А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

 

 

 



-41- 

– Əке, жақсы мен жаманның ашуының көрінуі 

бірдей бола ма? 

–  Балам,  жақсының  ашуы  ісінен  көрінеді, 

жаманның ашуы тілінен көрінеді. 

 

-42- 



– Əке, ашуды қалай жеңуге болады? 

– Балам, ашуды ақылмен жеңуге болады. 

 

-43- 


– Əке, нəпсіні қалай жеңуге болады? 

–  Балам,  нəпсіңді  құдайға  құлшылығыңмен 

жеңесің. 

-44- 


– Əке, сабырлы кісі деп кімді айтамыз? 

–  Балам,  кім  ешкімге  кесірін,  зиянын  тигіз-

бесе, сол сабырлы кісі деп айтуға лайықты. 

 

-45- 



– Əке, сабырсыздың күні қандай болмақ? 

– Балам, сабырсыздың иманда да, тіршілікте 

де жолы болмайды. 

-46- 


–  Əке,  кедейліктен  сақтану  үшін  не  істеу 

керек? 


–  Балам,  дүниəуи  тіршіліктің  қызығынан 

сақтансаң, кедейліктен де сақтанасың. 

 

-47- 


–  Əке,  даналықты  кімнен  үйреніп,  білімді 

кімге үйрету керек? 

–  Балам,  даналықты  ғалымдардан  үйрен. 

Олармен  ой  таластырудан  сақтан,  өйткені 

даналық  Жаратушыдан.  Даналықты  жеке 

басының  қажеттілігі  үшін  пайдаланатындарға 

білім беруден сақтан. 

-48- 


– Əке, өзі білмейтін, білгеннің сөзінен бəһра 

алмайтын адамды қалай түзеуге болады. 

– Балам, өзі білмейтін, білген адамның сөзі-

нен  бəһра  алмайтын  адамды  надан  дейді.  Оны 

түзеймін деп əурелеме, өзің де əуре болма.  

 

-49- 



–  Əке,  надандық  ақылсыздықтан  ба,  білім-

сіздіктен бе? 

– Балам, надан адам – білімсіз адам, білімсіз 

адам – ақымақ  адам.  Білімсіз,  ақымақ  надан  да 

бір, хайуан да бір. 

-50- 


–  Əке,  күнделікті  тұрмыста  қандай  болуым 

керек? 


–  Балам,  орынсыз  күлме,  мақсатсыз  жүрме, 

өзіңе қатысы жоқ нəрсе жайын сұрама. 

 

-51- 


–  Адамдармен  қандай  қарым-қатынаста 

болғаным жөн? 

–  Біреуден  бірдеңе  сұрап,  бетіңнің  əрін  тө-

гуден  сақтан.  Ашу  үстінде  ар  ұялар  іс  қылудан 

сақтан. Өз қадіріңді өзің кетірме. 

 

-52- 



–  Əке,  шақырған  жерге  барғанда  қандай 

болуым керек? 

–  Балам,  шақырған  жерге  барғанда,  елмен 

сəлемдес те, қатардан орын ал. Олардың əңгіме-

сінің не туралы екенін білмейінше сөзге араласпа. 

Егер олар Алланың құдіреті мен рақымы туралы 

сөйлесіп отырған болса, онда оларға құрметіңді 

білдір,  солармен  бірге  бол.  Егер  олар  мəні  жоқ 

басқа  нəрселер  жайында  сөйлесіп  отырған  бол-

са, онда олардың қасында көп отырма. 

 

-53- 


–  Əке,  шақырған  жердегі  əңгіменің  мəнсіз 

болуының қандай сабағы болмақ? 

–  Балам,  барған  жеріңдегі  адамдардың  əңгі-

месі  Алланың  құдіреті  мен  рақымы  туралы 

болмай,  мəні  жоқ  басқа  жайлар  туралы  болса, 

оның саған сабағы жоқ. Егер ғалым болсаң, ондай 

əңгімеден  білгенің  сенің  ғылымыңа  ешқандай 

пайда  бермейді.  Егер  надан  болсаң,  наданды-

ғыңның үстіне надандық табасың. 

 

-54- 



–  Əке,  сөйлер  жерде  сөйлемей,  үнсіз  қалға-

ныңыз үшін өкінген жеріңіз көп болды ма? 

–  Балам,  сөйлеген  сөздерім  үшін  өкінген  же-

рім есепсіз көп болды, ал сөйлемей, үнсіз қалға-

ным үшін өкінген жерім жоқ. 

-55- 


–  Əке,  жұрттың  жамандыққа  қарсы  жаман-

дықпен күресіп жүргеніне қалай қарайсыз?  

–  Балам,  жамандыққа  қарсы  жамандықпен 

күресіп  жүргендер  қатты  адасқандардың  қата-

рынан.  Егер  олар  өздерін  дұрыс  жолдамыз  деп 

есептесе,  онда  далаға  шығып,  екі  жерге  екі  от 

жақсын.  Сөйтіп  қарап  тұрсын:  екі  от  бірін-бірі 

сөндіре ме, сөндірмей ме? Ақиқатына келгенде, 

отты  отпен  сөндірмейді,  отты  сумен  сөндіреді. 

Жамандықты  жамандықпен  жеңбейді,  жаман-

дықты жақсылықпен жеңеді. 

 

-56- 



–  Əке,  адамның  болмысы  қанша  бөліктен 

тұрады? 


– Балам, адамның болмысы үш бөліктен тұра-

ды:  бірінші  бөлігі – Алла  үшін;  екінші  бөлігі – 

адамның өзі үшін; үшінші бөлігі – құрт-құмырс-

қалар үшін. Алла үшін дегенім – адамның жаны. 

Адамның  өзі  үшін  дегенім – адамның  ісі  мен 

əрекеті. Құрт-құмырсқалар үшін дегенім – адам-

ның тəні. 

-57- 


– Əке, дос пен қас хақында не айтасыз? 

– Балам, досың мың болса да аз, қасың жал-

ғыз  болса  да  көп.  Мың  да  бір  досың  болсын, 

бірақ бір де бір қасың болмасын. 

 

58 


– Əке, өмірдің өлшемі қандай болмақ? 

60                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

–  Балам,  дүние – шолақ.  Сенің  өмірің  одан 

əлдеқайда қысқа, ал оның қалғаны түкке тұрғы-

сыз. 


-59- 

–  Əке,  өмір  өткен  сайын  данышпандар  да 

көбейе ме? 

–  Балам,  өмір  өткен  сайын  данышпандар 

азайып  отырады.  Күндердің  күнінде  адамдар-

дың  арасында  бір  де  данышпан  қалмайтын  сəт 

туатын болады. 

-60- 


– Əке, адал досты қалай табамын? 

– Балам, дос болмақ адамың өзіңе қатты ашу-

ланатындай іс істе. Егер ол осыдан кейін сенімен 

қарым-қатынасында  əділет  жолынан  таймаса, 

онда  онымен  достас.  Егер  ол  əділет  жолынан 

тайса,  онда  оған  жолама.  Адал  досты  осылай 

табасың. 

-61- 


– Əке, кісі өз қауымының басы болғаны жақ-

сы ма, ортасы болғаны жақсы ма, соңы болғаны 

жақсы ма?  

–  Балам,  əр  қауымның  бір  иті  бар.  Кісі  өз 

қауымының иті болудан сақтануы керек. 

 

-62- 



–  Əке,  қауымның  ортасына  барып,  зиян 

тартқаннан, оған бармай қойған жақсы емес пе? 

– Балам, қауымның ортасына бармаған жəне 

қауымнан  зиян  тартпаған  адамнан  қауымның 

ортасына барған жəне содан зиян тартып, сабақ 

алған адам жақсы. 

-63- 

–  Əке,  əділетті  адам  мен  əділетсіз  адамға 



қалай қарауым керек? 

– 

Балам, 



əділетсіз 

адаммен 


жолдас 

болғаннан əділетті адамға құл болған артық. 

 

-64- 


– Əке, жүзі жылылар мен өңі суықтарға қан-

дай болғаным дұрыс? 

– Балам, бет бергенде, шырайы жақсы көрі-

нетін  надандар  болады.  Жүзі  жылы  екен  деп 

надандардың құрметін алма. Сырт бергенде, өңі 

суық  көрінетін  даналар  болады.  Өңі  суық  екен 

деп даналардың  кеңесінен қалма. 

 

-52- 



–  Əке,  қастың  қастығына  тұру  керек  пе, 

достың достығына тұру керек пе?  

–  Балам,  қастың  қастығын  таста.  Достың 

достығын сақта. 

-53- 

– Əке, жұртқа қандай сый көрсеткенім орын-



ды болады? 

–  Балам,  жұртқа  көрсететін  сый-құрметтің 

үлкені – сөзіңнің əдемі, сыпайы болғаны, жүзің-

нің  жайдары,  ашық  болғаны,  ниетіңнің  адал, 

таза болғаны. 

 

-54- 



– Əке, өз пайдасы үшін кісіге жала жабатын, 

жамандық  жасайтын  адамдардың  ақыры  не 

болмақ? 

–  Балам,  өз  пайдасы  үшін  кісіге  жала  жаба-

тын,  жамандық  жасайтын  адамдардың  ақыры 

тақыр болады. 

-55- 

– Əке, көреалмаушыны қалай тануға болады? 



–  Балам,  көреалмаушының  үш  белгісі  бола-

ды:  біріншіден,  ол  кісіні  сыртынан  жамандап, 

ғайбат  айтады;  екіншіден,  ол  сыртынан  жаман-

дап, ғайбат  айтқан  кісімен  кездессе,  оны  бетіне 

өтірік  мақтап,  көлгірсиді;  үшінші,  ол  осы  кісі 

бір  бəлеге  ұшырай  қалса,  екі  бұтын  шапаттап 

қуанады. 

-56- 


–  Əке,  дүниеқұмарлықтың,  атаққұмарлық-

тың шегі қандай болады? 

– Балам, дүниеқұмарлықтың, атаққұмарлық-

тың  шегі  болмайды.  Əрбір  дүниеқұмар  адам 

атаққұмар келеді, əрбір атаққұмар адам пəлеқұ-

мар келеді, əрбір пəлеқұмар адам залым келеді. 

Əрбір залымның залымдығында шек те, шекара 

да болмайды. 

-57- 

–  Əке,  қандай  кəсіпті  таңдасам  пайдам  көп 



болады? 

– Балам, Аллаға құлшылықты таңда. Аллаға 

құлшылықтың пайдасы бар кəсіптің пайдасынан 

асып түседі. 

-58- 

–  Əке,  сауданың  баянын  қайдан  табуға 



болады?  

– Балам, сауда сақал сипағанша. Саудаласу-

шылар  бір-біріне  адал  болса,  олардың  ісі  оңға-

рылады.  Сауданың  баяны  деген  осы  болады. 

Егер  саудаласушылар  өзара  бір-біріне  арамдық 

жасаса, өтірік айтса, алдаса, онда олардың ісінің 

баяны болмағаны. 

-59- 


– Əке, тыныш ұйқы, адал астан артық игілік 

бар ма? 


–  Балам,  ұйқышыл  болма,  тамақсау  болма. 

Тірісінде  ұйқы  мен  астан  басқа  игілік  таппаған 

кісі қияметке құр қол барады. 

 

-60- 



–  Əке,  қияметтің  қиынынан  қалай  құтылуға 

болады? 


–  Балам,  тірі  адамның  тіршілігі  тұңғиық 

теңіз іспетті. Оның тереңіне талайлардың кемесі 

батқан. Сенің кемең Алла алдындағы қорқыныш 

болу  керек,  кемеңе  артқан  жүгің  Алла  деген 

иманың  болу  керек,  кемеңе  керген  желкенің 

Аллаға сыйынған адал ниетің болу керек. Сонда 

қияметтің  қиынынан  құтыларсың  деп  үміттене-

мін, бірақ құтылып кетесің деп ойламаймын. 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        61 

 

 

 



-61- 

–  Əке,  төбе  басында  жападан-жалғыз  ұзақ 

отырмай, көп болып отырсаңыз, көңілдірек бол-

май ма?  

Сонда Лұқман мынаны айтқан екен:  

–  Балам,  жападан-жалғыз  ұзақ  отыру  алаң-

сыз  ойлануға  мүмкіншілік  береді.  Ал  алаңсыз 

ойлану  кісінің  барар  бағыты  мен  жүрер  жолын 

анықтауға көмектеседі. 

-62- 


– Əке, достың дұшпанға айналуы оңай бола-

тыны  қалай,  дұшпанның  досқа  айналуы  қиын 

болатыны қалай? 

– Балам, дос өсіп тұрған гүл сияқты, ал дұш-

пан  жығылып  жатқан  тал  сияқты.  Өсіп  тұрған 

гүлді үзу оңай, жығылып жатқан талды тұрғызу 

қиын. 

-63- 


– Əке, кісіге бұ дүниеде керегі не, о дүниеде 

керегі не?  

–  Балам,  бұ  дүниеде  жан  сақтау  үшін  ас-

суыңды  тауып  ішетін  əлің  болуы  керек.  О  дү-

ниеде жан сақтауың үшін иманың болу керек.  

 

-64- 



–  Əке,  жоғалтуға  болмайтын  жоғалса,  орны 

толмайтын қандай байлық болуы мүмкін? 

–  Балам,  бұ  дүниеде  кетілген  жетіледі,  ор-

нында  бар  оңалады.  Жоғалса  орны  толмайтын, 

өкініші өшпейтін бір-ақ байлық бар. Ол – иман. 

 

-65- 



–  Əке,  ақылды  адамның  белгілерін  қалай 

білемін? 

–  Ақылды  өзінің  көңілін  қалдырғандардың 

айыбын кешіреді. 

– Екінші? 

– Кішілерге ізет білдіреді. 

– Үшінші? 

– Үлкендерге құрмет білдіреді. 

– Төртінші? 

– Құдайға құлшылық қылады. 

– Бесінші? 

– Біліп сөйлейді. 

– Алтыншы? 

– Сөздің пайдасы мен зиянын бірдей парық-

тайды. 

– Жетінші? 



– Қиналған кезінде көмекті Алладан сұрайды. 

 

-66- 



-Əке, ақымақтың белгілерін қалай білемін? 

–  Ақымақ  қатыгез  болады,  адамдарға  тек 

залалын тигізеді. 

– Екінші? 

– Қішілерге зорсынады. 

– Үшінші?   

– Үлкендерге сомсынады. 

– Төртінші? 

– Құдайға құлшылық қылмайды. 

– Бесінші? 

– Білмей сөйлейді. 

– Алтыншы? 

–  Сөздің  пайдасы  мен  зиянын  парықтай 

алмайды. 

– Жетінші? 

–  Алдынан  қиындық  кездессе,  опат  болады, 

жақсылық кездессе, теріс айналады. 

 

-67- 



–  Əке, адамның азғыны деп қандай адамды 

айтады? 


–  Балам,  адамның  азғыны  деп  Құдайдың 

рақымынан үмітін тақыр үзген адамды айтады. 

 

-68- 


– Əке, кісінің қадірін не түсіреді? 

– Балам бұ дүниеде кісінің қадірін түсіретін 

мынадай  нəрселер:  бірінші,  шақырмаған  жерге 

қонаққа  бару;  екінші,  қонақтың  үй  иесіне  қо-

жайынша қарауы; үшінші, дұшпаннан қайырым 

сұрау;  төртінші,  лайықсыз  адамға  достық  ниет 

білдіру; бесінші, өзін тыңдамағандарға сөз айту. 

 

-69- 



–  Əке, даналықты кімнен үйрендің? 

– Соқырлардан. Соқырлар барар жеріне жет-

кізетін  жолды  сипалап  тауып,  анық білмейінше 

алға аяқ баспайды. 

-70- 

– Əке, игі жақсылар бас қосып, əңгіме-дүкен 



құрғанда, қателесуден қалай сақтансам болады? 

– Сөйлемес жерде сөйлеу абайсыздық бола-

ды. Сөйлер жерде үнсіз қалу тұйықтық болады. 

Сөйлегендердің  жүзіне  көз  салмау  соқырлық 

болады. Осылардан сақтан. 

 

-71- 



–  Əке,  кісіні  екі  дүниеде  бірдей  жазалы  қы-

латын істер қандай болады? 

–  Балам,  кісіні  екі  дүниеде  бірдей  жазалы 

ететін іс төртеу. Біріншісі –  біреудің сыртынан 

ғайбат сөз айту. 

– Екінші? 

– Ғалымдарды сыйламау. 

– Үшінші? 

– Алланың бергеніне шүкірлік етпеу. 

– Төртінші? 

– Жазықсыз кісі өлтіру. 

 

-72- 



– Əке, ғибратты адамнан ғана алуға бола ма, 

жоқ,  ақылы  жоқ  деген  жануарлардан  да  алуға 

бола ма? 

– Балам, Алла ақыл берген адамның да, ақыл 

бермеген  жануарлардың  да  ісінен  ғибрат  алуға 

болады. 


– Мысалы? 

62                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

–  Балам,  тауықтың  қоразының  ісі  мен  өз 

ісіңді салыстырып көр: қораз таң ата шақырып, 

мекиендерімен  бірге  тіршілік  қамына  кіріседі. 

Сен бұл кезде ұйықтап жатасың. Қораздың ақылы 

сенің ақылыңнан асық болып жүрмесін (Ғазали). 

 

-73- 


–  Əке,  бұ  дүние  мен  о  дүниенің  арасын 

қалай шектеген дұрыс? 

– Балам, бұ дүниені о дүниеге сат, сонда сен 

екі дүниенің де баянын көресің. 

–  Əке,  олай  етпей,  керісінше  жасасам,  не 

болады? 


–  Балам, о дүниені бұ дүниеге сататын бол-

саң, сенің қолыңда олардың біреуі де қалмайды, 

екеуінен де айрыласың (Ғазали). 

 

-74- 



–  Əке,  əзəзілдің  азғырғанына  ерген  адам  не 

істейді? 

– Өзіне тиесілі емес дүниені  иеленеді. 

– Тағы не істейді? 

–  Өзі  иеленген  дүниені  жұмсамайтын  нəр-

сеге жұмсайды. 

– Тағы? 

–  Өзі  иеленген  дүниені  жұмсайтын  нəрсеге 

жұмсамайды. 

– Бұлардың салдары не болмақ? 

–  Зұлымдық  біткен  осылардан  таралады 

(Ғазали). 

 

ЛҰҚМАННАН ҚАЛҒАН ДАРА СӨЗДЕР 



 

1. Барыстың терісін жамылғанның бəрі батыр 

емес. 

2. Сабыр – шаттықтың кілті, асығыстық – 



өкініштің кілті. 

3. Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді. 

4. Ақымақтың ойы тілінде тұрады, 

   Ақылдының тілі ойында тұрады. 

5. Өлі арыстаннан тірі ит артық. 

6. Біреу саған келіп біреуді жамандаса, ол 

басқаға барып, сені жамандайды. 

7. Екі кісі тоймайды: бай – малға, ғалым – 

білімге. 

8. Үш нəрсе үш түрлі жерде сыналады: 

батырдың күші – соғыс үстінде; хакімнің 

хикметі – ашу үстінде; достың достығы – басқа 

түскен қиындық үстінде. 

9. Иманнан кейінгі жақының – жақсы дос: 

жақсы дос құрма ағашы секілді – түбінде 

отырсаң, саясын түсіреді; отқа жақсаң, бойыңды 

жылытады; жемісін жесең, ас болады. 

10. Екі қылыш бір қынға сыймайды. 

11. Ғылымы жоқ ғалым жаңбыры жоқ бұлт 

секілді. 

12. Ғалым наданды қапысыз таниды, өйткені 

оның өзі де бір кезде надан болған. Ал надан 

ғалымды тани алмайды, өйткені ол ешқашан 

ғалым болған емес. 

13. Сабырсыз адам зарланбай тұра алмайды. 

14. Бүгін бітіретін ісіңді ертеңге қалдырма. 

15. Біреу бір жаман істі жақтап сөйлесе, 

онда ол сол істі істеді деп біл. 

16. Қорыққаннан қорықпа, қорықпағаннан 

қорық. 


17. Ғалымдармен сұхбаттас болуға тырыс: 

білмесең, үйренесің; білсең, білген үстіне біле 

түсесің. 

18. Кемшіліксіз дос іздеген доссыз қалады. 

19.  Сараң  байлар  үстіне  қаптап  алтын  артып, 

ақырдан сабан жеп тұрған есекке ұқсайды. 

20. Ақымақта алты түрлі қасиет бар: 1) жоқ 

нəрсеге  ашуланады; 2) пайдасыз  сөз  сөйлейді;  

3) көрінгеннің сөзіне ереді; 4) дұшпан мен дос-

ты  айыра  алмайды; 5) бекер  мал  шашады;  

6) бесенеден белгілі нəрсе жайында сұрайды. 

21.  Аузыңнан  шыққанша  сөзіңе  өзің  иесің, 

аузыңнан шыққан соң, сөзің өзіңе ие болады. 

22. Туған жерінен қозғалмаған ғалым орны-

нан қозғалмаған алтын сияқты. 

23.  Екі  нəрсенің  қадірі  өткен  соң  білінеді:  

1) жастық; 2) саулық. 

24. Жолға шықпас бұрын жолдас тап. 

Үй сатып алмас бұрын көрші тап. 

25.  Күншілдік  бір  ауру  секілді:  қызғаныш, 

күншілдік туғызған нəрсе өлгенше жазылмайды. 

26.  Ерге  үш  түрлі  сын  бар: 1) байлық;  

2) билік; 3) қайғы. 

27.  Құпияны  сақтай  білмеген  адам  адамның 

осалы. 

28. Ашуын баса білген адам адамның күштісі. 



29. Кедейлігін білдірмеген адам адамның са-

бырлысы. 

30.  Əр  нəрсеге  қанағат  еткен  адам  адамның 

дəулеттісі. 

31. Өзі жақсы болмай тұрып, жұртты жақсы 

болуға  шақырған  адам  қолына  шырақ  ұстап, 

оның  жарығын  өзі  көрмей,  өзгелерге  түсіріп 

жол көрсетпекші болған соқыр сияқты. 

32.  Дүние  біткен  бір  кемеге  мініп  алып,  əл-

деқайда ағып бара жатқан сияқты. Ішінде ешкім 

жоқ. 

33. Əр құс өз үніне мəз болады. 



34. О, ұлым! Əр істе ғалымдармен кеңескей-

сің. Ақ дастарқаныңнан  Алла деген адал  ниетті 

адамдар ғана дəм татсын. 

35.  Алланың  құлдарының  тақуаларымен  бір 

бол,  олардың  қасиеті  саған  пайдасын  тигізеді. 

Егер  Алла  оларға  мейірімін  түсіретін  болса, 

оның  шапағаты  саған  да  жетеді.  Зұлымдардан 

аулақ  жүр.  Алла  оларға  жаза  жіберетін  болса, 

одан олардың қасындағылар да сау қалмайды. 

36. Наданның көзіне түсіп, көңіліне ұнаудан 

сақтан.  Өйткені  ол  саған  жақындай  береді.  Да-


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        63 

 

 

 



наның көзінен тыс, көңіліне жат болудан сақтан. 

Өйткені ол сенен алыстай береді. 

37.  Зұлымдарға  дос  болғанша,  тақуаларға 

құл бол. 

38. Жауыңды іздеме. Досыңды жоғалтпа. 

39. Өзіңе қатысы жоққа килікпе. 

40. Құпияны сақтай біл, сонда ізгілігіңді жо-

ғалтпайсың. 

41. О, ұлым! Ғұламалармен бір бол, солармен 

тізе түйістіріп отыр. Сонда Алла көктен жаңбыр 

жаудырып,  өлі  жерге  жан  бітіргені  сияқты, 

жүрегіңді даналық жарығымен нұрландырады. 

42.  О,  ұлым!  Ғұламалармен  тізе  түйістір. 

Олардың  көңілін  қалдырмас  үшін  сөз  талас-

тырма, ой жарыстырма. 

43. Бұ дүниеден тек қажеттіні ғана ал, тапқан 

табысыңның  өзіңнен  артылғанын  басқаларға 

бер. 


44. Бұ дүниені мүлде тəрк етпе, өйтсең өзге-

лердің мойнына мінген масыл боласың. 

45. Ораза тұт, сонда нəпсіңе тыйым саласың. 

46.  Егер  ораза  сенің  намазыңа  кедергі  кел-

тіретін  болса,  ораза  ұстамай-ақ  қой.  Өйткені 

намаздың сауабы оразаның сауабынан мол. 

47. Жетімдерге олардың əкесі сияқты қарас. 

Жесірлерге олардың ерлері сияқты қарас. 

48. Жақындарыңмен бірге күнəға батпа. 

49. Ақылсыз, надан адамдардан аулақ жүр. 

50. Екіжүзділермен араласпа. 

51. О,  ұлым!  Қызғаншақтың  үш  белгісі бар: 

кісіні  сыртынан  даттап,  жамандайды;  сол  кісіні 

көре қалса, оған жалпақтап, жарамсақтанады; ол 

бір  бақытсыздыққа  ұшырай  қалса,  соған  қуа-

нады. 


52.  Өз  отбасыңның  игілігі  үшін  еңбек  ет, 

басқаларға жақсылық жасауды ұмытпа, əйтпесе 

бұ  дүниеде  зиян  шегіп,  о  дүниеде  пайдасыз  қа-

ласың. 


53.  Есебің  дұрыс  болсын.  Есепсіз  дүние 

жұмсама. 

54. Сараң болма. Бекер мал шашпа. 

55. Бай болсаң, қайырымды бол. 

56. Бұ дүние бейне бір көпір үсті іспетті: өтіп 

кетпе, сонда өмір сүр. 

57. Сөзің жағымды, жақсы болсын. 

58. Жүзің ашық, жарқын болсын. 

59. Жұрттан мақтан күтпе, жұрттың көңіліне 

қаяу түсірме. 

60. Нəпсіңе тыйым сал, кісілікке еркіндік бер. 

61. Тіліңе ие бол. Үндемеген үйдей бəледен 

құтылады. 

62. Сөйлесең, пайдасы бар сөздерді айт. 

63. Саудада Құдайға құлшылық қыл. Құдайға 

құлшылық  ештеңе  сатпасаң  да  саған  пайда 

əкеледі. 

64. О, ұлым! Құдайдан қорық. Құдайға құл-

шылығыңды көрген жұрт өзіңді жақсы екен деп 

айту үшін жасама. 

65. О, ұлым! Құдайдан қорық. Құдайға құл-

шылығыңды  көрген  жұрт  өзіңді  иманды  екен 

деу үшін жасама. 

66.  Алланың  қолдауы  даналардың  аузында: 

олар Алла ауыздарына салмаған сөзді айтпайды. 

67. Зұлымдық жасама.  Зұлымдық зұлымдық 

үшін. 

68.  Қатты  ашуланба.  Қатты  ашу  дананың 



жүрегін де күн тұтылғандай күйге түсіреді. 

69.  Қораздан  қауқарсыз  болып  қалудан  сақ-

тан: қораз таң ата шақырғанда, сен ұйқыда жатпа. 

70.  Алла  ауру  жүректі  даналық  нұрымен 

айықтырады.  Даналардың  жанында  болып,  со-

лардың даналық сөздерін тыңда. 

71. Алдаушының жүзінде əр болмайды. 

72.  Мінез-құлқы  жаманның  қабағы  ашыл-

майды. 

73.  Наданға  бірдеңені  түсіндіргеннен  жар-



тасты орнынан қозғаған оңай. 

74.  Адамдардың  арасында  бірде-бір  дана 

қалмайтын күн де туады. 

75.  Тіліңді: «О,  Жаратқан,  күнəларымды 

кешір!» – деп  ұдайы  айтуға  келтір.  Жаратқанға 

сенің  жалбарынған  сөзің  жетпейтін  сəттер  де 

болады. 

76. Өтірікшімен жолдас болған ұятқа қалады. 

77. Бұзылған жерге барған бұзық болады. 

78.  Досың  жаман  болса,  өзің  жақсы  бола 

алмайсың. 

79. Тіліне ие болмаған өкініште қалады. 

80. Адал болса, тіл мен жүректен аяулы нəр-

се  жоқ.  Адал  болмаса,  тіл  мен  жүректен  жаман 

нəрсе жоқ. 

81.  О,  ұлым!  Кім  саған  ізгі  насихат  берсе, 

Алла саған қорғаушы жібереді. 

82. Артық ас ішпе. Артық асты өзің ішкеннен 

итке берген артық. 

83.  Бұ  дүниеде  саған  адал  досыңнан  кейін 

біреулер  пайдасын  тигізсе,  олардың  алды  өзің-

нің адал жарың болсын. 

84.  Денсаулықтан  асқан  байлық  жоқ,  қана-

ғаттан асқан табыс жоқ. 

85. Жаман көрші тастан қатты, тұздан ауыр, 

темірден берік. 

86. Кедейліктен асқан ащы жоқ. 

87.  Елшілікке  надан  адамды  жұмсама.  Дана 

таппасаң, өзің елші боп бар. 

88. Тəтті болма – жұтып қояды, ащы болма – 

түкіріп тастайды. 

89.  Өлеңді  жерге  барма,  өлімді  жерге  бар: 

өлімді  жер  ақыретті  еске  салады,  өлеңді  жер 

дүниеге қызықтырады. 



64                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

90.  Ескі  досыңды  жолда  қалдырма,  əйтпесе 

жаңа досыңды достығыңа сендіре алмайсың. 

91. Мың досың болсын, өйткені ол көп емес. 

Бір  де  жауың  болмасын,  өйткені  бір  кісіге  бір 

жаудың өзі де аз емес. 

92. О, ұлым! Адам деген үш бөліктен тұрады: 

бір  бөлігі  Аллаға  тиесілі;  екінші  бөлігі  өзіне 

тиесілі; үшіншісі жегі құрттарға тиесілі. Аллаға 

тиесілі  дегенім – адамның  жаны.  Өзіне  тиесілі 

дегенім – адамның  ісі.  Жегі  құрттарға  тиесілі 

дегенім – адамның тəні. 

93. Қарны тоқ адамның ақылы шабан тарта-

ды.  Ақыл  шабан  тартса,  ой  тоқтайды,  тəн  беті-

мен кетеді. 

94. Жаман қатын дерт сияқты. Бірақ дерттен 

айығуға  болады,  ал  жаман  қатынның  дертінен 

айығу қиын. 

95.  Жақсы  қатын  патшаның  басындағы  тəж 

сияқты.  Оның  бағасын  ешкім  білмейді.  Жаман 

қатын сел сияқты, ағып өткенше бет қаратпайды. 

96. Жаман қатын сөйлер болса, қашан айта-

рын айтып болмайынша тоқтамайды. 

97. Ақылдасу қажет болса, білгені көп тəжі-

рибелі  кісімен  ақылдас.  Оның  берген  ақылына 

баға жетпейді. Бірақ оны тегін алдым деп олқы-

сынба. 

98. Даналық кедейді патшамен теңестіреді. 



99. Даналықтың он  түрлі  қасиеті  бар: өлгенді 

тірілтеді;  жоқ-жітіктермен  бірге  отырғызады; 

патшаның  дəрежесіне  жеткізеді;  мəлімсізді 

мəшһүр  етеді;  құлдарды  азаттыққа  жеткізеді; 

жатқа  жай  береді;  кедейді  байлыққа  жеткізеді; 

ізгінің  ізгілігіне  ізгілік  қосады;  бектің  бекзат-

тығын арттырады; жақсының мерейін тасытады. 

100.  Даналық  байлықтан  бағалы.  Ол  қор-

қынышта – қорған,  соғыста – қару,  саудада – 

табыс, қиямет қайымда – қолдаушы. 

101. Даналық өзіңе өзіңнің сенімің кеткенде 

де қасыңнан кетпейді, жолбасшың болады. 

102. Даналық тұттай жалаңаш қалғаныңда да 

жаныңнан табылады: жалаңаш тəніңе көрпе боп 

жабылады. 

103.  Даналықтан  қол  үзбе,  сонда  оның  игі-

лігін көресің. 

101.  Даналықты  сүй,  сонда  өзің  де  сүйікті 

боласың. 

104.  Дүние  деген  бір  түпсіз  тұңғиық.  Оның 

түбіне  талайлар  кеткен.  Аман    шығамын  десең, 

Құдай дегендердің қорқыныш кемесін дайында, 

оның  іші  Алла  деген  үміттен  болсын.  Егер  ке-

меңді  тереңге  салып,  тұңғиықтан  аман  өтемін 

десең,  Алладан  басқа  сені  құтқарар  ешкімді 

көріп те, біліп те тұрғаным жоқ. 

105. Дүние үлкен теңіз. Онда арғы жəне бергі 

буын  ұрпақтар  кезекпенен  өлім табады. Қолың-

нан  келсе,  Құдай  деп,  қорқыныш  кемесін  дайын-

да, оның жабдығы Құдайға деген сенім мен үміт 

болсын.  Егер  теңізден  аман  өтсең,  Алланың 

рақымымен өтерсің, егер су түбіне кетсең, біліп 

жəне білмей істеген күнəларың үшін кетерсің. 

106.  Аллаға  құлшылық  қылуды  ешуақытта 

кейінге қалдырма. Өйткені өлім айтып келмейді, 

күтпеген жерден, кенеттен келеді. 

107.  Соған  өзің  үшін  игілікті  екі  нəрсені 

айтайын:  оның  бірі – фəни  үшін  керекті  нан, 

екіншісі – бақи үшін керекті иман. 

108. Бұл өмірдің өлшемі есіктен кіріп, төрге 

шыққандай  ғана.  Ал  сенің  бар  өмірің  одан  да 

қысқа, қалған өмірің мүлде мардымсыз. 

109.  Арғы-бергілердің  білгені  сақталған  алты 

қасиетке  ие  бол:  бірінші – жалған  дүниенің 

жалтырағын  жинай  берме,  қалған  өміріңе  шақ-

тап  қана  ал;  екінші – Аллаға  өзіңе  керегінше, 

қажетіңше  құлшылық  қыл;  үшінші – бақидан 

орын табуға деген тілегің қаншалық болса, оған 

дайындығың  соншалық  болсын;  төртінші – 

тамұқтың  отынан  құтылудың  жолын  одан 

құтыла  алмайтының  анық  белгілі  болмайынша 

ізде;  бесінші – Алланың  жазасын  көтеруге  же-

тер  шамаң  қанша  болса,  күнə  жасауға  баратын 

батылың да сонша болсын; алтыншы – егер Ал-

ланың  дегенін  орындамай,  күнə  жасағың  келсе, 

онда  Алланың  жəне  оның  періштелерінің  көзі-

нен таса жерді іздеп тап. 

110. Фаниді бақи үшін сат, сонда екеуінен де 

пайда  көресің.  Бірақ  бақиды  фани  үшін  сатпа, 

əйтпесе екеуінен де зиян шегесің. 

111.  Ашкөздік,  сұрамсақтық,  жаман  мінез 

ақылсыз, арсыз адамның сипаттарына жатады. 

112. О, ұлым! Сенің ақталғаныңды қаламай-

тындардың  алдында  ақталма  да,  кешірім  де 

сұрама. Сенің қамыңды ойлауға құлықсыз жан-

дардан көмек сұрама. 

113.  Адамдардың  өзімшілдігіне  кім  шыдам-

дылықпен төзсе, оларды сол ғана басқара алады. 

114.  Кім  адамдардың  көмегіне  мұқтаж  бол-

ғанда,  өзі  олардан  алыс  жүрсе,  ал  мұның  көме-

гіне  басқалар  мұқтаж  болғанда,  өзі  оларға 

жақын тұрса, сол адам жақсы адам болып есеп-

теледі. 

115.  Ақымақтардың  алдында  ақылдының 

сөзін  айтпа.  Ақылдылардың  алдында  ақымақ-

тың сөзін айтпа. 

116. Өзін тыңдамағандарға ақыл айтқан адам 

бұ  дүниенің  мүлкін  о  дүниедегілерге  ұсынған 

адам сияқты болады. 

117.  Жақындарыңның  өз  білімдерін  кө-

теруіне  кедергі  жасама,  əйтпесе  олардың  күнə 

жасауына дəнекерлік еткендей боласың. 

118. Кім адамдармен қарым-қатынасында əділ 

жолдан таймаса, Алла соның абыройын асырып, 

даңқын шығарады. 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        65 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет