Дәріс 12.Саяси сана мен саяси идеология.
Саяси сана- бұл қоғамдық сананың ерекшке бір формасы, саяси өмірдегі қарым-қатынастың өркениетті белгілері дәрежесінен көріну формасы.
Саяси сана- бұл топтардың, ұлттардың мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын уағыздап қолдайтын қоғамдық ойлар формасы. Оның бірі саяси идеология, таптық күрес, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау қажеттіліктерінен туындайды. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт- бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарыменсаналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.деңгейлерісаяси идеология Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.әдет-ғүрып Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси(1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс- әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат- мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1) Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
2) Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
3) Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;
5) Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Тарихта саяси идеологиялардың келесі түрлері қалыптасқан:
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалыққатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.идеологиядемократиялықэкономикалық Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалыққатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.идеологиядемократиялықэкономикалық
Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс- әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.
Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] -бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау.Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Оның жақтастары - АҚШ-та Рональд Рейган және Джорж Буш, Ұлыбританияда Маргарет Тэтчер, Германияда Ф.И.Штраус, Гелмут Коль, JI. Шпет. Жаңа консерваторлар 1980-ші жылдары жетекші Батыс елдерінде елеулі экономикалық дамуға қол жеткізді. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мемлекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерархия арқылы және әркімнің қоғам алдын- дағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәстүрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "европеизация", "атлантизация", "евро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты. Консерватизм ұлтшылдыққа да қатысты. Неоконсерватизмнің көптеген өкілдерінің пікірінше, өркениетгі елдер идеологиясы неоконсерватизм болатын "постлиберализм дәуіріне" өтті.
Консерватизм түрлі тарихи кезеңдерге орай өзгеріске ұшырап отырды. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары неоконсерватизм – жаңа консерватизм қалыптасты.
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, ал мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.
Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.
Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән:
а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;
ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;
б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;
в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;
г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.
Достарыңызбен бөлісу: |