5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрастырыңыз. Назар аудару, жемісті түрде шешу, дүниежүзілік қауымдастық, атап
өту, белсенді, болашақ, қамқорлық жасау.
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1 Халықаралық күндер мен апталарды мерекелеуде қандай мақсат
көзделеді?
2 Бұл күндер қайда жарияланады?
3 Халықаралық күндерді белгілеуде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен
оның арнаулы мекемелері қандай рөл атқарады?
4 Бұл күндерді кімдер белгілейді?
5 Қазақстанда қандай халықаралық күндердің орны бөлек?
6 Атақты жазушы Чарльз Диккенс ел басшыларының қызметін қалай
бағалаған?
7-тапсырма. Дұрыс па, әлде бұрыс па? 1 Халықаралық күндер мен апталарда адамзаттың аса маңызды
проблемаларына назар аударылмайды. ...
2 Мұндай күндер халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. ...
3 Халықаралық күндер мен апталар халықаралық үкіметтік және
үкіметтік емес жиындарда белгіленбейді. ...
4 Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелері халықаралық
күндерді атап өтуге қатыспайды. ...
5 Бұл күндерді атап өтуге әрбір мемлекетті міндеттейді. ...
6 Қазақстанда барлық халықаралық күндер мен апталар аталып
өтіледі. ...
7 Қарттар мен жетім балалар үйлерінің жай-күйіне қарап, сол елдің
басшыларының қызметіне баға беруге болады. ...
8-тапсырма. Халықаралық күндер мен апталардың біреуін таңдап алып, сол тақырыпқа төмендегі жоспар бойынша монолог дайындаңыз. 1 Таңдалып алынған халықаралық күн қашаннан бастап тойланады? 2 Бұл күн мемлекет тарапынан қалай аталып өтеді?
3 Өзіңіз қалай мерекелейсіз?
9-тапсырма. Біздің мемлекетімізде тойланатын бір ұлттық мерекеге байланысты құттықтау жеделхатын жазыңыз. Мемлекетаралық ресми құттықтау мәтіні сол елдің бірінші басшысы