А. Байтұрсынұлының туған жерін көрсетіңіз



бет1/2
Дата28.11.2022
өлшемі24,79 Kb.
#53301
  1   2
Байланысты:
Тест Байтұрсынов


  1. А.Байтұрсынұлының туған жерін көрсетіңіз:

А. Қостанай облысы Б. Ақмола облысы
В.Торғай облысы Г. Семей облысы
Д. Түркістан облысы
2. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа,бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз:
А.«Аққу,шортан һәм шаян» Б. «Қартайған арыстан» В. «Шымшық пен көгершін» Г. «Ат пен есек»
Д. «Маймыл»
3. А.Байтұрсыновтың жұртшылықты оқуға,өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, мәдениетті уағыздауға, еңбек етуге үндеу түріндегі жинағын тап:
А. «Ер Сайын» Б.«Маса» В. «Ақ жол»
Г. «Тіл-құрал» Д. «23 жоқтау»
4. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде «Қазақтың бас ақыны» мақаласын қай жылы жазды:
А. 1913 ж Б. 1917 ж В.1914ж
Г. 1919 ж Д. 1911 ж
5. А.Байтұрсынов «Қырық мысалды» кімнен аударғанын табыңыз:
А. Толстой Б. Пушкин В. Достоевский
Г. Крылов Д. Потанин
6. А.Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз:
А.«Қазақтың бас ақыны» Б. «Құйрықты жұлдыз»
В. «Ұлттың ұлы ұстазы» Г. «Халық қаһарманы»
Д. «Кемеңгер»
7. А.Байтұрсынов жаңалығын табыңыз:
А. Мысал жазды Б. 7-8 буынды өлең ұйқасын енгізді
В. Араб графикасына негізделген қазақ әліппесін жасады
Г. Заңдар жинағын шығарды Д. Мектеп ашты
8. А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесінен қандай қорытынды шығады:
А. Достыққа берік болу Б. Еңбек-түбі береке
В. Әдептілік-арлы қасиет
Г. Адамның кеудесін көтергені-ақылы жоқтығы.
Д. Отанын сүю-асыл қасиет
9. А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағын шығарудағы мақсаты не:
А. Қазақ балаларының білімін көтеру
Б. Жерді қайтарып алу
В. Ұйықтап жатқан халқын маса болып ояту
Г. Кітап шығару ісін қолға алу Д. Ел қамын ойлау
10. А.Байтұрсыновтың бастырған эпостық жырын көрсетіңіз:
А. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Б. «Манас»
В. «Қыз Жібек» Г. «Еңлік-Кебек» Д.«Ер Сайын»
11. А.Байтұрсынұлының 1909 ж.қамалғанға дейін атқарған қызметі:
А. Аудармашы Б.Қарқаралыда мұғалім
В. Почта қызметкері Г. Редактор Д. Адвокат
12. А.Байтұрсынов 1913-18 жылдары қай газетте редактор болды?
А. «Еңбекші қазақ» Б. «Дала уалаяты»
В. «Қазақ» Г. «Жас алаш» Д. «Еңбек ері»
13. А.Байтұрсынов өмір сүрді:
А. 1835-1865 Б. 1845-1904 В. 1847-1937
Г.1872-1937 Д. 1866-1935
14. А.Байтұрсыновтың бізге жетпеген еңбегін белгілеңіз:
А. «Мәдениет тарихы» Б. «23 жоқтау»
В. «Ақ жол» Г. «Қырық мысал» Д. «Маса»
15. “Бес арыстың” бірін белгілеңіз.
А. Абай Құнанбаев Б.Ахмет Байтұрсынұлы.
В. Әлихан Бөкейханов Г. Ыбырай Алтынсарин
Д. Міржақып Дулатов
16. Ахмет Байтұрсыновтың Қырық мысалы басылып шыққан жерді белгілеңіз.
А. Қазанда Б. Мәскеуде В. Петербургте
Г. Алматыда Д. Қызылордада
17. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін белгілеңіз.
А. Жазғытұры Б. Сыр сандық В. Үш қиян
Г. Анама хат Д. Ақтан жас
18. Қазақ салты, Қазақ халқы, Жиған-терген өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
А. Ахмет Байтұрсынов Б. Ілияс Жансүгіров
В. Сәкен Сейфуллин Г. Абай Құнанбаев
Д. Ыбырай Алтынсарин
19. Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса. Сап-сары аяқтары ұзын маса...-қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар екенін көрсетіңіз:
А. Шәкәрім Құдайбердіұлы Б. Спандияр Көбеев
В. Сұлтанмахмұт Торайғыров Г. Мағжан Жұмабаев Д. Ахмет Байтұрсынов
20. Ахмет Байтұрсынұлының атасының есімі
А. Шошақ Б. Шашақ В. Шақпақ
Г. Балмағанбет Д. Ерғазы
21.  Ахмет Байтұрсынұлы орыс-қазақ мектебін қанша жасында бітіреді
А. Сегіз Б. Он В. Тоғыз Г. Алты Д. Он екі
22. А.Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбегін көрсетіңіз
А. Әдебиет танытқыш Б. Маса В. Қазақ
Г. Тіл құрал Д. Қазақ
23. А. Байтұрсынұлы жайлы түсірілген көркем фильм
А. Ахмет. Ұлт ұстазы Б. Ел қорғаны
В. Жаужүрек мың бала Г. Бұл ғасырдан емеспін
Д. Мен жастарға сенемін
24. А. Байтұрсынов әйгілі орыстың қай ғалымына арнап өлең шығарған
А. Достоевский Б.Пушкин В. Толстой
Г. Г.Потанин Д. Уәлиханов
25. «Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам»- деген жолдар қай өлеңнен үзінді?
А. Анама хат Б. Оқуға шақыру В. Бақ
Г. Ала қойлар Д. Адамдық диханшысы
26. Қай қаладағы училищеде директордың іс жүргізуші лауазымында жұмыс істейді?
А. Қарқаралы Б.Мәскеу В. Омбы
Г. Петербор Д. Семей
27. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын белгілеңіз.
А. Анама хат Б. Қазақ қалпы В. Жиған терген
Г. Қасқыр мен қозы Д. Теректің сыйы
28. «Қазақ» газетін кімдермен бірлесіп шығарды
А. А.Құнанбаев, С.Сейфуллин
Б. І.Жансүгіров, М.Әуезов
В. Қ.Сәтбаев, М.Жұмабаев
Г. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов
Д. Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев
29. А.Байтұрсыновтың жары
А. Бәдрисафа Б. Гүлсім
В. Надежда Г. Айкүміс Д. Айнаш
30. А.Байтұрсыновтың анасының есімі
А. Зере Б.Айғаным В. Айкүміс
Г. Меңсұлу Д. Күңші




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет