10.3 Зертханалық жұмысты орындау реті 10.3.1 Процестің идентификаторын анықтау ps идентификаторын анықтау командасын қолданады. Егер барлық процестердің тізімін жіберу керек болса, онда –e параметрі қолданылады: ps – e.
10.3.2 Процестің орындалуын тоқтату үшін kill командасын қолданады: kill
. Процесс басқа да процестерді жүктей алады. Процесс пен оның барлық ішкі процесстерінің орындалуын аяқтау үшін kill командасының -9 параметрі қолданылады: kill -9
.
10.3.3 Графикалық бағдарламаның орындалуын тоқтату үшін xkill командасын қолдану керек. Оны жүктеу үшін Alt+F2 қолданылады, ашылған сұқбат терезеде xkill командасын енгізіп, Enter пернесін басамыз.
10.3.4 Компьютерде орындалып жатқан процестер туралы ақпараттарды экранға шығару үшін top командасы қолданылады.