216
Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары
қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі
сияқты екінші өңді ырғақ болады.
Бұл ырғақ сөйлемдердің
ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігі-
мен, сөздерінің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ. Буын
ырғағынан өлең ырғағын айыру үшін, бұл ырғақты
жорғақ
деп
атаймыз.
Өлеңнің жорғағы тіл табиғатына қарай түрлі жолмен келеді.
Сөзден өлең жасап шығару жағынан тіл үшке бөлінеді:
Дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.
1-ші түрде тілдерде мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі
жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың кейбіреулері
созылып, ұзын айтылады. Ондай дыбыстар қалыпты дауысты
дыбыстардың екеуіне бара-бар болады. Мұндай тілдерде өлең
жоғарғы созымды дыбысы бар сөздермен, созымсыз дыбысы
бар
сөздерді реттеп, орналастырумен келеді.
2-ші түрдегі тілдерде екпін буыны сөздің бәрінде бірыңғай
бір орыннан табылады. Мәселен, француз, чех тілдерінде екпін
буыны аяғында келеді.
1-ші түрдегі тілдерде, мәселен, орыс тілінде екпін буыны
бір сөздің басында келсе,
екінші сөздің ортасында, үшінші
сөздің аяғында келеді: қатта бір сөздің өзінде де әман бір жер-
де тұрмай, әр жерге көшкілеп жүреді. Мұндай тілдерде өлең
жоғарғы екпінді буын мен екпінсіз буындарды реттеп орналас-
тырумен келеді.
Қазақ тілінде екпін буыны сөздің иә аяғында келеді, иә
аяғына таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғында келетін
сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа
таяу келетін сөздерімен поляк тіліне ұқсас. Солай болған соң
француз иә поляк тіліндегі сөздерден өлең жасап шығаратын
табиғи жол біздің қазақ тілінің де табиғи жолы болып шығады.
Олай болса, біздің қазақ тілінде өлең шығарудың да негізінің
шарты – буын санын бірдей орнына келтірумен орындалады.
Бұл негіздің шарты орнына келмесе, өлеңнің жорғағы келмей-
ді. Жорғағы келмегенде жорға деуге болмаған сияқты, жорғағы
келмеген өлеңді өлең деуге болмайды
1
.
1
Бұл заңнан тысқары бағытпен жол саламыз дейтін Пұтыршылар деген бар,
бірақ
олардікі әлі жол санына кірмеген жоспар сияқты нәрсе.