2. ШУМАҚ тҮрлері
1. Екі тармақты шумақ
Қайрат еркін замандарың!
Тарлықта жоқ амалдарың.
* * *
Еркін дала, еркің қайда,
Еркіндегі көркің қайда?
* * *
Нулы-нулы жерің қайда?
Сулы-сулы көлің қайда?
Еркін көшкен елің қайда?
Ел қорғаны ерің қайда?
(Маса)
2. Төрт тармақты шумақ
«Жар-жар» және онан басқа ескі өлеңдердің көбі-ақ төрт
тармақты болады. Бұған мысал келтірудің қажеті жоқ.
3.Алты тармақты шумақ
Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жұбанбай,
Жеттің де тез, өттің, жаз.
Ағаш, шөптер қураған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз.
(Мағжан)
224
Бұлттар басын жасырған,
Жаңа түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден
Жаңа шығып көрінген,
Гүл қамауда семіп тұр.
(Маса)
4. Жеті тармақты шумақ
Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Миллет үшін бегірек.
Әманда сақтан!
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
* * *
Миллетке қызмет,
Жұмлаңа міндет,
«Ұйқыңды аш!» дер едік,
«Надандықтан қаш!» дер едік.
Болмайды үндеп,
Дұшпан тұр күндеп,
Бізде бұл індет.
(Басықараұлы Жүсіпбек)
5. Сегіз тармақты шумақ
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл!
(Абай)
225
«Масада» «Жиған-терген», «Жауап хаттан», Мағжан өлең-
дерінде «Гүлсімге», «От» сегіз тармақпен жазылған.
6. Он тармақты шумақ
Жабылған көз жасымен жердің бетін,
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін,
Жауыздық жалғандықпен қаптағанда,
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп,
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,
Бұзықтық түзіктікті таптағанға,
Қиналып кім болсаң да, талыққандар!
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар!
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
(Маса)
Дұрыс шумақтардың тармақтары осы жоғарыда айтылған
өлеңдердегідей боларға тиіс. Бірақ өлендердің көбі-ақ дұрыс
шумақталмай, тармақтар көбінесе сапырылыс болып келеді.
226
Достарыңызбен бөлісу: |