А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3


-мақ жұрнағы етістік негізінің болымсыз түріне қосылмайды. Сол себептен  есімшеге (емес, жоқ)



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата18.04.2023
өлшемі336,16 Kb.
#83789
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
223-563-1-SM

-мақ жұрнағы етістік негізінің болымсыз түріне қосылмайды. Сол себептен 
есімшеге (емес, жоқ) дәнекерлері тіркесіп қана болымсыздық мағына білдіреді», 
– дей келе ескерту ретінде мынаны айтады: 1. -мақ (-мек) формасы арқылы туған 
есімшелерден зат есімге айналып кеткен сөздер аса көп (құймақ, піспек, ілмек, 
шақпақ, соқпақ, қыспақ т.б.). 2. Қазіргі қазақ тіліндегі -у (алу, келу, жазу), -ушы 
(сөйлеуші, өтінуші), -аған (-еген), -ашақ (келешек, болашақ), -мыс (тұрмыс, 
болмыс, жазмыш, алдамыш), -ман (аларман, берермен), -ды (-ді) формалары ерте 
кезде есімше жұрнақтары болған. Бірақ бұлардың ішінен тек -ды (-ді) формасы 
ғана (бар-ды-м, кел-ді-м) бірыңғай таза өткен шақтың көрсеткішіне айналған; өзге 
формалар шақтық мәнді білдіре алмайтындықтан, есім жұрнақтарына айналып 
кеткен» [10, 304-305-бб]. 
Бұл форма публицистикалық стильден гөрі көркем әдебиет стилінде баяндау 
түріндегі жанрларда кездесетіні байқалады және автор сөзінен гөрі кейіпкер тілінде 
көбірек кездесетіні байқалады. Онда да сұраулы сөйлем баяндауыштарын жасауға 
қатысады: – Оны не қылмақшы? – Онымен не айтпақшы? Не демекшісің? т.б. 
Келесі кездесетін жері, ауызекі сөйлеу тілінде екені белгілі. Ал «Қазақ» газетіндегі 
кездесуі ауызекі тілдің әсеріне байланысты сияқты. Осы форма қазіргі кезде 
газеттерде қолданыла қалғанда, қылмақшы екен, айтпақшы еді, атқармақшы 
көрінеді т.б. көмекші етістіктің тіркесуімен көп қолданылады. Немесе -мақ-шы 
формасының орнына  жұрнағымен келген тұйық етістіктің өзге бір етістіктермен 
тіркесіп жазылуы көбірек кездеседі. Сөйтіп, публицистикалық стильде келер шақта 
орындалатын қимыл-әрекетті жеткізудің күрделі етістіктен жасалатын түрімен 
жеткізу нормаланған. Яғни аналитикалық құрылымдардың қатысымен жазу, сол жазу 
әсерімен сөйлеу белгілі бір жүйеге, стандартқа айналған. Мысалы, -у + етістік-іске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет