1 2 3 74
Универмаг
Тауарлардың бірнеше ассортименттік топтарын
(əдетте киім, үй тұрмысының заттары мен
тұрмыстық тауарлар) ұсынатын, əрбір
ассортименттік топпен мамандандырылған
сатып алушының басшылығымен жекелеген
бөлім айналысатын бөлшек сауда ұйымы.
75
Универсам
Үйді күту тауарларын, жуу-тазарту құралдарын
жəне азық-түлік сатуға арналған сату көлемі
үлкен, үлесті табыстылық деңгейі жоғары емес,
шығындар мөлшері төмен өзіне-өзі қызмет
көрсетудің салыстырмалы түрдегі ірі кəсіпорны.
76
Күнделікті
сұраныс
тауарларының
дүкені
Тұрғылықты аудан маңайында орналасқан,
аптаның 7 күнінде кешке дейін ашық болатын,
айналымы жоғары күнделікті сұраныс
тауарларының шектеулі ассортиментін
ұсынатын салыстырмалы түрдегі шағын дүкен.
77
Құрамдасты-
рылған
универсам
Еркін сатылатын жəне рецепт бойынша
берілетін дəрілерді қосу арқылы ассортименті
кеңейтілген универсам түрі.
78
Кең бағдарлы
универсам
Əдетте сатып алынатын тағамдық
жəне тағамдық емес тауарлар бойынша
тұтынушының қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыруға ұмтылатын жəне көлемі
бойынша жай универсамнан үлкен бөлшек
сауда кəсіпорыны.
79
Сауда кешені
Көлемі кең бағдарлы универсамнан үлкен,
құрамына универсам, төмендетілген бағалар
дүкені жəне бөлшек сауда қойма-дүкені кіретін
бөлшек сауда кəсіпорыны.
80
Төмендетілген
бағалар дүкені
Табыс нормасын төмендету жəне өткізу көлемін
ұлғайту есебінен стандартты тауарларды
аса төмен бағалармен сататын бөлшек сауда
кəсіпорыны.
81
Қойма-дүкен
Тауарлардың үлкен көлемін төмен бағамен
сатуды мақсат ететін, қызмет көрсету көлемі
шектеулі, шамадан тыс шығындануы жоқ
төмендетілген бағалар сауда кəсіпорыны.
82
Каталогтар
бойынша сауда
жасайтын
көрсету залы-
дүкен
Əдетте жоғары бағамен сатылатын жақсы өтетін
маркалық тауарлардың кең ассортиментін
өткізу үшін төмен бағамен сату ұстанымын
жəне каталогтармен сату ұстанымын
қолданатын бөлшек сауда кəсіпорыны.
83
Маманданды-
рылған дүкен
Тар тауарлық ассортимент ұсынатын бөлшек
сауда мекемесі.