208
209
құрылымы турылы шешімдерде ең бастысы — өнімді жоспарлау,
өткізу, жылжыту жəне баға. Ұйымдағы əрбір СШБ үшін жеке
стратегия қажет; бұл стратегиялар үйлестірілуі керек.
Нарыққа ену стратегиясы СШБ үшін нарық өскен кезде немесе
əлі қанықпаған уақытта тиімді.
Нарықты дамыту стратегиясы мынандай жағдайларда тиімді:
жергілікті фирма өз нарығын кеңейтуге талпынса; өмір салты
мен демографиялық факторлардың нəтижесінде нарықтың жаңа
сегменттері пайда болса; жақсы танымал өнім үшін қолданудың
жаңа салалары анықталса.
Тауарды жасау стратегиясы СШБ-ның сəтті деп саналған
бірқатар сауда маркасы тұтынушылардың шынайы берілгендігіне
ие болғанда тиімді.
Диверсификациялау стратегиясы ұйымдар бір СШБ-ға неме-
се бір ассортименттік топқа шектен тыс тəуелді болмау үшін қол-
данылады.
«Бостон консалтинг груп» матрицасы компанияға өзінің
əрбір СШБ-сын оның бəсекелестерге қатысты нарықтағы үлесі
бойынша жəне саладағы жылдық өсу қарқынына қарай жіктеуге
мүмкіндік береді. Фирма матрицаны қолдану арқылы, біріншіден,
қандай СШБ-ның бəсекелестермен салыстырғанда жетекші рөлге
ие екендігін, екіншіден, өз нарықтарының динамикасы қандай
екендігін (нарықтар даму үстінде ме, тұрақтанды ма, əлде қысқаруда
ма?) анықтай алады.
Матрица СШБ-ның төрт түрін жіктейді: «жұлдыздар», «сауын
сиырлар», «қиын балалар» («сұрақ белгілері»), «иттер» жəне олар-
дың əрбірі үшін жеке стратегияны қарастырады (8.3.3. сурет).
Нарықтағы салыстырмалы үлес дегеніміз, стратегиялық ша-
руашылық бөлімшесінің саладағы жетекші бəсекелестерге қатысты
нарықтағы үлесін білдіреді.
Саланың даму қарқыны аталмыш нарықтағы ұқсас компания-
лардың жыл сайынғы өсімін білдіреді (мысалы, қант қосылмаған
сағыз нарығы).
Жоғары Төмен
Стратегиялық Маркетингтік
шаруашылық стратегия:
бөлімшесінің
белгілеуі Маркетингтік күш
салуды нарықтағы
үлесті сақтау «Жұлдыз»
немесе арттыру үшін
қарқындату
Стратегиялық Маркетингтік
шаруашылық стратегия:
бөлімшесінің
белгілеуі
«Қиын бала» Маркетингтік күш
(«сұрақ белгісі») салуды
қарқындату немесе
нарықтан кету
Стратегиялық Маркетингтік
шаруашылық стратегия:
бөлімшесінің
белгілеуі
«Сауын сиыр» Пайданы өсіп келе
жатқан стратегиялық
шаруашылық бөлімшелерге
көмекетесу үшін пайдалану,
қазіргі жағдайды қолдау
Стратегиялық Маркетингтік
шаруашылық стратегия:
бөлімшесінің
белгілеуі
«Ит» Күш салуды азайту
немесе сату
Достарыңызбен бөлісу: