310
Құдай берген таусылмас,
Өлшеп берген дәміңіз.
......................................
Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болғандықтан, көп сөз
қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп, үйткені зекет
берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп,
әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз.
2.
Хикаят. Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері
хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен
шығарған сөздер емес, діннен басқа жағынан да өнеге көрсету
үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі бола-
ды.
М ы с а л:
Бекер босқа жүргенше бойды балап,
Жақсы депті әр іске қылған талап.
Пайғамбары құданың заманында
Жүреді екен бір жігіт бекер қарап.
Қылып жүрер бір жұмыс өзге пенде,
Бекер жүрер бірақ та сол көргенде.
Түс суытып, қарамай өтеді екен
Ол жігітке Пайғамбар кез келгенде.
Жолыққанда бір сапар күліп өтті,
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті.
«Сахабалар тақсыры-ау, күлмеуші еңіз,
Не себептен күлдіңіз бүгін?» – депті.
Айтты сонда: «Себеп бар күлгенімде,
Күлмеуші едім жолықса ілгеріде.
Екі шайтан қасында жолдас еді,
Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Отыр екен бұл сапар жерді сызып,
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып.
Келіп екі періште, қасында отыр!
Сол себептен күліп ем көңілім қызып».
Бекер жүрген батады бәлекетке,
Адам болсаң, жолама ол әдетке.
Құры қарап жүргеннен артық дейді
Пайдасыз бекер қылған әрекет те.
Достарыңызбен бөлісу: