350
Мысалы: «Төртінші қосымша», «Көңілді фигуралар», «Математикалық патшалық»,
«Ұшады – ұшпайды», «Көктем туралы жұмбақтар», «Айырмашылықтарды табыңыз»,
«Белгілер еліне саяхат» және басқалар.
Ойындарды мұғалімдер оқу қызметінде, күн тәртібінде қолданады.
Ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және СанПиН ұсыныстарын ескере
отырып мақсаттарды қамтиды.
Білім беру-тәрбие процесін ата-аналармен бірлесе құру маңызды. Ата – аналар үшін
«баламен компьютерлік ойындарды қалай ойнауға болады», «өз ойын қалай құруға болады»,
балалармен интерактивті ойындар бойынша кеңестер, жадынамалар шеберлік сыныбы
өткізілді.
Осы ойындарды қолданған соң ата-аналар арасында сауалнама өткізген болатынмын.
Ата-аналар балалардың бойындағы өзгерістерді бақылап, ойынның оң әсер ететінін атап өтті.
Сауалнамаға 25 ата-ана қатысып, олардың ішінде 7 ата-ана танымдық қабілетті артты, 12 ата-
ана құрдастарымен балаларының еркін тіл табыса бастағандығын айтты. 5 ата-ана балалары
өз ойларын еркін жеткізіп үйренгендерін айтса, 1 ата-ана баласы мәселелерді шешуде тың
идеялар айтатындығын байқапты. Соны мына графиктен айқын көруге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жеке және танымдық белсенділік белсендіріледі,
ойынға қатысуға деген қызығушылық артады; коммуникативті бола бастайды, әр түрлі іс-
әрекеттерде шығармашылық танытады, өз пікірін айта алады және оны қорғай алады,
талдайды және жүйелейді, әр баланың жеке басының өзін-өзі дамыту үшін жағдайлар
жасалады деген қорытындыға келе отырып, интерактивті ойындарды қолдануды жалғастыру
керек деген ой түйдім.
Достарыңызбен бөлісу: