41
Ағаштың
сөзін Мұжық қабыл алды,
Қиратып, бәріне де ойран салды.
Кесіліп ағаш біткен жан-жағында,
Сорайып манағы Ағаш жалғыз қалды.
Қираған ағаштарға қарап тұрып,
Қуанды мұқатқандай жауын қырып.
Біреудің бағы бастан көшерінде
Қас болар жақынымен Құдай ұрып.
Айырылып
жан-жағында панасынан,
Қорқады өтсе-дағы құйын жүріп.
Ұрынып жаз ыстыққа, қыс суыққа,
Біресе бұршақ соғып, болды құрып!
Ол
қанша пайда тапты жалғыз тұрып,
Өзгенің әлек етіп бәрін қырып?
Ағашта қурап тұрған әл болсын ба,
Кетіп ед дауыл соғып, қалды сынып.
Сонда оған сынып жатқан, жылан келді.
«Өзіңе
бәле тілеп алдың, – деді,
Қорғаушы жаныңдағы Ағаштардың
Кінәсіз бәріне лаң салдың, – деді.
Панаңды желден, күннен қорғап тұрған
Қырғызып,
өзің жалғыз қалдың, – деді,
Алланың арам пейіл сүймес құлы,
Отыңа өзің жаққан жандың», – деді.
* * *
Жігіттер, жақыныңмен болмаңдар қас,
Қас болған жақынымен ақырда оңбас.
Ағайын бірі – пана, бірі – қару,
Кісіге жеке-саяқ бақыт қонбас.
Кей ақымақ әлек етер жақындарын,
Аямай жұмсап күш пен ақылдарын.
Жау түгіл, иттен бойын қорғай алмай,
Қаптырар ақырында тақымдарын.