А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Модаль сөздерді молынан қолданып, Қазақстанның



Pdf көрінісі
бет73/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

4-тапсырма. Модаль сөздерді молынан қолданып, Қазақстанның 
Батыс өңіріндегі мұнай өндіру саласына байланысты БАҚ-та 
көтерілген мәселелер туралы әңгімелесіңіздер (итбалықтардың 
қырылуы, балықтардың жойылуы, мұнай өндіру саласындағы 
жұмысшылардың жиі қайтыс болуы, ауыз судың ластануы, жасырын 
мұнай өңдеу орындарының ашылуы және оның қоршаған ортаға 
әсері). 
5-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқыңыз. 
«В» зонасына республиканың шығысындағы ең ірі қара және түсті 
металлургия шоғырланған аймақ жатады. Бұл облыстар атмосфераны 
өндірістік қалдықтармен ластау тұрғысынан «бірінші орын» алады. Ең 
қауіптісі – осы өндіріс орындарынан ауа кеңістігіне тарайтын 
қалдықтардың 90 пайызы улы заттар. Одан да сорақысы – бұл қалдықтар 
ауа бассейнін ластап қана қоймай, Ертіс өзеніне де құйылып жатыр. 
Мысалы, Павлодар химия зауыты бір цехының жиырма жылдық жұмысы 
нәтижесінде жинақталған 920 тонна сынап, ғалымдардың айтуы бойынша, 
жылына 55 метр жылдамдықпен еріген қар суымен араласып, Ертіске 
қарай жылжуда. 
6-тапсырма. Мәтінде қай облыстар туралы сөз болып отыр? 
Қазақстан Республикасының картасынан оларды табыңыз, онда не 
өндірілетіні жайында әңгімелеңіз.
7-тапсырма. Сөздерді баламасымен сәйкестендіріңіз. 
Қара
Цветная металлургия 
Түсті
Черная металлургия 


78 
Шоғырлану
Загрязнять 
Өндірістік қалдықтар
Ядовитые вещества 
Ластау
Ртуть 
Ауа кеңістігі 
Безводное пространство, полупустыня 
Улы заттар
Талая вода 
Сынап
Скапливаться 
Еріген қар суы
Отходы производства 
Шөлейт жер 
Воздушное пространство 
8-тапсырма. Түсініп оқыңыз. 
«С» зонасына негізінен, ауылшаруашылық саласына кәсіптендірілген 
оңтүстік облыстар кіреді. Бұл аймақ қажетті көлемде сумен қамтамасыз 
етілмеген. Бұл проблема Іле, Сырдария өзендері мен Арал теңізі, Балхаш 
көлі тағдырларымен тікелей байланысты. Соның кесірінен бұл аймақта 
адам өлімі өсе түскен. Республиканың оңтүстігінің біраз жерлерін 
шөлейтті жерлерде өсуге бейім сексеуіл алып жатыр. Соңғы кезде 
сексеуілді оңды-солды шауып, қалаға әкеліп сату көбейіп отыр. Мұның өзі 
құмдауыт, қуаң жерлердің көбеюіне жол ашып отыр. Ал сексеуілді өсіріп, 
қайта қалпына келтіру үшін 30-40 жыл уақыт керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет