А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет9/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

индустриялық елдер деп аталатын аздаған мемлекеттер мен 
территорияларды екінші, таяуда ғана пайда болған елдер топшасына 
жатқызуға болады. 70-80 жылдары өзге дамушы елдердің көпшілігін басып 
озған Корея Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Аргентина, 
Бразилия және т.б. – осы топшаның көрнекті өкілдері. 


10 
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде 1991 жылдың соңында 
құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) кіретін елдерді 
айрықша топшаға біріктіруге болады. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. 
«Экономикасы 
дамыған 
елдер» 
мәтінінен 
түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз. 
2-тапсырма. «Дамушы елдер» мәтініндегі қарамен жазылған сөз 
тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. 
3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
ДАМУШЫ ЕЛДЕР 
Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдерден басқа барлық 
қалған елдер мен территорияларды дамушы елдерге жатқызады. Олардың 
бәрінің жер көлемі құрлықтың жартысынан астамын алып жатыр, мұнда 
дүние жүзі халқының жартысынан астамы шоғырланған, Қытайды қоса 
есептегенде – дүние жүзі халқының 70 пайыздан астамын құрайды. Дүние 
жүзінің саяси картасында бұл елдер экватордан солтүстікке және әсіресе 
оңтүстікке қарай, Азияда, Африкада, Латын Америкасы мен Мұхиттық 
аралдарда кең байтақ белдеуді алып жатыр. Олардың кейбіреулері (Иран, 
Тайланд, Эфиопия, Египет, Латын Америкасы елдері және басқа бірқатар 
елдер) екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ тәуелсіздік алған болатын. 
Бірақ көпшілігі тәуелсіздікті соғыстан кейінгі кезеңде жеңіп алды. Бұл 
кезеңде 100-ге жуық жас тәуелсіз мемлекет құрылып, олар азаттық алған 
елдер деп аталды. 
Кейде “үшінші әлем” деп аталатын дамушы елдердің құбылмалы 
дүниесі іштей де әртекті. Оларды бірнеше топшаға бөледі. 
Табиғи, экономикалық, адам қуаты өте күшті және көп ретте дамушы 
елдердің көшбасында тұратын Үндістан, Бразилия, Мексика секілді 
шешуші елдер бірінші топшаны құрайды. 
Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Ливия, 
Бруней секілді сыртқа мұнай шығаратын елдер үшінші, айтарлықтай 
шағын топшаны құрайды. Бұл елдерде мұнайдан түсетін доллар 
тасқынының арқасында жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 
мөлшері 10-15 мың доллардан асып түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет