А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет172/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   220
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827/ "Цифрлық Қaзaқcтaн" 
мeмлeкeттiк бaғдaрлaмacы 
2. Пacмyрoвa Л.Э. Иcпoльзoвaниe инфoрмaциoнных тeхнoлoгий в нрaвcтвeннoм вocпитaнии 
дeтeй // Инфoрмaтикa и oбрaзoвaниe. 2007. No 2. 
3. «Бiлiм тyрaлы» Қaзaқcтaн Рecпyбликacының Зaңы 2007ж шiлдe №319 
4.К.Өcтeмiрoв, A.Aйтбaeвa «Қaзiргi бiлiм бeрy тeхнoлoгиялaры» - A.,2006ж. 
5.Иннoвaциoнныe пeдaгoгичecкиe тeхнoлoгии. Aктивнoeoбyчeниe /Пaнфилoвa, A.П. -2011 
Самиева М.Т. 
Балқаш қаласы, «Ер Төстік» КМҚК бөбекжайы 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ АКТ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Баланың зерттеушілік қабілетін дамыту қазіргі білім берудің маңызды міндеттерінің 
бірі болып табылады. Бала үшін репродуктивті жолмен алынған дүние туралы ақпаратқа 
қарағанда, өзінің жеке тәжірибесі, зерттеушілік ізденісінің нәтижесінде алған білім 
әлдеқайда күшті және сенімдірек. Яғни, «Айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде 
қалады, қолмен жасасам- мен түсінемін» деген Қытай мақалын принцип ретінде қолданған 
жөн. [1.б.36]. Сондықтан бала естігенде, көргенде және бәрін өзі істегенде бәрін берік және 
ұзақ уақыт бойы есінде сақтайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс 
істеуде ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізу маңыздылығы өте жоғары. Бұл балалар 
үшін де, ересектер үшін де қызықты процесс болып табылады. [2.б.264-265]. 
Танымдық қабілет - бұл жаңа білімді саналы, рефлексиялық түрде алу, ол 
шығармашылық қабілеттерді көрсетеді, ол өз кезегінде өз бетінше іздену барысында сәтті 
дамиды. Оқу процесіне АКТ ұтымды енгізу оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Балалардың бірлескен және тәуелсіз әрекетінде мұндай технология-ларды пайдалана 
отырып, мен ең алдымен балаларға жеке маңызды ақпаратты өз бетінше іздеуге, зерттеуге 
және сақтауға мүмкіндік берген дұрыс деп еспетеймін.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі тақырыптар бойынша танымдық 
материалдар жинақталады, оларға болашақта балалар, тәрбиешілер, ата-аналар қайта-қайта 
жүгінеді. Осының барлығы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ауыспалы білім беру 
ақпараттық ортасын жасайды.
Тәрбиеші әрбір баланың жеке тұлға екенін және оның қабілеттері өз еркімен, 
қызығушылықпен жасай отырып дамитынын ескергені жөн. Ақпа-раттық-коммуникациялық 
технологиялар тәрбиешінің шығармашылықпен тиімді жұмыс істеуіне шексіз мүмкіндіктер 
ашатын құрал деп есептеймін.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мен АКТ-ды қолданудың 
келесі бағыттарын қолданамын:


305 
а) Сенсорлық даму – АКТ-ды заттардың түсін, көлемін, пішінін анықтауда; заттарды 
сенсорлық ерекшеліктеріне қарай топтастыру дағдыларын қалып-тастыру мақсатында; 
б) Элементар математикалық бейнелерді қалыптастыру- заттарды топтас-тыра отырып 
(ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша) салыстыру, санау, бағдарлау дағдыларын 
меңгеру мақсатында;
в) Әлеуметтік әлеммен таныстыру- адам туралы, қоршаған дүние мен құбылыстары туралы 
түсініктерін кеңейту мақсатында ақпараттық коммуника-ция технологияларын қолданамын. 
Осы бағыттарды қолдана отырып мен балалардың танмыдық қабілет деңгейінің 
неліктен жоғарлығынын білдім. Танымдық қабілеттің жоғарлау себептері: 
- Түсіндіру мен бекітудің жаңа әдеттен тыс әдістерін, әсіресе ойын түрінде қолдану 
балалардың еріксіз зейінін арттырады, ерікті зейіннің дамуына көмектеседі. 
- Сабақтан тыс уақытта компьютерлік ойындар балалардың білімін бекіту-ге көмектеседі. 
- Мультимедиялық бағдарламалар тәрбиеленушілдерді дербестікке үйре-теді, өзін-өзі 
бақылау дағдыларын дамытады. 
Балалармен жұмыс істеу тәжірибеме сүйене отырып, мен АКТ-ды пайдаланудың
келесі артықшылықтарын анықтадым: 
- мультимедиялық құралдарда ақпаратты ойын түрінде көрсету балалар-дың үлкен 
қызығушылығын тудырады; 
- мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті бейнелі ақпарат түрін алып жүреді; 
- қозғалыстар, дыбыс, анимация баланың ұзақ уақыт бойына назарын аударады; 
- проблемалық тапсырмаларды бала мультимедиалық құралдар арқылы дұрыс шеше отырып, 
балалардың танымдық белсенділігі артады; 
- оқытуды дараландыруға мүмкіндік береді [3.б.26].
Мен «ЕрТөстік» бөбекжайының оқу-тәрбие процесінде ғылыми-зерттеу қызметін 
табысты жүзеге асыру үшін, балалардың танымдық қабілеттін арттыру мақсатында 
«Зерттеуші балапан» цифрлық зертханасын ұйымдас-тыруды ұсынамын. Басты кейіпкерлер 
«Ғұлама» және «Зерттеуші балапандар» - кішкентай данышпандар, ғалым, зерттеушілер 
және дизайнерлер, әлемді тануға өте құштар тәрбиеленушілер. «Ғұлама» (зертханада көмек 
беретін тәрбиеші) балалармен бірқатар ғылыми тәжірибелер жүргізіп, берілген тақырып 
бойынша білімдерін ортаға салады. «Ғұлама» кейіпкері ойын форматында балаларға әр түрлі 
құбылыстарды, заттардың қасиеттерін түсіндіре отырып, балалардың ой-өрісін кеңейтуге 
көмектеседі. Зерттеушілер жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі және осыған сәйкес 
тапсымалар орындауы қажет.
Зерттеуші балапандар зертхананы Ғұламамен аралап, онымен бірге өлшеу 
құралдарымен және өлшеу нәтижелеріне әсер ететін көрсеткіштермен танысады. Және оның 
бәрі цифрлық зертхана арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда көптеген цифрлық зертханалар 
бар: Releon Kids цифрлық зертханасы, «Наураш еліндегі Наураш» т.б.
Жасалған қызықты тәжірибелеріміз балаларды нәтиже себептерін, әдістерін және 
көрінісін өз бетінше іздеуге шақырады. Сонымен қатар, балалар әрекетінің екі түрінің дамуы 
қамтамасыз етеді: баланың өзі толығымен анықтайтын өзіндік белсенділігі және ересек адам 
ынталандыратын белсенділік. 
Бұл іс-әрекеттер балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға, 
бақылауды, ақыл-ой белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Әрбір тәжірибеде байқалған 
құбылыстың себебі ашылады, балаларды пайымдауға, қорытынды жасауға жетелейді, 
қорытынды жасауға үйренеді. Балалардың себеп-салдар байланысын түсінуі үшін 
тәжірибенің маңызы зор. 
Мұндай оқытудың тиімділігі мынада: мектеп жасына дейінгі баланың өз бетімен 
ізденуге және тәжірибе жасауға мүмкіндігі бар, сол арқылы оның қызығушылығы оянады. 
Ал біз балаларды келіссөздер жүргізуге, жолдастарының идеяларын тыңдауға, мәселелерді 
шешу кезінде бір шешімге келуге үйретуге тырысамыз.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде АКТ-ны қолдану мектеп жасына дейінгі бала 
тұлғасының танымдық, ғылыми- зерттеушілік қабілеттерін дамытуда, тәрбиеленушілердің 


306 
ата-аналарымен қарым-қатынаста, тәрбиешінің іс-әрекетін ұйымдастыруда толық негіздейді 
және үлкен пайда әкеледі және оқу процесі сапасын арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. 
Мақаланы В.А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Бала жүргізген зерттемесіне 
қайта-қайта оралғысы келетіндей етіп әрқашан бір нәрсені дәлелсіз қалдырыңыз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет