Төреқұлов Н. Профессор Б.Кенжебаевтың творчествалық өмірі (1974).
ЖЕКЕ КІТАП БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ КӨРСЕТКІШ:
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
Абылай: Қазақ халқының ерлік тарихынан. – Алматы. ҚБМБ, - 1943, - 20-б.
Мазмұны: Кіріспе. І бөлім. ІІ бөлім. Ш бөлім. ІҮ бөлім. Ү бөлім. ҮІ бөлім. ҮІІ бөлім. ҮШ бөлім.
Абай - қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы. – Алматы. - ҚМКӘБ. - 1954, – 37-б.
Мазмұны: Абай. Қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы. Бұл лекция жөнінде мына кітаптар мен материалдарды оқуға, пайдалануға болады.
Әдебиет белестері. – Алматы. - Жазушы. - 1986, – 400-б.
Мазмұны: Бірінші тарау. Ерте дәуірдегі әдебиет нұсқалары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу. «Дивани – лұға - ат түрік». «Кодекс-Куманикус». «Мұхаббат нама». «Қисса – сүл – Сәнбия». Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері.
Екінші тарау. ХҮ - ХҮШ ғасырлардағы әдебиет. Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Қазақ өлеңінің құрылысы.
Үшінші тарау. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Кемеңгерлік кепілі. Ақын шығармаларының текстологиялық мәселелері. Ыбырай Алтынсарин. Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлиханов бейітінде. Ақмолла ақын.
Төртінші тарау. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. Дәуір және әдебиет. Қайраткер, ақын, журналист. Жалынды ақын. Бернияз Күлеев. Мақыш Қалтаев. Әкірәм Ғалымов. Тамырын терең жайған достық.
Бесінші тарау. Қазақ совет әдебиеті. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Р.Бердібаев. Ұстаз, ғалым, азамат.