198
V.
түйдектеу. Аз сөзге көп ой сыйғыза сөйлеу – түйдектеу
деп аталады. Түйдектеп сөйлегенде сөздің әсері күштірек бо-
лады, себебі сөйлем ішінде сөз аз болса, әр сөзге көбірек на-
зар түсіп, ілтипат көбірек айтылады. Көп нәрсеге адам назар
салғанда ілтипаты ыдырап, сиреп түседі.
Мәселен, топ адамды көргенде, назар топқа түсіп, бас-ба-
сына аз түседі. Сондықтан әрқайсысының түрін-түсін, киген
киімін, мінген атын байқамай қаласың. Аз адамды көргенде,
назар әрқайсысына көбірек түсіп, түр-түсін де, киген киім,
мінген аттарын да байқап қаласың. Сөйлем ішіндегі сөз де сол
сияқты. Түйдектей сөйлеудің мысалы мынау:
1) Бақ ерікте; ерік ерлік пен бірлікте; ерік ұранымыз, бірлік
Құранымыз болсын.
(Шырша)
2) Адамына – оқ,
Қаласына – от!
Мұнан басқа бітім жоқ!
( Темірше)
3) Соғыс. Бұ не әурешілік? Қырылған жан, төгілген қан,
шулаған ел, шұбырған босқын, жылаған қатын-бала.
Достарыңызбен бөлісу: