«А Ә б в» Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, б және в әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз



бет54/85
Дата04.05.2023
өлшемі492,38 Kb.
#89824
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Байланысты:
Педагогика әдіс тәсіл

«Орынсыз жауаптар»
Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын»
«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын»
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.
«Өзгертулерді тап!»
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
 Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
 Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.
«Өзін-өзі бағалау»
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
• Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
«Өзін таныстыру»
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет