А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет41/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушылар білімді мұға-
лімнің сӛзінен, лекциясынан, оқу құралынан, оқулықтан, ғылыми еңбектен, 
сыни мақаладан дайын күйінде қабылдайды. 
Репродуктивті әдісті догма деуге болмайды, себебі дайын күйіндегі 
беріліп отырған материалдың ӛзі жаттанды түрде қабылданбай, саналы түрде 
меңгеріледі. Сонымен қатар білімнің беріктігі жаттап алуға ғана байланысты 
емес. Оқушылардың ойлау әрекетінің (интенсивтілігіне) ұшқырлығына да 
байланысты. Репродуктивті әдісте мұғалім кӛтерілген мәселені әр қырынан 
түсіндіре отырып, бұны шешудің әртүрлі жолдарын кӛрсетеді. Сол арқылы 
оқушы ойын дамытады. Мұғалім нақты деректерді дайын күйінде ғана 
ұсынбай, сонымен қатар оны талдаудың жолдарын да кӛрсетеді. Әңгімелеуші 
мәселен, шағын кӛлемді шығарманың, ӛлеңнің не жеке эпизодтың, кӛркем 
бейненің талдану үлгісін кӛрсете отырып, талдау жолдары мен әдістеріне 


85 
баса назар аудартуына, сол арқылы жеке тапсырмалар беруіне болады. Сонда 
репродуктивті әдісте тек ақпарат қана беріліп қоймайды, ӛнер мен ғылым-
ның дамуындағы жалпы білім қамтылады.
Репродуктивті әдіске тән тәсілдер: 
1.Жазушы ӛмірі мен шығармашылығы туралы мұғалім әңгімесі. 
2.Шолу лекциясы. 
3.Техникалық құралдарды қолдану, оқулық пен оқу құралы бойынша 
тапсырма. 
Оқушы әрекеті:
1.Лекцияның жоспары мен конспектсін жазу. 
2.Оқулықтан оқыған материал, сыни мақала бойынша конспект, тезист 
жазу, жоспар құру, синхронды таблица құру, дайын материал бойынша 
баяндама жасау т.б. 
Оқушы берілген материалды саналы түрде қабылдап, әр мәселе 
тӛңірегінде ойлана алатын болса, аталған әдіс оқушыны кӛп білім қорымен 
қаруландыра алады.
Аталған әдістердің қолдануында берілетін оқу материалының мазмұнын 
ескеріп, тек тиімдісін ғана қолданған дұрыс. 
Лекция әдісі. Лекция әдісі әдебиет пәнін оқытуда жиі қолданылатын 
әдістің түрі. Әдіскер-ғалым В.В.Голубков әдістердің қалыптасу тарихын 
зерделей келіп, лекция әдісінің ӛткен ХІХ ғ. Ресей гимназияларында, ХХ ғ. 
дамытылған мектептерде белсенді қолданылғанын атап ӛтеді. Лекция жоғары 
сыныптар мен жоғары мектепте бүгін де белсенді қоланылып жүрген 
әдістердің бірі. Лекция әдісі мен лекция сабақ бір-біріне ӛте жақын. Лекция 
сабақ — лекция әдісін жетекші орынға алу арқылы ұйымдастырылатын сабақ 
түрі. Лекция сабақтарының уақыт кӛлемі ӛтілетін сынып ерекшелігіне 
байланысты белгіленеді. Жоғары сынып оқушыларына 20-25, 30-35 минут 
лекция әдісін тиімді пайдалануға болады. Лекция әдісінің ӛзіндік 
ерекшеліктері мен тәсілдері болады. Лекция әдісінің ӛзіндік талаптары бар.
Лекцияның мақсат, міндеттері:
1.Сабақтың идеялық бағытын қамтамасыз ету;
2.Оқушыларға белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылыми ақпаратты 
жеткізу;
3.Ғылыми дәйектемелер, негіздемелер арқылы басты ақпаратты
ғылыми кең арнада таныту;
4.Дәрістің эмоциялық қабылдануын қамтамасыз ету;
5.Ойды ретімен жүйелі түрде ұсыну;
6.Басты ойлар мен пікірлерді, кӛзқарастарды ерекшелей кӛрсету;
7.Түсінікті тілмен баяндай білу; 
8.Жаңадан ұсынылатын терминдер мен атауларды түсіндіру. 
Лекция әдісінің тиімділігі бірнеше факторларға қатысты:
а) материалдың кӛлеміне;
ә) материалдардың мазмұнына;
б) берілетін уақыт кӛлеміне;
в) қойылатын сұрақтарға;


86 
г) кӛрнекі құралдарды іріктей білуге;
д) материалды қызықты етіп айта білуге т.б. 
Лекцияда түрлі құбылыстар мен идеялардың салыстырылуы, әртүрлі 
пікірлер, олардың ӛзіндік ерекшеліктері немесе тұжырымды қорытындылары 
мұғалім тарапынан сарапталып салыстырыла айтылуы қалыпты жағдай. 
Әдетте лекция мұғалімнің баяндауы арқылы жүзеге асырылады. Лекцияның 
жоспары алдын-ала қарастырылады, мақсаты мен қамтитын мәселелеріне 
қысқаша шолу жасап, дәріс алдында ұсынылады.
Лекцияның кӛрнекі құралдары, бейне материалдары слайдка түсіріліп, 
дәріс барысында оқу мазмұнына ілеспе түрде кӛрсетіліп отырады. Кейде 
лекцияның тақырыбына қарай оқу фильмдері, үн-таспа, мұражай материал-
дары да кӛрсетілуі мүмкін. Қалай болғанда да оқу материалын мазмұнды 
етудің барлық жолдарын қарастырған орынды. Лекцияның құрылымына 
қысқаша шолу жасасақ: 
1.Лекция жоспары (мақсаты);
2.Оқу мазмұнын иллюстрациялық материалдардың кӛмегімен сіңіру;
3.Эпизодтық талқылаулар;
4.Риторикалық сұраулар қою арқылы басты ұғымдарды түсіндіру;
5.Ең басты материалды ерекшелей кӛрсете отырып қайталап бекіту;
6.Тақырыптың ғылым кеңістігінде қарастырылу жайынан ақпарат беру;
7.Лекцияның басты материалына түйіндеме жасау;
8.Сыныптан қойылған сұрақтарға жауап беру;
9.Әдебиеттерге қысқаша сараптама жасау; 
10.Негізгі әдебиеттерді ұсыну;
11.Қосымша әдебиеттерді айту.
Лекция әдісімен сабақ жүргізген кезде оқушы зейінін аударарлық 
маңызды материалдарды немесе тұжырымды ойларды дауыс ырғағымен 
ерекшелеу маңызды. Әдетте мектеп лекциясында әңгімелеу, түсіндіру, 
баяндау әдістері алмасып келіп, сабақтың кей тұсында сұрақ-жауап, диалогке 
де жол беріліп отырады. Лекция әдісіне құрылған сабақта оқушылардың 
мотивациясы жоғары болуы сабақтың да тиімділігін асыра түседі. Оқушы 
ынта-ықыласын аудару үшін сол білімнің қажеттілігі мен оқушы тарапынан 
қызығушылығын арттыру бірнеше қосалқы әдіс-тәсілдерді қажет етеді. 
Сондықтан кей лекциядағыдай оқушы сұрағы лекцияның соңында ғана 
қойылып, талқылануы керек дейтін талаптың сақтала бермеуі түсінікті 
жағдай. Оқушы тарапынан жауабы күтілген мәселе, қажеттілігі туындамаған 
ой-пікір, ақпарат қана оқушы қызығушылығын оятады.
Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәнін оқытуда оқу мазмұ-
нының ерекшеліктеріне қарай лекцияның бірнеше түрі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет