3. тіл (лұғат) анықтығы
Айтылған лебіз ашық, мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді
күдіктендірмейтін болса,
тіл анықтығы
дегеніміз сол болады.
Лебіз ашық, мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін
анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық
атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды.
Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің
сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана
қоямыз.
Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек:
а) Лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда.
М ы с а л :
Жаман қатын алсаңыз,
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай
Тең құрбысы келгенде,
Жөнді жауап таба алмай
Жалғанда қор болады.
Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға бо-
лады: «Төркініне бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор
болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде жөнді
жауап таба алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады.
167
Сол сияқты мынау да екіұшты лебіз:
«Абай ұрыға қас еді, ұры ауылының маңына жоламаушы
еді». Мұнда «ұры ауылының маңына» Абай «жоламаушы еді»
деп те ұғуға болады, ұры Абай «ауылының маңына жоламаушы
еді» деп те ұғуға болады.
Абайдың мына сөзін екі түрлі ұғуға болады: «Қисық болса,
закон бар судьяға беруге, ол да уезднай емес қой, алуға теңдік
сенуге».
ә)
Сөйлемдер шұбалаңқы айтылып, бір басыңқы сөйлем
қасында көп бағыныңқы сөйлем болса немесе сөйлемдердің
құралу, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе
тыныстар орнына қойылмаса.
М ы с а л:
1) «Өз әкесі Құнанбай... уақытындағы елдің құр мұсыл-
манмын дегеннен басқа діннің не екенін білмей қан жеп,
неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып,
анық шариғат қоспаған істі қылған ғайыры бұзықшылық іс
қылғандарға бек ауыр жаза салып, халық ауыл басы молда
ұстатып, қадары қал ғылымның жолын көрсетіп, үлгі салған
еді».
2) Соңғы уақытта Абай өзі өлеңінің өнер екенін біліп жаза
бастаған соң бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер ор-
нына ғибрат үшін айтпай тіленшілік орнына айтқандықтан
ақындықтың да, өлеңнің де қазақ ортасында бағасы кеткендігін
айтып, өзін олардың ретінен басқа қылып, алмақ пайда үшін
емес, халықты ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін
жазғанын білдіріп, өлең шығарған.
3) Сол себепті жазушылықтың өзі де екінші дәрежеде
қалып салақ болып, берірек ұлғайыңқыраған кезінде өкініш
түсіп, жасында ғылым жолында болмай, қазақтың айқайымен
жүргендіктен, кешірген өмірінің, жазған өлеңінің ретсіз болып
яки ғибрат алмаққа жарамайтындығын, ақылға сыйымсыз жері
болса, кейінгі замандағы сынаушы жастардан өзінің тәрбиесіз,
үлгісіз өскен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі
машақат, әурешілікпен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса
аяп, аз сөге көріңдер деп жазғаны – «Өлсем орным қара жер
сыз болмай ма?..».
168
4) Сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада
меңзеу өрескел болса, мәселен:
Таулардан бұлақ ағар сарқыраған,
Күмістей сәуле беріп жарқыраған, –
дегеннің орнына «таулардан сарқырап, жарқырап, ақ күміс
ағады» десе ...
5) Адас сөздерді аңдап айтпаса, мәселен, «ол елдің адамының
бәрі азулы» дегенде адамның бәрі азып болғанын айтқаны ма?
Болмаса «адамының бәрі мықты, азулы айғырдай» дегені ме?
Анық емес.
6) Сөз өктейсіз орынға қойылғанда, мәселен, күндерде
бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде
шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы
ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да,
орта шеніне барғанда құлап түседі.
Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырсқа» деген сөз құмырсқаның
бір аяғының ақсақ екендігін көрсете ме, болмаса аяғы ақсақ бір
құмырсқа деген мағына ма – белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |