А. Байтұрсынұлы фонетикаға қатысты зерттеулері



Дата21.04.2022
өлшемі3,77 Mb.
#31713
түріОқулық

А. Байтұрсынұлы фонетикаға қатысты зерттеулері

Студент: Қуантай Ақбота

Тобы: 105 топ


А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды.

«Əліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дəл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы», – деп жазды тұңғыш қазақ əліпбиінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы 
  • А. Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» (қазақша əліппе) буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі, харіп секілді терминдер берілген. Ал, 1914-1915 жылдары жəне одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ тілінің сарфы) қазіргі таңдағы қазақ тіл біліміндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдердің негізін қалаған оқу құралдарының бірі.

 А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың өзара ерекшелігі

А.Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарға сипаттама (1912 жылы жарияланған

«Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп берілген жіктелім бойынша)

Қазақ грамматологиясының негізін қалаған А. Байтұрсынұлы.

Ақымет төте жазуды дыбыс əдіс жолына негіз еткендігін ескерсек, дыбыс негізді əдіс арқылы метатіл орын алады. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі ғылымында грамматологияның метатілін қалыптастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет