А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет78/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118
 
Кӛркем шығарманы оқытуда әдеби теориялық білімдерді сабақтың 
негізгі ӛзегіне айналдыру әдебиеттің сырын ұғынуға, оқу бағдарламасының 
талаптарына сай қазақ және туысқан халықтар, әлем әдебиетінің кейбір озық 
үлгілерінен терең білім қалыптастыруға жол басшы бола алады. Ӛзіндік ой-
тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға мүмкіндік 
жасайды. Алайда, бұл оңайшылықпен іске аспайтыны белгілі, оқушылардың 
білім алу кӛзі оқулық болғандықтан, әдебиет пәнінде берілген ақын-
жазушылардың еңбектерін, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ежелгі дәуір 
әдебиетін жан-жақты терең меңгеруде талдаудың рӛлі ерекше екені үнемі 
назарда болғаны орынды. Қазіргі заман талаптарына сәйкес әдеби білім 
мазмұны оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты құрылып, ұлттық құнды-
лықтары басым танымдық оқу материалдарының іріктеп берілуі ұлтжанды 
азамат, жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор.
Әдебиеттану ғылымына алғашқы баспалдақ мектептегі әдебиет пәнінен 
басталады десек, орта буын сыныптарда оқылатын әдебиет пәні сӛз ӛнерінің 
ӛзіндік ерекшеліктерін танытумен қатар әдебиет танудың алғашқы 
ұғымдарын да қалыптастырады. Әдебиет теориясынан берілетін алғашқы 
ұғым, түсінік оқушы үшін әдебиетті түсінудің, кӛркем шығарма табиғатын 
танудың кілті болып саналады. Мектепте әдебиет теориясынан берілетін 
білімнің дені әрі маңыздысы осы орта буын сыныптарды қамтиды. 
Сондықтан аталған сыныптарда әдеби жанр ұғымдарды қалыптастыру 
біршама күрделі. Әдебиет теориясынан берілетін білім мазмұнын орта буын 
сыныптарда танытып, бірте-бірте әдебиеттану ғылымының негізгі ұсты-
нымдары мен қағидаларын ұғына беруге дейін жетелеп отыру керек. Әдебиет 
теориясынан берілетін білім үнемі материалмен бірлікте түсіндірілуі қажет. 
Орта буын сыныптардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үдері-
сінде жалаң теорияны түсіндірмей, практикалық жұмыстармен қатар алып 
отыру маңызды. Яғни, теориядан мәтінге, практикалық жұмысқа бағыт-
талмай, керісінше мәтін арқылы теориялық ұғымға жетелеу қажет. Мәтін 
талдау кезінде теориялық қағиданы ӛзі шығара алатындай жағдай туғызу 
керек. Әр ғылымның негізі оның теориясында. Әдебиетті терең тану үшін, 
оқушылар теориялық ұғымдарды жақсы білуі әдеби білімге жолбастаушы. 
Сол себепті де теориядан берілетін ұғымдар мектеп бағдарламасында нақты 
әр тақырыптарға жіктеп берілген.
Орта мектепте кӛркем шығарманы талдау мәселесін зерттеудің мақсат-
міндеттерін дәйектеу педагогикалық-психологиялық ұстанымдарға негіздел-


155 
ген біртұтас жүйе арқылы жүргізілгенде ұтымды болатындығы байқалады. 
Ӛйткені, кӛркем шығарманы орта мектеп қабырғасында талдау мәселесін, 
ғылыми-әдістемелік негізде қарастыру сабақтың танымдық, тәрбиелік, 
дамытушылық мәнін жүзеге асырады. Соның нәтижесінде шәкірттерге 
қоршаған орта, ӛмір, адамдар жайлы әдебиеттен білім, білік, дағды берумен 
бірге, олардың жеке тұлға ретіндегі ӛмірлік танымдарын, жалпы түсініктерін 
толықтыра түсеміз. Осы ретпен жалпы білім беретін орта мектептегі жас 
жеткіншектердің дүниеге кӛзқарасын, сана-сезімін қалыптастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет