25
кӛзі мен кӛкірегін ашу болған Ы.Алтынсарин ӛзіне дейінгі оқулық-хресто-
матиялардың ізімен «Қазақ хрестоматиясын» дүниеге әкелді. К.Ушинскийдің
(«Детский мир и хрестоматия», «Радное слова») Л.Н.Толстойдың («Азбука»)
шығармашылық тәжірибесін басшылыққа алған «Қазақ хрестоматиясы»
ӛзінің құндылықтарымен, ұғым, түсінік, табиғатымен толықтай қазақ бол-
мысына негізделіп жазылған жаңа типті оқулық болып дүниеге келді. Ӛзінің
әдістемелік бастамасымен де кейінгі оқулықтарға кӛшбасшы болды.
Негізінен орыс-қазақ мектептерінде А.Васильевтің «Букварь для
киргиз», А.Е.Алекторовтың «Русско-киргизская азбука» Л.Н.Толстойдың
«Азбука» сияқты орыс баспасынан жарық кӛрген оқулықтары қолданылды.
Сабақ кӛбіне діни оқуға бағытталғанымен, жазу, арифметика сияқты
пәндерді де қамтыды.
Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің
бастамасы бойынша 1876 жылы Торғай облысының инспекторы болып
Ы.Алтынсарин тағайындалып, бірнеше ауылдық мектептер ашылған.
1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің қаулысы бойынша ҚАССР құру
туралы қаулы қабылданып, қазақ жеріндегі Халық ағарту ісі кеңес үкіметінің
саясатына бағытталды. 1918 жылға 1 қазаннан бастап барлық бастауыш және
жоғарғы бастауыш училищелері, діни мектептер мен медреселер, тӛменгі
және орта дәрежедегі оқу орындары бірыңғай кеңестік еңбек мектебі болып
қайта құрылды. Оқу-ағарту ісіндегі қозғалыстың ықпалымен қазақ дала-
сында оқуға тартылғандардың саны ұлғая түсті. Мәселен, 1914-15 оқу жы-
лында мектепке тартылғандар барлық оқу жасындағы балалардың 7,5%
болса, 1920-21 оқу жылында 21,7% ға кӛтерілген. 1-5 сыныптардағы қазақ
оқушылары үш есе ӛскен.
Осы жылдары қазақ ӛлкесінде бірыңғай екі сатылы еңбек мектептері
қалыптасқан. Олар: мектеп-коммунарлар; ересек балалар мектебі, бастауыш
мектеп коммунарлары; Ф.З.О.; шаруа жастар мектебі т.б.
Кеңес мектептерінің кӛптеп ашылуы, кеңестік идеямен саясатты наси-
хаттау мүддесінен туындады. В.И.Лениннің мектеп саласындағы ірі буржуа-
зияны құлату жолындағы күрес екендігін, саясаттан тыс мектеп болмайды
деген ойынан да кӛрінеді. Мектептегі әдеби білім мазмұны да 1990 жыл-
дарға дейін кеңестік идеологияға қызмет етті.
Достарыңызбен бөлісу: