Байланысты: A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа
6.4 Гректердегі «нимфа», славян дүниетанымындағы «русалка» ұғымы және оның қазақ мифологиясындағы көрінісі. Антика әдебиетінде «нимфа» және славян мифологиясында «русалка» ұғымы бар екені белгілі. Грек тілінен аударғанда, «нимфа» - «бикеш» (дева) деген ұғымды береді. Олар – грек мифологиясында табиғаттың ерте құдайлары. «Мифы народов мира» атты энциклопедияда оған мынадай түсініктеме беріледі: «Нимфы («девы»), в греческой мифологии божество природы, ее живительных и плодоносных сил. Различают нимфы рек, морей, источников (водные нимфы: океаниды, нереиды, наяды), озер и болот (лимнады), гор (орестиады), рощ (альсеиды), деревьев (дриады, гамадриады) и их отдельных пород (мелиады – нимфы ясеня). ...Главными нимфы считались водные, по античным лексикографии, слово «нимфа» означает «источник» [10, 220-б.]. Ал осы еңбекте «русалка» ұғымына мынадай анықтама берілген: «В славянской мифологии существа, как правило вредоносные, в которых превращаются умершие девушки, преимущественно утпленницы, некрещеные дети. Представляются в виде красивых девушек с длинными волосами, реже в виде косматых безобразных женщин. Русалка обычно изображала девушка, которой распускали волосы, надевали венок и с песнями проважали в рожь. Образ русалка связан одновременно с водой и растительностью, сочетает черты водных духов и карнавальных персонажей, воплощающих плодородие» [10, 390-б.]. Белгілі зерттеуші М.Чулков «Абевега русских суеверий» кітабында оларға мынадай мінездеме береді: «Русалки – дьяволы женского рода, живущие в горах, в реках и болотах, они имеют весьма долгие волосы, и умерают простаки, что часто их видят бегающих по горам, и сидящих на берегах рек, где они чешут длинные свои волосы, и когда только увидят они человека, то тотчас бросаются в воду. Древние славяне почитали их богинями вод и лесов, преклонялись им и приносили жертвы, по их мнению они имеют весьма долгие зеленые волосы» [11, 1-б.].
Яғни грек мифологиясындағы «нимфа» мен орыс дүниетанымындағы «русалка» ұғымы қазақ мифологиясындағы пері ұғымымен сәйкес. Пері – үш өмірді (жер асты, жер ортасы, жер үсті) жалғастырушы болып табылады. «Таулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан арулары ағындап ұшып жүреді. ...Пері қыздардың сұлу болатыны сонша, олар жүрген жерінде айналасына нұр шашады, адамдардың жанын қуаныш, шаттыққа бөлейді екен» [12, 182-б.]. Пері әлгі нимфалар секілді ағаштың басында да, тауларда да, суда да, аспанда да өмір сүреді. Космологиялық мифологияға байланысты, пері Айда (Зайра) да болады, және аққу кейпінде де кездеседі. Яғни, пері тек сұлу қыздың кейпінен бұрын құс болып, оның ішінде аққу болып келеді. С.Қондыбай бұл турасында: «Мифологияда аққу – медиатор. Ол суда, жерде, аспанда қозғала алатын образ ретінде үш дүниені жалғастырушы кейіпкерлердің негізгісі болып табылады» [13, 255-б.], - деген. Мифтік символика тұрғысынан қара болсақ: «Лебедь, еще одна солнечная птица, сопровождала Аполлона в еге зимних миграциях в Гиперборею и связывала, таким образом, между собой северные и средиземноморские земли. Знаменитая «лебединая песня» является одним из видов «языка птиц» и этимологически изоморфна. В Индии в изначальных источниках лебедь (hamsa) является верховым животным Брахмы и Варуны и он же высиживает Яйцо Мира (brahmanda) [14, 54-б.]. Демек, салыстырмалы әдебиет тұрғысынан алатаны болсақ, аққу туралы мифтер әр халықта түрліше мән береді. Қазақ мифтерінде Аспани Арулық идеясымен (Соловьев) сай келіп, көбіне сұлулықтың символы бола отырып, көкте бақылап отырады. Олар мейірімді, жаралы, қайғылы адамдарға көмектесу үшін жерге түседі (Қалша батыр мен Аққу туралы миф-аңыз т.б.). Ал су перісі – қазақ ұғымына ырым-нанымдардан белгілі. Халық «түнде суға барма, су перісі қағып кетеді дейді». Осы ретте славян мифологиясына тән «русалка» ұғымын айтып кеткен жөн. Бұл – қазақ танымында жоқ дүние. Бірақ су перісі бар екені рас. Қазақ ақыны Б.Күлеев өз поэмасында лирикалық кейіпкердің қиялдағы аруын жоғалтып алып, оны су аруынан сұрайтын сюжеті бар [15]. Ал славян танымында ол су рухымен байланысты. Ол сұлу қыз кейпінде келеді және жасыл түсті шашы төгіліп тұрады. Олар адамға өте зиянды, «менмұндалап» қол бұлғап шақырып тұрады. Ғалымдар русалканы өлім кейпімен салғастырады. Өйткені русалкалар өліп қалған, суға батып кеткен тірі жандар деп топшылаған. Пушкиннің поэмасын еске түсірейік, онда мынадай жолдар бар: «...там чудеса, там леший бродит, русалка на ветвях сидит...». Неліктен русалка ағаштың бұтағында отыр деп суреттелінген? Себебі, ежелгі танымдық жүйеде ертедегі славяндықтарға русалка әйел пішімді құс түрінде көрініс берген. Тек көп ғасыр өткеннен кейін ғана олар (Сирендер сияқты) «жартылай әйел – жартылай балық» негізімен трансформацияланған. Сонда, айтпағымыз, русалкалар алғашында ағаштың басында құс денелі, бірақ әйел кейіпті болып, өзіне әрбір жанды сұқтандыратын болған. Бұл жоғарыда айтып кеткен қазақ мифологиясындағы аққу кейпімен ұштасып жатыр. Халық танымы бойынша, егер оған бір ер адам қызыға қараса, олар әлгі ер адамды міндетті түрде суға батырып өлтіретін болған.
Әлгі жоғарыда айтқан қазақ ұғымындағы пері хикаялық мифонимінің үш әлемді байланыстырушы дейтін болсақ, гректердегі «нимфалар» барлық жерде (тау, тас, батпақ, су т.с.с.) мекендесе, славян ұғымындағы «русалка» ұғымы тек суда мекендегенмен, алғашқы тамырында ағаш басында өмір сүргендігі айқындалып отыр.
Сайып келгенде, үш халық дүниетанымын, мифтік ойлау жүйесін саралай келе, олардың бәрінің бір арнадан, бір бұлақтан өрбігендігін байқаймыз. Уақыт өте келе, трансформацияланған хикаялық кейіпкерлер дегенмен бір-біріне ұқсас келеді. Бұл жерде мифті ұлттық таным мен болмыс, пішін мен түр, ойлау мен сана билейтінін ұмытпауымыз керек. Өйткені миф – халықтың арманшыл, қиялшыл жаны.