Дегенмен әдеби үдерістегі
сол шығармашылық тұлғаның ерекшелігін тану үшін автордың ӛз
шығармаларын оқу, салыстыру, талдап, тану аса маңызды. Кітап оқуға деген
белсенділіктің бәсеңдеп тұрған қазіргі кезеңінде оқушыларға автордың тӛл
туындыларын оқыту мұғалім тарапынан аса үлкен жауапкершілік пен
ізденісті қажет етеді. Сол себепті әдебиет пәнін оқытуда белгілі бір шығарма
бойынша жазылған ғалымдардың не оқулық авторының пікірін айтқызуға,
қайталауға, мазмұндауға жол беру оқушыны ізденбеуге әкеп сағады. Оқулық
авторларының пікірлері оқушының ӛз ойы мен кӛзқарасын дәйектеуге ғана
қызмет етуі тиіс. Белгілі бір шығарманы оқушының ӛзіне оқытып, ӛз пікірі
мен қабылдауына баса назар аударылса, әлдеқайда тиімділігі артады.
Әдебиетті оқытудың басқа пәндерден айырмашылығы, күрделілігі де осында.
Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыт, қиялдау, армандау,
еліктеу – әртүрлі психологиялық күй әдебиет пәнінде ерекше кӛрінеді. Яғни,
әдебиет жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі
эстетикалық пән.
Жоғарғы сыныпта оқытылатын авторларды айтпағанның ӛзінде орта
буын сыныптардың ӛзінде ӛтілетін шығармалар біршама кӛлемді болып
келеді. Сыныптағы сабақ мерзімінде түгел оқып шығу мүмкін емес.
Сондықтан кӛбіне әдеби шығарманы үйде оқушы ӛздігінен оқып келуге
тиісті. Шығарманы үйде оқуды ұйымдастыру мұғалім үшін аса бір қиын да
жауапты іс. Оқушының кӛркем шығармаға қызығушылығын ояту ата-ана мен
мұғалім тарапынан үнемі үздіксіз жүргізілетін іс-шара. Бастауыш және орта
буын сыныптарда оқылған шығармалармен жүргізілген жұмыстар белгілі бір
дәрежеде оқушының келешекте кітапты сүйіп оқуына немесе керісінше,
1
Абай. Ӛлеңдер мен аудармалар, қара сӛздер 2 том. –А., Жазушы,1995. –111 б.
12
мүлде қаламауына әкелетін жол басы деуге болады. Шығарманың үйде
оқылатын бӛлігінің оқылған-оқылмағанын мұғалімнің үнемі қадағалап
отыруы оқушының жауапкершілігін арттыра түседі. Әйтсе де, оқушылардың
кейбірі мектеп бағдарламасындағы шығармалар ауқымында қалып, тек
мұғалімнің талап еткен шығармаларын ғана оқуды міндет санайды. Ал кей
оқушылар сол алғашқы бастау мен баспалдақтан ілгері жылжып, нағыз
кӛркем әлемге ену мүмкіндігіне ие болады. Оқушыныны кӛркем әдебиетті
оқуға қызықтырудың тәсілдері кӛп: соның бірі, шығамадан үзінді оқып,
үзіндінің қай шығармадан алынғанын тапқызу немесе кейіпкердің сӛзін
жасыру, сияқты сұрақ-тапсырмалар арқылы оқушының шығарманы оқыған-
оқымағанын анықтауға болады әрі оқуға деген ынтасын кӛтеруге болады.
Шығарманы талдау да шығарма мазмұнына бойлауға, оны түсінуге жете-
лейді. Белгілі бір дәрежеде мазмұны танылған шығарманы тереңдеп талдау
оқушыларды кӛптеген әрекеттерге жетелейді. Оқушының аналитикалық
ойын дамытады. Кӛркем шығармадағы символ, деталь арқылы талдата
отырып, болымсыз нәрседен ауқымды ұғымға жетелеу, шығарманың ішкі
астарын ашу оқушыны іздендіреді, қызықтырады. Қалай болғанда да мұға-
лімнің шығарманы оқытуға деген ізденісі мен жүйелі еңбегі жеміс берері
анық. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуда табанды еңбек пен жүйелі жұмыс
нәтижелі болады. Әдебиетті түсініп, түйсінетін ұстаздың оқытуы да сабақтың
нәтижелі болуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |