294
Ж ұ б а т у ш ы ж а ғ ы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Шешем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Шеше
орнына қайын енең онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей қайдан болсын, жар-жар!
Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңілі турасында да осы ретте
айтылады.
Е с к е р т у: бастапқы ылғи айтылатын екі жол:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, –
дегеннің орнына:
Алып келген базардан қара насар,
Құйрық сәукеле шашың басар, –
деп те айтылады. Жауаптағы айтылатын екі жол:
Есік алды құба тал майда болсын,
Ақ бетімді көретін айнам болсын, –
дегеннің орнына:
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,
деп айтылады.
2) Қыздың жақындары туралы айтылатын жар-жар былай
келеді:
Шымылдығың
серпе сал, көрсін әкең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін әкең, жар-жар!
Жылда-жылда ноғайдан пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!
Шымылдығың серпе сал,
көрсін шешең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін шешең, жар-жар!
Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін шешең, жар-жар!
Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңілісі, інісі туралы да айтыла-
ды.