А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет137/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

 
КӨПТІК ЖАЛҒАУ 
(Окончания множественности) 
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді: бала + лар, үй + лер, қыз + 
дар, сөз + дер, кітап + тар, мектеп + тер. 
Көптік жалғау – жалғаулардың ішінде сөзге бірінші жалғанатын 
қосымша: қаламдары, дәптерлерді, аналардан, қалаларға т.б. 
Көптік жалғау – негізінен зат есімге жалғанатын жалғау, бірақ ол 
басқа сөз таптарына да жалғана береді: адамдар, оқушылар, алтылар, 
сендер, ертеңдер, жақсылар, келгендер т.б. 
Соңғы дыбыс (конечный звук) 
Дауысты және үнді р, й, 
у (гласные и сонорные 
р, й, у) 
Ұяң з, ж және үнді л, м, 
н, ң (звонкие з, ж и 
сонорные л, м, н, ң) 
Қатаң және ұяң б, в, г, 
д (глухие и звонкие б, 
в, г, д) 
Алдыңғы буын (передний слог) 
Жуан 
(твердый) 
Жіңішке 
(мягкий) 
Жуан 
(твердый) 
Жіңішке 
(мягкий) 
Жуан 
(твердый) 
Жіңішке 
(мягкий) 
-лар 
-лер 
-дар 
-дер 
-тар 
-тер 
Ата+лар 
Әже+лер 
Қыз+дар 
Гүл+дер 
Дос+тар 
Тіс+тер 
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ 
(Окончания притяжательности) 
Тәуелдік жалғау меншіктілікті білдіреді, көбіне зат есімге жалғанады: 
менің кітабым, сенің үйің, оның ағасы, Әсеттің әні т.б. 
Меншікті зат тәуелдік жалғауында тұрғанда, меншікті заттың иесі ілік 
септік жалғауында тұрып, екеуі үнемі бір сөз тіркесін жасайды. Мысалы, 
оның кітабы, сенің киімің, сіздің дәптеріңіз, біздің малымыз. 


145 
Тәуелдік жалғауы жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде 3 жақта 
қолданылады: 
Менің балам, үйім, қаламым.
Біздің баламыз, үйіміз, қаламымыз. 
Сенің балаң, үйің, қаламың. 
Сендердің 
балаларың, 
үйлерің, 
қаламдарың. 
Сіздің балаңыз, үйіңіз,
Сіздердің балаларыңыз, үйлеріңіз, 
қаламыңыз.
қаламдарыңыз. 
Оның баласы, үйі, қаламы.
Олардың балалары, үйлері, қаламдары. 
Тәуелдік жалғау орыс тілінде жоқ. Меншіктілік (мой дом, твой дом) 
және ілік септік арқылы (родительный падеж: дом брата, дом сестры) 
беріледі. Бірақ есімдік (притяжательное местоимение) те, ілік септік не 
меншікті заттың иесін білдіреді, меншікті зат атау тұлғада тұрып ол 
сөздермен тіркеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет