Ақ Алматы технологи


Дәріс 1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері



бет17/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
социология0

Дәріс 1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.

Саясаттану - политология – гректің «POLITIKE» және «LOGOS» деген сөздерінен құралған . Бұл сөздер мемлекетті, қоғамды басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Яғни саясаттану ғылымының зерттеу объектісі – саясат, саяси өмір, қоғамның саяси саласы.


Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.
Дәл осы жылдары АҚШ – тағы және басқа елдердегі саясат мәселелері бойынша әдебиеттердің орасан зор толқыны жарық көрді. Бұл өз кезегінде жаңа ғылым және білім орталықтар құрылып, көптеген жалпыұлттық және аймақтық саясаттанулық журналдар жарық көре бастады.
1956 жылдан бастап Францияда үкіметтің шешімі бойынша елдің университеттерінде “Конституциялық құқық және саяси институттар” курсы оқытыла бастады. Француз ғалымдарының саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесі айрықша зор. Әсіресе М.Дюверже, Б. де Жувенель, Ж.Бюрдо, Ж. Ведел, М.Прело, П. Фавралардың еңбегі саясаттану ғылымында өзіндік із қалдырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының дамуына ағылшын мектебінің өкілдері де өз үлестерін қосты деп атап өтуге болады. 1950 жылы Г. Ласк, Д. Брогэн, Ч.Уильсон, М.Окшоуттың ұсынысымен Бірлескен Корольдіктің саяси зерттеулер ассоцияциясы (БКСЗА) құрылды. Осы жылдан бастап Ассоцияция “Саяси зерттеулер” атты журнал шығара бастады және осы ұйым елдің 40 - тан астам университеттерінде саяси зерттеулер мен дәрістерді әлі күнге жемісті жүгізіп келеді. Бүгінгі таңда жоғарыдағы жураналдан басқа әлем мойындаған “Британ саяси ғылым журналы”, “Үкімет және оппозиция”, “Саяси тоқсандық ” және т.б. журналдар шығарып отыр.
Саясаттану ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан ендігі бір ел АФР болып табылады. Саясаттану ғылымы Алманияда ХХ ғасырдың 60 – 80 жылдарында кең қанат жайды. Бұл жетістік ең алдымен К.Байме, Г.Рормозер, Г.Люббе, К.Зонтхаймер, Г.К.Кальтенбруннерлердің еңбектерімен байланысты.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей
бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-І990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады.
Саясаттану – саяси өмір тәжірибесін, объективті саяси шындықты, субъективті саяси іс-әрекетті, саяси ойлау тәсілдерін және саяси процестерді теориялық тұрғыдан жүйелеуді қамтитын сан қырлы ғылым. Яғни, саясаттану – қоғамның саяси өмірін, саяси процестерді, ондағы таптардың, топтардың, ұйымдардың өкімет билігіне қатынасын және осыған байланысты өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының басты теориялары, концепциялары, идеялары қайта жаңғырып, жаңаша серпінмен дамыды. Бұл теориялар қатарында мына төмендегі теорияларды атап өту қажет секілді:
• Топтар және мүдделі топтар теориясы мен саяси күштердің тепе – теңдігі теориясы (Д.Трумен, Д.Истон, Р.Тейлор және т.б.);
• Демократия теориясы (Р.Даль, Дж. Сартори және т.б.);
• Элита және элитизм теориясы (Г.Ласуэлл, Р.Милсс, және т.б.);
• Билік, бақылау және ықпал теориясы (Дж.Кетлин, Ч.Мерриам, Г.Моргентау және т.б.);
• Қазіргі заманғы саяси жүйелер теориясы (Д.Истон, К.Фридрих, К.Дойч, Г.Шильс, Р.Арон және т.б.);
• Партиялық –саяси жүйелер теориясы (М.Дюверже,У.Д.Бернхэм, Дж.Санквист,К.Байме, және т.б.);
• Саясилық әлемін құрылымдық – функционалдық талдау теориясы (Т.Парсонс, Ч.Бернард, Р.Мертон және т.б.);
• Саясаттағы дау – жанжалдар мен ымырашылдық (конфликт және консенсус) теориясы (С.М.Липсет, Л.Каузер және т.б.).
Саясаттанудың әдістемелік негіздері және функциялары.
Кез келген ғылым секілді, саясаттану ғылымында да оның әдістемелік негіздері мен функцияларын анықтап алудың маңызы зор болмақ.
Саясаттанудың функциялары.
• Гносеологиялық (танымдық) - саяси өмірді шынайы бейнелеу, оның объективті байланыстары мен заңдылықтарын ашып көрсету;
• Аксеологиялық (баға беру) – саяси құбылыстарға талдау жасап, бағалай білу;
• Саяси әлеуметтендіру - азаматтық қасиеттерді, демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру;
• Реттеушілік басқару – саяси дамудың үрдiс, бағдарын бақылай отырып, қоғамдық оқиғаларды тиiмдi басқару үшiн нақты мағлұматтар беру;
• Жетілдіру - саяси өмiрдi ұтымды түрде жаңғыртуға бағыт сiлтеу;
• Болжау – озық саяси өзгерiстер жасауға бағытталған ғылыми негiзделген алдыңғы қатарлы ұсыныстар.
Саясаттанудың санаттары (категориялары).
Саясаттанудың категорияларына саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер жүйесi жатады. Олар қатарында көп қолданылатын терминдерге төмендегi категорияларды жатқызуға болады: «саясат», «саяси билiк», «саяси жүйе», «саяси тәртiп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмiр», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендiк», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «iшкi саясат», «сыртқы саясат» және т.б.
Саясаттанудың басты категориясы, негiзгi түсiнiгi- билiк тұтқасы, саяси билiк, мемлекеттi басқару нысаны. Ал саясаттанудың оқытатын пәнi – саяси билiктiң, билiк тұтқасының қалыптасу, қызмет атқару және өзгеру заңдылықтары. Саясаттану ғылымының теориялық және практикалық маңызы.
Саясатану ғылымы қоғамды демократияландыруға, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуына қызмет етеді. Әлеуметтік қамқорлықты басты қағида деп танитын нарықтық қатынастар экономикасына өту, демократияландыру үрдісін онан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру секілді алға қойған басты мұраттарымыз республика азаматтарына түсіндіруге ықпал жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет