А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет88/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

іі. ДАрынДы сӨз
Дарынды сөз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз 
алдыңғы баптарда айтылған сөздерден мәлім болғандықтан, 
мұнда қайта баяндаудың қажеті жоқ.
Қара сөз көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі бола- 
тындығы қара сөз түрлерінен анық көрінді. Дарынды сөз 
олай емес, ақындардың, арқалылардың сөзі болады. Ақындар 
ғалымдар сияқты болған уақиғаны яки нәрсені болған күйінде, 
тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, 
қақиқаттауға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған 
уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, 
жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз 
ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі 
ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, ше-
берлігін жұмсайды, сүйтіп шығарған сөзі көркем сөзді шығарма 
болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық болады.
Ақындықтан шыққан сөзді яғни көркем лебізді шығар- 
маларды үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бөледі:
1) әуезеленіп айтылуына қарай, 2) толғанып айтылуына қарай, 
3) ғамалдап айтылуына қарай. Бұлайша бөлу қазақтың жазба 
әдебиетінің түрлеріне келсе де, ауыз әдебиетінің түрлеріне


260
келмейді. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің шығармалары 
айтылу түріне қарай бөлінбей, тұтыну орнына қарай бөлінеді. 
Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиетінің сөздерінің көбі жоғарғы 
айтылған үш салаға үйлеспей, далада қалып қояды. Ауыз 
шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді шығармаларды ғана 
сөз қыламыз. Қазақ ауыз әдебиетінде көсем сөзді шығармалар 
жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп өту қажет 
болады.
Жазу-сызу жоқ жұртта көсем сөзді шығармалар болмайды, 
себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым де-
геніміз – дүниені яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса, 
дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, 
дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңылауы дұрыс 
болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар 
теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың 
ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сөздері біздерге 
шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспай-
ды.
Қай халықтың да болса, жазу-сызу білмеген заманы болған, 
сондықтан ерттегі сияқты өтірік қай халықта да болса бар.
Әдебиет сөзін тәртіптеп, тапқа бөлу керек. Жұртынан 
шыққан олар ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш 
тапқа бөлген: 1) әуезе, 2) толғау, 3) айтыс. Не үшін олай бөл- 
ген мәнісі әр табы бас-басына баяндалғаннан көрінбекші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет