А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет60/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118
әдебиет теориясынан талдау
жұмыстары арнайы жүргізіл-
мейді. Кӛбіне мектеп бағдарламасында ұсынылған ұғымдар ғана әдеби 
шығарманың ығында қоса меңгерілуі міндеттеледі. Алайда әдебиет 
теориясымен қаруланбайынша, кӛркем әдебиетті жете түсіну қиын әрі 
мәтінді сауатты талдау да мүмкін емес. Мектеп тәжірибесінен байқалатыны 
оқушыларымыз мәтін талдауда теориялық білімнің тӛмендігінен шығарма-
ның кӛркем компоненттерін тауып, жүйелеуге, кӛркемдік тәсілдерді 
саралауға шорқақ. Кӛбіне мәтінді баяндауға бейім келеді. Шығарманың 
кӛркем компоненттерін талдау бағытында әдістемелік еңбек жазған әдіскер 
Т.Ақшолақов та мәтіндегі кӛркем компоненттерді терең тану үшін сыныптық 
сағаттардың жетімсіздігін орынды ескертеді.
1
Сабақ барысында әдеби-
ториялық ұғымдардың анықтамасын айтқанымен, сол айтылған кӛркемдік 
тәсілдерді мәтіннен табу, сол кӛркемдік құралдың қызметін тану машығы 
қалыптаспай келеді. Сондықтан әдеби жанрлардың ерекшелігін, образ, 
образдылық т.б теориялық ұғымдарды тануда, әдеби мәтінді талдауға қажетті 
әдебиет-теориялық құралдар туралы арнаулы сағаттарда теориялық талдау 
сабақтарын ұйымдастыру қажеттігі байқалады. Белгілі бір шығармалар 
шоғырын немесе монографиялы оқылатын шығармашылық тұлғаларымызды 
оқытқаннан кейін теориялық талдау сабақтарын қоюға болады. Теориялық 
талдау сабақтарын сыныптан тыс ұйымдастыруға, оқушының ӛздік 
жұмыстары мен әдеби жобаларына нысан ету де оқушының әдебиеттану 
ғылымына ынтасын кӛтеретін амал деп танимыз.
Ал 
стильдік талдауды
әдебиет сабағында жүргізудің мүмкіндігі мол. 
Стильдік талдау әдебиет пәні мен қазақ тілі пәніне ортақ нысан болып 
есептеледі. Стильдің пәнаралық байланыстылығы бұл бағыттағы жұмысты 
жан-жақты жүргізуге жағдай туғызады. Қазақ тілі сабағында стильдік 
түрлерін жақсы таныған оқушы әдеби стиль ерекшеліктерін саралауда 
қиналмаса керек. Қаламгердің стилін таныту монографиялы оқуда оңтайлы. 
Бұл бағыттағы сыныптық, сыныптан тыс немесе оқушының жеке бағы-
тындағы талдау жұмыстары олардың ізденімпаздық әлеуетін, тілдік қорын, 
сӛйлеу мәдениетін кӛтеруге септігін тигізеді.
Кӛркем деталь арқылы талдау
қаламгердің ӛзекті ойын айқындау, 
ұстанымын тану әр текті шығармалармен жүзеге асырылады. Кӛркем 
шығарманы талдауда детальдің маңыздылығына ерекше тоқталған әдіскер 
Е.Н.Ильин. «Достоевскийдің раскольникові болса кемпірді ӛлтіргеннен кейін 
түк қалдырмай: балтаны да, қолының да, пальтоның да қанын жуды... Әйтсе 
де оның бойында қан қалып қойды. Суреткер кемеңгерлігі қайда қалдыруды 
біледі – қан етіктің тесігінен шығып тұрған кір шұлыққа тамды... Құдай-ау! 
Соншама «түкке тұрмайтын нәрсемен» қаншама жайт айтылып тұр»
2
. Осы 
аталған заттық ұғымдар – деталь. Бірақ ол сол шығарманың барлық 
әлеуметтік, психологиялық, философиялық, адамгершілік мәселелерін 
1
Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту /әдістемелік нұсқаулық/ 
А., Рауан, 1998.
2
Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. Б. 215-290.


115 
кӛтеруге таптырмайтын түрткі. Е.Н.Ильин. «Бәлкім «деталь» дегеніміз жалын 
лаулайтын ұшқын шығар. Ірі, ұлы атаулының қайнарлары кіші нәрселерден 
басталатындығына ӛнер талай рет дәлел болды. Дүние кішкентай 
түйіршіктерден тұрады. Бір ғажабы, шынайы ӛнер ӛз табиғатында мылқау 
келеді. Міне осы сӛзге сараң «мылқау» құралдарды ол әдебиет сабағына 
детальға зер салу арқылы тарту етеді. Текстің титтей торынан тұтас қалпына 
дейін талдаудың ӛзіндік әдісіне итермелейді. Сонда деталь текстің үлкенді-
кішілі құрылымдарын талдаудың конструкциялық элементтеріне, кітапқа 
қарай тартымды бір қадамға айналады» деп жазады
1
.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбайға берілетін 
портретке зер салып кӛрейік: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының 
құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай кӛрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен 
бетіне, ұп-ұзын боп дӛңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір 
ӛңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау кӛзі, оның кӛтеріңкі жал-
тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай сақшыдай бағып, осы 
ӛңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ 
сергек қатал күзетші»
2
. Осы портреттік тәсілде ерекшеленетін детальдар: бір 
ӛңірдей бас, сол бастағы жалғыз кӛз. Кейіпкердің образын беруде портреттің 
ӛзіндік қызметі бары белгілі. Дегенмен, бұл деталь бір ғана образды беруден 
ӛзге кӛп жайлардан хабар білдіреді. Біріншіден, Құнанбайдың жеке бас 
ерекшелігі ретінде тануға болады, кейіпкердің болмыс, бітіміндегі ерекшелік; 
екіншіден кейіпкердің ішкі болмысынан хабар береді, үшіншіден, сол 
қоғамдағы қызметін, феодалдық топтың «сергек қатал күзетшісі» ретіндегі 
рӛлін байқатады. Осылайша бір ғана деталь романның тақырыптық, идеялық 
мәнін талдауға ықпал ете алады. Әрине шығармадағы детальдың барлығы 
терең талдауға апара бермесе де, шығарманың ауқымды алаңына шығаратын 
«титтей торын» дӛп басып таба білу, ойды ӛрбіте білу детальдық талдаудың 
ең басты шарты. Детальдық талдауға оқушылардың шығарманы жете 
меңгеруі, ӛз ойын дәйектей алу қабілеттері, шығарманы тұтас және жан-
жақты сараптай алу қабілеттері де үлкен рӛл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет