А. Байтұрсынов. С. Көбеев. С. Бегалин. А. Байтұрсыновтың ұстаздық ғылыми еңбектерінің мәні


С.Көбеевтің төл шығармалары – шағын әңгімелері мен өлеңдері



бет3/4
Дата28.09.2022
өлшемі27,36 Kb.
#40603
1   2   3   4
Байланысты:
àdebiet.pmno21.1

2. С.Көбеевтің төл шығармалары – шағын әңгімелері мен өлеңдері.
C.Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тəржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал кіргізген. Қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар (олар Ушинский, Л.Толстой жəне Ыбырай Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады).
С.Көбеев мысалдары өлеңмен де, қарасөзбен де жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті сюжеттік тұрғыда бір-біріне ұқсас келетіндері де бар. Мəселен, ақынның өлең түріндегі «Арыстан мен тышқан» жəне қарасөзбен жазылған «Құмырсқа мен көгершін» мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі.
«Арыстан мен тышқан» мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі келгенде көмек берем» деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,
Жаратты жанға не қып бізді құдай.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз
Жақсылық болатынын тышқаннан да.
Тышқан өзін құдайдың тектен текке жаратпағанын ескертеді. Бұл жерде Алтынсарин ықпалы айқын сезіледі. Өйткені өлеңмен жазылған мысалдарының көпшілігінде ақын құдайды ауызға жиі алады. Тышқанды қоя бергеннен кейін автор «Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай, жаратқан ризық беріп жанды құдай» дейді.
С.Көбеев көпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында мұғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен Юпитер» мысалы. 1901 жылы ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін жерге мұғалім болып барады. Он төрт шаршы метр шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді:
«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер».
1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш.Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық шығармасында ««Үлгілі бала» хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді. Ақын хрестоматияның екінші бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған.
«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» өлеңімен ашылады:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мəз болмай деген сөзге, мырза ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен əтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сəуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.
Ал С.Көбеевтің 1988 жылы «Жалын» баспасынан «Орындалған арман» деген атпен жарық көрген кітабында мысал саны 37 деп берілген. Осылардың арасында мысал есебінде ұсынылған
«Жетімнің өлеңі» «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты хрестоматияда (1983) «Үлгілі бала» кітабынан алынған етіп көрсетілген. Академик С.Қирабаев С.Көбеевтің ««Үлгілі балаға» енген бірқатар төл шығармаларын жетім-жесірлердің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен əңгімелер деп сипаттайды.
С.Көбеев көпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында мұғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен Юпитер» мысалы. 1901 жылы ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін жерге мұғалім болып барады. Он төрт шаршы метр шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй.«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді: «Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер». 1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш.Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық шығармасында ««Үлгілі бала» хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді. Ақын хрестоматияның екінші бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған.
«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» өлеңімен ашылады:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мəз болмай деген сөзге, мырза ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен əтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сəуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.
Ал С.Көбеевтің 1988 жылы «Жалын» баспасынан «Орындалған арман» деген атпен жарық көрген кітабында мысал саны 37 деп берілген. Осылардың арасында мысал есебінде ұсынылған
«Жетімнің өлеңі» «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты хрестоматияда (1983) «Үлгілі бала» кітабынан алынған етіп көрсетілген. Академик С.Қирабаев С.Көбеевтің ««Үлгілі балаға» енген бірқатар төл шығармаларын жетім-жесірлердің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен əңгімелер деп сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет