Мәді сөзі маһдига сілтеніпті. Керісінше болу керек қой. Ғылымсымақ деген сөзді ғалымсымақ сөзіне сілтепті. Неге? Бұлар бөлек-бөлек сөздер ғой.
7) Қазақ тілінің орфографиялық создігінде «тұяқкесті» деп жазылып берілгеніне қарамастан сөздікші бұл сөзді тұяқкештіге сілтепті. Академик І.Кеңесбаевтің фразеологиялық сөздігінде бұл сөз «тұяқкесті» деп алынған. Қайсысы дұрыс? Сөздікшінікі ме, академиктікі ме?
8) 15 томдықта мүдарис, мүдаррис, мүдәррис варианттары жеке-жеке алынып, үшеуі де мүддәррис сөзіне сілтенген, мысалдар берілген. Бірақ мүддәррис сөзі сөздікте жоқ. Есесіне сөздікте ол сөздің мүдаррис деген жуан варианты бар. Оған да анықтама берілген. мысалдар келтірілген.
Сілтенген сөздерінің өздері сөздікте жоқ мұндай атау сөздер 15 томдықта аз кездеспейді. Сондықтан олардың біразын ғана тізіп берелік: амбы>анбы, бақатіс>тісбақа, канун>қанун, кампорка>камфорка, костюм>кәстөм, көпе>көпене, қамшаусыз>қамсаусыз, мондалина>мандалина, мүдега> мүддәга, поезд>пойыз, саржұлдыз>сарыжұлдыз, сарқұлақ>сарықұлақ, шөрлік>шөлдік т.б.
Мен бұл жерде қай сөздің қай сөзге сілтенілгенін ғана көрсетіп отырмын. Бұлардың екінші қатарда тұрған сөздері, яғни сілтенген сөздер 15 томдықта атымен жок. Олай болса, олар неге, несіне сілтенілген?
9) 15 томдыққа алынған кейбір атау сөздер мен күрделі сөздердің жазылуы орфографиялық жағынан көңілге қонбайды. Мәселен, бірдей жазылуға тиісті біраз сөздер онда екі түрлі жазылып, жеке жеке алынган: аһла-аһыла, жағлан-жағылан, қаймал-қайымал. Аха-хала - қос сөз, ахахала - біріккен сөз т.б.
10) Қара таяқ, таз қарын дегендер 15 томдықта бөлек жазылып, сөз тіркесі ретінде берілгеп. Орфографиялық сөздікте бұлар бірге жазылып жүр. Орфографиялық сөздікте бірге жазылған төртбұрыш, төрткөз («терткөз ит» дегендегі), шалақазақ сөздері 15 томдықта бөлек жазылып, тұрақты соз тіркестері ретінде алынған.
Бұдан бұрын да айтқанбыз, «Орфографиялық сөздікті де, он бес томдықты да А.Байтұрсынұлы атындагы Тіл білімі институты жасаған. Өздері жасаган орфографиялық сөздікке өздері бағынбаса, институт қызметкерлері басқа елден оны қалай талап ете алады?!
11) «Мақтаның дәні, ұрығы» деген мағына беретін сөзді «Орфографиялық сөздікте» шиті және шиіт деген екі вариантта беріпті. Бұл екі сөз ҚӘТС-те де дәл осылай, екі түрлі тұлғада алынган. Біздің ойымызша, сөздікке бұлардың бір-ақ сынарының алынғаны дұрыс.
12) ҚӘТС-тің ез мәтіні де орфографиялық қателерден, қойылмай кеткен тыныс белгілерден құр алақан емес. Мысалға сөздіктегі жоғарыда сөз болған сәукеле сөзінен басқа, мүсәтір, су сөздеріне берілген анықтамаларға қараңызшы, оларда кемінде 3-4 үтір қойылмаған. Мұндай олқылықтар сөздікте жиі кездеседі. Көз жеткізгіңіз келсе 15 томдықтың мына беттеріне қараңыз: 2,245; 2, 375; 2,404; 3,101; 3,102; 3,143; 3,162; 3,333; 3,736; 4,649; 6,301; 8,425; 8,681; 8.583; 8,584; 9,95; 9,406; 9,662; 10,324; 10,336; 10,750; 11,113; 11,719; 77,728; 12,181; 12,696; 13,359; 13,563; 13,575; 14,51; 14,548; 14,620; 14,633; 15,212; 15,422; 15,452; 15,521; 15,551; 15,609; 15,621; 15,663 т.б.
13) ҚӘТС-ті құнттап оқыған адам оны түзушілердің ұқыпсыздықтарына, қүнтсыздықтарына кездесіп қалуы ғажап емес, Өйткені мұндай олқылық 15 томдықта жиі ұшырасады. Мысал келтірейін.
Сөздікші жөйт сөзіне зат. сөйл. деген шартты белгілер қойып, оны жойыт сөзіне сілтепті де, екі мысал беріпті. Бірақ ол мысалдардың екеуі де бір ғана жазушының бір ғана кітабынан алынған бір ғана сөйлем. Жойыт сөзі калай екен деп қарасам, оған жоғарғы жазылғанға қайшы келетін сын. деген грамматикалық белгі койылыпты. Сонда жойыт/жөйт сөзі сын есім бе, зат есім бе? Оны тіл мамандарының өздері ажырата алмаса, басқа кім ажыратады? Жержастық сөзіне де М.Әуезовтың бір сөйлемін екі рет алған.
14) Сөздікші жүзді' сөзін, оның түрақты тіркестерін жазып отырып, кенет жылыжүзді деген атау сөзді алып, оған сын. деген грамматикалық белгі қояды, анықтама және үш мысал береді. Сөйтеді де, әлгі жүзді" сөзінің тұрақты тіркестерін алуды қайта жалғастырады. Жылы сөзіне барганда бұл сөзді жылы жүзді деп, бөлек жазып, тұрақты сөз тіркесі ретінде тағы алып, оған 5 мысал береді.
15) Набатат сөзін жазып біткеннен соң, нәбатат сөзін алып, оны набататқа сілтейді де, Абайдан мысал келтіреді. Содан кейін НА деген жуан буыннан басталатын сөздерге кайта ауысады. Ал НӘ буынына барғанда нәбатат сөзін тағы алып, бұл сөзді үш мағынаға бөледі. Оның 2-ші, 3-ші мағыналары артық. 1-ші мағынаға набатат сөзіндегі Абайдан алынған әлгі мысалды қайта береді. Сонда Абай қайсысын қолданған: набатат деп пе, нәбатат деп пе?
16) Құрылымдау сөзіне «құрылымда етістігінің қимыл атауы» деген анықтама берілген. Дұрыс-ақ делік. Бірақ құрылымда түбір етістігінің өзі сөздікке алынбаған.
17) Біраз сөздердің анықтамада көрсетілген мағыналарына оның мысалдары сай келмей жатады. Мәселен, «бағзы» сөзіне «кейбір, қайсыбір, бірқатар, бірсыпыра» деген синонимдік анықтама берілген. Оған берген мысалы «Бағзы уақытта, төлдің алғашқы дәуірінде…» деп келеді. Бұл мысалдағы бағзы сөзі - «кейбір, қайсыбір» дегенді емес, «баяғы, бұрынғы, ертедегі» деген мағынаны білдіріп тұр.
18) Кейде атау сөз сөздікке алынады. Бірақ оған анықтама берілмей, тек мысалын беріп, өте шығатын жағдайлар да кездеседі (Шамасы, анықтаманы қалай берерін білмеген болу керек). Бұған дәлелді кершақат, көдекте, пайтахты, түмен (2-ші мағынасы) атау сөздері мен шулан тарту тіркесінен табасыз. Жазылған анықтама аяқталмай қалған жерлер де жоқ емес, Мысал үшін бәрпі2, мойнақ2 сөздерінің анықтамаларына қараңыз.
19) Кейде сөзге (мағынаға) берілген мысалдың қайдан алынғандығы көрсетілмей кетеді. Әлдеқашаннан, түйесіңір (2-ші мысалы) сөздерінің мысалдары сондай кінәраттарға ұшыраған.
20) Егер сіз он бес томдық ТС-те ұқыпсыздық пен жөнсіздікке көзіңізді жеткізгіңіз келсе, мен құсап сөздіктің әр томын ақтарып, оның әр бетін оқып, әуре болудың қажеті жоқ, тек 9-шы томның 573 бетін ғана ашсаңыз жетіп жатыр. Атау сөздердің әліпбилік ретін сақтамау (қисында- су-қисыққанат), біріктіріліп жазылатын сөзді бөлек жазу (қисық төс), бөлек жазылатын сөзді біріктіріп жазу (қисықсызық - бұл сөз орфографиялық сөздікте бөлек жазылған), бір сөзді екі рет алу (қисын - 573, 574; қисындасу
- 573, 575), бір сөз тіркесін біріктіріп жазып, бір рет (қисықсызық), бөлек жазып, екінші рет алу (қисық сызық), бір сөз тіркесін бөлшектеп, екі не үш сөз тіркесіне айналдыру (қисық табан, қисық табан етік), сөз тіркесі бола алмайтын тіркестерді сөз тіркесі ету (қисық бетті, қисық жорыды), сөздікке алынуға құқысы жоқ сөз бен сөз тіркесің сөздікке алу (өтпелі қисық сызық) дегендердің бәрін осы томның осы бетінен табасыз.
21) Сөз мағыналары сараланғанда кейде 1-ші мағына деген цифр тұрады, бірақ ол сөздің 2-ші, 3-ші мағыналары жоқ болып шығады немесе бір деген цифрдан кейін екінші деген цифрды тастап кетіп, үшінші мағынаны жазады. Болмаса үшінші мағынадан кейін тағы да үш деген цифрды қайталап қойылып, келесі мағынаға ауысады.
Бұларға мысал сөздіктің мына беттерінде бар: 3,207; 6,219; 6,498; 7,150; 8,325; 8,366; 8,723; 14,200; 15,266; 15,443 т.б.
2 2) Әдетте атау сөзге берілген мысалда сол сөз тұруы керек. ҚӘТС-ті жасаушыларда атау сөзі бір басқа, мысалдағы сөзі екінші басқа болып келеді. Немесе әлгі атау сөздің өзі мысал ішінде жоқ болып шығады. 7-кестеге қараңыз:
23) Түсіндірме сөздікке алынған сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы әліпбилік жүйе бойынша орналасатындығы белгілі нәрсе. Солай бола тұрса да. 15 томдықтағы атау сөздердің, сөз тіркестерінің әліпбилік жүйелері әр уақыт сақталына бермейді. Мәселен, 4-томдағы дәбірле сөзі мен дәз сөздерінін аралығына дегбір сөзі, оның тұрақты тіркестері кіріп кеткен. Бұл - сөздік жасаушылардың кейбіреулері әліпбилік жүйені жақсы білмейді деген сөз.
Мұндайлар 15 томдықта аз емес. Сондықтан біз әліпбилік жүйесі бұзылған кейбір томдарды, олардың беттерін көрсетіп қана өтелік: 1,98; 1,309; 1,418; 1,667; 2,580; 3,15; 3,109; 3,143; 3,303; 3,313; 3,731; 3,738; 4,540; 6,65; 6,91; 6,137; 6,141; 6,209; 6,272; 6,607; 7,164; 7,237; 7,512; 7,703; 8,44; 8.166; 8.208; 8,484; 9,152; 9,573; 10,504; 11,225; 11,314; 11,418; 11,419; 11,480; 11,523; 12,25; 12,329; 12,409; 12.652; 12,689; 12,705; 12,706; 12,748; 13,416; 13,652; 14,49; 14,123; 14,668; 14,686; 14,707; 15,53; 15,195; 15,231; 15,299; 15,423; 15,565; 15,746 т.б.
24) Омоним сөздерді бір-бірінен ажырататын белгі - олардың шекесіне койылған нөмірі. Неге екені белгісіз, тұлғасы бірдей есім сөздер мен етістіктер қатар келсе, 15 томдықты жасаушылар есім сөздердің шекесіне 1, 2, 3 деген сияқты омонимдік белгілерді қояды, ал етістіктерге ондай белгі қоймайды. Шамасы, олар етістіктер есім сөздермен омоним бола алмайды деп түсінетін сиякты.
25) Омонимдерге белгі қоюға байланысты екінші кемшілік - сөздің шекесінде «бір» деген белгі тұрады. Соған қарап, екінші омонимді іздесең, ондай омоним сөздікте жоқ болып шығады. Мыс.: бөбек, жоргем, жүйе, көшірме, қорыл, мойын, мұндар, төстабан, түйме, түлек, үсті, шақай т.б.
26) Кейде тіпті омоним сөздер сөздікте қатар тұрады, бірақ олардың ешқайсысының шекесіне омонимдік белгі койылмайды. Мыс.: албырат, аршыл, кекірт, кешіл, тыным, тыныс, тырқылдақ, шатынауық т.б.
Міне, 15 томдықтағы ұқыпсыздық, құнсыздық, немкеттілік дегендердің көріністері осындай.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қалиев Б.Қ. Түсіндірме сөздік жасаудың теориясы мен практикасы(он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» сараптама) – Алматы, 2015, 216 бет.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі : он бес томдық ; жалпы ред. басқ. А. Ысқақов, Н. Уәли .- Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011 .– (Тілтаным. – Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары . Т. 14 . Т-Ұ– 798 б.
Достарыңызбен бөлісу: |