А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет45/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118
Эвристикалық әдіс. 
Эвристикалық әдіс ішінара ізденіс әдісі деп те 
аталады. Мұнда да негізгі оқу материалы — кӛркем шығарма. Кӛркем шығар-
маны оқығандағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдету 
кӛзделеді. Кӛркем шығарманы талдағанда, әдетте жазушы кӛтерген адамгер-
шілік, әлеуметтік, қоғамдық, философиялық проблемаларды қозғайды. Оқу-
шыларға жазушы кӛтерген сол проблемаларды байқап, оларды шешудің 
жолдарын іздестіріп, шығарманың кӛп қыры мен құрамының негізгі бірлігін 
танып, негізгі ойын саралауға, ой түюге, ойын талдап, дәлелмен жеткізуге 
жолбасшы болу мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады. Бұл әдіс кӛбі-
несе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Оқушылар эвристикалық әңгі-
меден белгілі бір дағды алған кезде оны жеке тапсырмалармен алмастыруға 
да болады. 
Бұл әдіске тән әдістемелік тәсілдер: 
1.Логикалық анық сұрақтар жүйесін құру (кӛркем шығарма мәтінін 
талдау, сыни мақалалар, теориялық немесе тарихи-әдеби сұрақтар негізінде). 
2.Кӛркем шығарма мәтіні немесе сыни мақала, иллюстративті ма-
териалдар арқылы бүкіл топқа немесе сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру. 
3.Мұғалімнің не оқушының ұсыныстары бойынша шығарма мазмұ-
нына сай проблема қою, сол проблема тӛңірегінде пікір сайыс ұйымдастыру. 


83 
Эвристикалық әдіс оқушыларға кӛркем шығарманы талдау жолдары 
мен әдістерін, әдеби процес пен әдебиет теориясы мәселелерін білуге жәр-
демдеседі. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауын дамытады, ӛздігінен білім 
алуына кӛмектеседі.
Эвристикалық әдіс кезіндегі оқушы қызметі:
1.Мұғалім сұрақтары мен тапсырмаларына кӛркем шығармадан, сыни 
мақаладан немесе оқулықтан, басқа да кітаптардан материал жинау; 
2.Ішінара талдай отырып оқиғаны баяндау; 
3. Мұғалім тапсырмасы бойынша эпизодқа, сценаға, барлық шығармаға 
талдау жасау; 
4.Шығарманың бӛлігіне немесе тұтастай ала отырып талдауға тиімді 
болу үшін жоспар құру; 
5.Шығарманың кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау; 
6.Кейіпкерлерді, 
оқиғаларды, пейзажды, тілдік ерекшеліктерін 
салыстыра отырып талдау; 
7.Шығарманы талдау барысын конспектілеуге, шығармаға, баянда-
маға, кең түрдегі баяндауға кӛмектесетін жоспар құру; 
8.Кӛтерілген проблема тек әдебиеттану мәселелерін ғана емес, сондай-
ақ барлық ӛнер түрін қамтитындай болуы керек. 
Зерттеу әдісі.
Зерттеу әдісінің негізгі мақсаты — оқу материалының
сабақта қарастырылмаған кейбір жаңа аспектілерін ашу, шығармаға ӛз 
бетінше талдау жасау қабілеттерін жетілдіру, шығарманың идеялық-кӛркем-
дік салмағын танып, әдеби талғамын дамыту болып табылады. Оқу 
тапсырмалары мен қызметі жағынан зерттеу әдісі эвристикалық әдіске жақын 
келеді. Ӛзгешелігі мыналар: эвристикалық (ішінара зерттеу) әдісінде мұғалім
жекелеген тапсырмалар жүйесін құра отырып, шығарманы талдау жолына 
оқушыларды бағыттап отырса, зерттеу әдісінде талдау жолдары мен зерттеу 
әдістерін, талдаудың негізгі бағыттарын, негізгі кӛзқарастар мен шығарма-
ның идеялық құндылығын тану бағытын білетін оқушы күрделі тапсыр-
маларды ӛздігінен шеше отырып, ӛз дәлелдері мен дәйектемелерін, сын 
пікірін білдіреді.
Зерттеу әдісін күнделікті сабақта, әсіресе семинар сабақтар жүйесінде, 
әдеби конференцияларда, оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының қорытынды-
сын бекіту мақсаттарында қолданады.
Зерттеу әдістерінің тәсілдері: 
1.Мұғалімнің бүкіл сыныпқа кӛтерген проблемасы, бұл проблема-
лардың кейбір аспектілері топтарда немесе жеке топшаларда қарасты-
рылады; 
2.Мұғалім семинар сабақтарына жеке тақырыптар дайындайды, ал 
оқушылар қызықты, қажетті тақырыптарға баяндама жасайды; 
3. Мектеп бағдарламасы бойынша ӛтілмеген, сыныптан тыс шығарма-
лар немесе оқушылардың ӛздері таңдаған шығармалар бойынша талдау 
жүргізу; 
4.Кӛтерген тақырыптары немесе қойылған проблемалары ұқсас екі не 
бірнеше шығарманы қатар ала отырып салыстыра талдау жасау; 


84 
5.Кӛркем шығарманы оның сахналық қойылымымен салыстыру; 
6.сахналық қойылымға ӛзіндік баға беру; 
7.Киноқойылымға, кӛркем ӛнер, бейнелеу ӛнері туындысына, радио-
қойылымға, ӛлкелік зерттеу жұмыстарына баға беру; 
8.Оқушы пікірлері, кӛзқарастарының қорытындылары баяндама, 
шығарма түрінде, сынып сағаттарында, пікір-сайыстарда айтқан ойлары 
арқылы, мектептің әдеби үйірмелері мен қабырға газеттерінде, әдеби жур-
налдарында жазған мақала түрінде кӛрінеді. 
Аталған әдіс негізінде тек мұғалімнің басшылығымен ғана оқушы 
нақты әдебиеттану ғылымының негізгі әдістерін жете меңгере алады. Зерттеу 
әдісінде оқушының шығарманы талдауы жолын меңгеруіне, ӛз пікірін, 
кӛзқарасын нақты дәлелмен жеткізуіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Бұл әдіс 
оқушылардың кітапхана қорын, кітаптар тізбегін дұрыс пайдаланып, ӛзіне 
қажетті кітапты таба білуге, нақты деректі қолдана алуға, ӛзін қызықтырған 
материалды тиімді қолдана алуға, оны конспектілеуге, дәйексӛз алу, ӛз 
пікірін басқа кӛзқарастармен дәйектей білуге, ӛзінің ауызша, жазбаша 
баяндамасын жоспарлай алуға үйретеді. 
Эвристикалық әдіс пен зерттеу әдісін дұрыс пайдаланған жағдайда 
оның оқушылардың ойлау қабілетін оқу пәні негізінде жұмыс әрекеті мен 
білім, білігін жетілдіретіні анық. Дегенмен кеңес мектебі тәжірибесінде 
аталған әдістер ӛз дәрежесінде соншалықты жиілікпен жүргізіліп, кӛп нәтиже 
берді деуге келе бермейді. Ӛйткені аталған әдістердің ӛзіндік қиындықтары 
да жоқ емес. Себебі оқушылардың ӛзіндік білім алып белгілі бір тақырып 
тӛңірегінде ізденуіне кӛптеген факторлар кері әсер етеді: біріншіден, жалпы 
білім беретін мектептердің уақыт мӛлшері оқушылардың ӛздігінен ізденуіне 
мүмкіндік туғызбайды; кейбір тарихи-әдеби деректер ойлану, толғануды 
қажет ете бермейді, ал энциклопедиялық еңбектер мен терең ғылыми
еңбектерге оқушыларды бағыттай беру нақты нәтижеге әкеле бермейді. 
Мұндай жағдайда ғылыми еңбектерге сүйене отырып дәлелденген мәселе-
лерді оқуды мұғалімнің ӛзі ұсынуы, оқу құралдарындағы материалдарды 
меңгеруге жағдай туғызуы керек. Осылайша әдебиетті оқытуда репро-
дуктивті әдісті қолдану қажеттілігі туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет