А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата10.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#1604
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

А.И.Райымбергенов, С.Ш.Райымбергенова, Ұ.М.Байбосынова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М У З Ы К А 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің  

7 сыныбына арналған оқулық 

 

 

 

 

 

 

 

7  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2009 



 

 



 



 

 

 

   



 

 

 

Балақай! 

 

Сен  жаңа «Музыка» оқулығының  бетін ашқалы отырсың! 

 Оқулықпен бірге  сен Қазақстанның  

қазіргі  өнерімен танысасың. 

Музыка әдебиет, поэзия, театр және  бейнелеу  өнерлерімен  

 бірге  дамып  келеді.  

 Сен енді  әр түрлі өнер түрлерінің бір-бірін байытып,  

дамытып  отыратынын түсінесің.  

Адам өнердің кез келген түрі арқылы өзінің өмірге деген  көзқарасын 

білдіреді. 

 Алайда тек қана  музыка адамның жан сезімі мен  

жүрек  қылын   қозғай алады.   

Музыкасыз біздің  өмірді елестету өте қиын.  

ХХ – ғасырда  музыка өнерінің көптеген 

  жаңа  бағыттары мен  жанрлары дами бастады.   

Бұл  оқулық арқылы сен  Қазақстан  өнерін әлемдік  деңгейге көтерген  

 белгілі композиторлар, әншілер, орындаушылар шығармашылығымен 

 жақынырақ  таныс  боласың. 

 Оқулықпен  бірге қазіргі  өнерді түсініп 

 оны  бағалауды үйренесің.  

 Қазақстан мәдениетіне  зор  үлес қосқан өнер  тұлғаларымен танысып, 

 өз  еліңнің  мәдениеті  үшін  жүрегіңде  

үлкен мақтаныш  ұялайды ғой деп  сенеміз. 

 

Осы  жолда  саған  сәт сапар тілейміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН МУЗЫКА ӨНЕРІ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

       


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



І  ТОҚСАН  



 

«СӨЗБЕН ӨРІЛГЕН САЗ »  

 

ХАЛҚЫ АРДАҚТАҒАН ЕКІ АЛЫП – ЖАМБЫЛ МЕН ДИНА 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Черкасский А. Жамбыл мен Дина 

 

 



Қазақ  халқының  мәдениетінде  сөз  бен  саз  өнері  ерекше  орынға  ие  болған.  Қазақ  халқы  мыңдаған 

жылдар  бойы  көшпелі  өмір  салтын  ұстанған.  Сол  себепті  халқымыз  көшіп  қонуға  ыңғайлы  киізден, 

теріден,  ағаштан  жасалған  дүние  мүліктер  мен  түрлі  үй  бұйымдарын  қолданатын  болған.  Мұндай  өмір 

салты  сөз  бен  саз  өнерінің  дамуына  көп  ықпалын  тигізді.  Ал  сәулет  өнерінің  сақталуын  мазарлар  мен 

балбал тастардан көруге болады. Бұл балбал тастар мен мазарлар өмірден өткен ата-бабаларға ескерткіш 

әрі өткен тарихтың белгісі іспетті. Қазақ халқында сурет салу, сахналық қойылым жасау немесе би билеу 

өнері  жоқтың  қасы.  Десе  де  әрбір  қазақ  домбыра  тартып,  бір  шумақ  өлең  шығара  алатын  өнерге  ие 

болған.   

Сөз бен саз өнері бірінен – бірі бөлінбес бір тұтас өнер. Сал-серілер қазақ халқының композиторлары 

атанып,  әннің  сөзін  де,  әуенін  де  өз  жанынан  шығарып  өздері  орындаған,  сегіз  қырлы  бір  сырлы  өнер 

иелері  болған.    Ал  ақын-жыраулар  болса,  ел-халыққа  өсиет-нақыл  айтып,  қобыз,  домбыра,  сырнай 

аспаптарымен  сүйемелдеп  тыңдаушыға  жеткізе  білген.  Иә,  сөзге  аса  құрметпен  қараған  қазақ  халқы  

«Өнер алды қызыл тіл» деп бір ауыз сөзге тоқтаған емес пе?!  

ХХ ғасырда сөз бен саз өнерінің дәстүрін жаңа ғасырға жалғастырған қазақтың ұлы тұлғалары ақын 

Жамбыл  мен  күйші  Дина  болды.  Жамбыл  мен  Динаның  өмір  сүрген  кезеңіндегі  болған  оқиға  олардың 

шығармашылығынан  көрініс  тапты.  1941-1945  жылдар  аралығындағы  Ұлы  Отан  соғысына  арналған 

Жамбылдың  совет  жауынгерлерінің  рухын  көтеріп  «Ленинградтық  өрендерім»  атты  жыр  жолдары 

халықтың да еңсесін көтеріп, жігеріне жігер қосты.   

Ленинградтық  өренім! 

Мақтанышым сен едің! 

  Нева өзенін  сүйкімді, 

Бұлағымдай  көремін. .... 



 

 



Жауда қалып  Ленинград, 

Жаралған жоқ көнгелі! – 

Жасағамын  өмірді 

Жау  біткенді  жеңгелі; 

Саудыратып  сүйегін, 

Топыраққа көмгелі. 

Қазақстан жерінен, 

Тұтанғандай ел кегі, 

Жолды  кернеп  қол кетті 

Сендерге дем  бергелі, 

Нева алабын  қорыңдар, 

Ленинградтың ерлері, 

Ұрпаққа үлгі  болыңдар, 

Заманымның  өрнегі! .... 

 

Ленинград  ұл, қызы, 



Қайыспаңдар өренім! 

 

Ал Дина болса соғыстағы совет жауынгерлерінің жеңісіне куә болып шаттықпен «Жеңіс» күйін паш 



етті.    

 

Күй тыңдайық:  

Динаның «Жеңіс» күйін  Дина Нүрпейісованың 

орындауында тыңдап көрелік! 

 

Біліп ал ! 

 

Дина  Нүрпейісова  –  (1861-1955)  күйші-  композитор.  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жаңақала 

ауданында  дүниеге  келген.  Дина  атақты  Құрманғазының  ең  дарынды  шәкірттерінің  бірі  болды.  Дина 

ұстазынан  үйреніп  қана  қоймай,  оның  күйшілік-орындаушылық  мектебін  жалғастырды.  Өз  жанынан 

көптеген  күйлер  шығарды.  Оның  «Әсем  қоңыр»,  «Бұлбұл»,  «Байжұма»,  «Жеңіс»,  «Тойбастар»  т.б. 

күйлері бар. 1939 жылы Мәскеуде өткен Халық музыка аспаптарында орындаушылардың бүкілодақтық 

байқауында 1-орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды.     

 

Білесің бе? 

 

Жамбыл  Жабаев  –  (1846-1945)  ақын,  жырау.  Жамбылға  анасы  Ұлданның  ақындық  қасиеті 

бойына дарыған. Ол атақты Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Жамбыл жыр алыбы атанған. Ол көптеген 

жырларды  да  жатқа  орындаған.  Жамбыл  өсиет,  терме,  өнегелі  толғау,  ұзақ  дастандарды  шығарып 

кеткен.  Оның  «Өтеген  батыр»,  «Сұраншы  батыр»  атты  дастандары  бар.  Жамбылдың  халыққа 

танымал  атақты  айтыстары  сақталған.  Олар:  Жамбылдың  Айкүміспен  айтысы,  Жамбылдың 

Сарыбаспен айтысы, Жамбылдың Досмағанмебпен айтысы т.б.   

Сұрақтар: 

1.

 



Қазақ халқы қандай өмір салтын ұстанған? 

2.

 



Не себепті үй бұйымдары киіз, тері немесе ағаштан жасалған? 

3.

 



Сегіз қырлы, бір сырлы деп кімдерді атаймыз? 

4.

 



Жыр алыбы кім деп ойлайсың? 

5.

 



Не себепті Динаның күйі «Жеңіс» деп аталды?  

 

Тапсырма:  

1.

 



«Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина» тақырыбын оқып кел. 

2.

 



Домбырада Қазанғаптың «Құс қайтару» күйінің бастапқы буынын қайтала. 

 

 

 

 

 



ҚАЙРАН, НАРЫН 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қисамединов М. Махамбет. 

 

Қайран елі-жұртым, қалың қазағым деп ет бауыры езіліп, халқы үшін аттан түспей күресте болған 

Махамбетті  білмейтін  қазақтың  баласы  болар  ма?!  Махамбет  -  жауынгерлердің  рухын  көтеріп  жыр 

айтқан жорықты бастар қол басы батыр, хан– сұлтандардан қаймықпай сөз айтқан от ауызды, өткір тілді 

аруақты жырау.  

Қазақты  өзге  халықтың  билігінен  құтқару  жолындағы  Махамбет  пен  Исатайдың  орыс  патша 

әскеріне  қарсы  жасалған  ұлт  азаттық  көтерілісі  көп  жағдайда  жеңіліске  ұшырап  отырады.  Осындай  бір 

сәтсіз  аяқталған  күресте  Махамбет  Исатайдай  батыр  серігінен  айрылып,  елден  кетіп  нағашыларының 

ауылын паналайды.       

 

Қазақ  жерін  биліктің  астына  алған  орыс  патша  әскерімен  олардың  ескегін  есіп,  сөзін  сөйлеген 



Баймағамбет  сұлтан  Махамбеттің  соңына  түсіп  тыныштық  бермейді.  Махамбет  бір  күні  ел  ішінде 

болатын  бір  үлкен  асқа  келеді.  Бұл  аста  Баймағамбет  сұлтанмен  де  жолығудың  сәті  түседі.  Махамбет 

өзіне  тігілген  ақ  боз  үйге  түспей  тікелей  Баймағамбет  сұлтанның  отырған  үйіне  келіп  кіреді.  Батыр 

көңілді Махамбет сұлтаннан да қаймықпай ашық-жарқын сөйлеп, өзін емін-еркін ұстайды. Баймағамбет 

сұлтан  Махамбеттің  мұндай  еркінсуін  өзін  басынғандай  сезініп  әбден  ашуға  булығады.  Сонда 

Баймағамбет  сұлтан:  «Өзің  елден  қашып-пысып  жүріп  еркінсіп  сөйлеуің  не  теңің»,  -  дейді.  Сонда 

Махамбет: «Тілім улы жыланның тіліндей екі айыр. Бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді», - деп жауап береді. 

Истайынан айрылған қам көңілді ер Махамбет дәл осы жерде Баймағамбет сұлтанға арнап жырын төгілте 

жөнеледі:  

Мен, мен едім, мен едім, 

Мен Нарында жүргенде 

Еңіреп жүрген ер едім. 

Исатайдың барында 

Екі тарлан бөрі едім, 

Қай қазақтан кем едім? 

Бір қазақпен тең едім. 

Өздеріңдей хандардың, 

Қарны жуан билердің, 

Атандай даусын ақыртып, 

Лауазымын көкке шақыртып, 

Басын кессем деп едім...  


 

Сонда  Баймағамбет  сұлтан:  «Осылай  айтпаса,  ол  Махамбет  бола  ма?  Оның  айтқанына  шыдай 



алмасам  мен  Баймағамбет  болам  ба?»,  -  деп  өзінің  ісінен  де,  сөзінен  де  ұтылғанын  мойындайды. 

Орталарында  отырған  бидің  біреуі  Махамбетке  риза  болып:  «Игі  жақсылардың  алдында  аянбай  бар 

өнеріңді  ортаға  сал.  Тарт,  көргенің  мен  білгеніңді»,  -  дейді.  Сонда  Махамбет  «Қайран  Нарын»  деген 

күйін  төгілте  жөнеледі.  Жаралы  көңіл  Махамбет  Исатайдан  айрылып,  елден  шет  айналып өзінің  іштегі 

ащы зарын күймен шығарған екен.  

 

Жыр мен күй тыңдайық:   

 

Махамбеттің  «Мен,  мен  едім,  мен  едім»  атты  толғауын  Ғарифолла  Құрманғалиевтің 



орындауында тыңдап көрелік!  

 

Махамбеттің  «Қайран  Нарын»  аты  күйін  Қаршыға  Ахмедияровтың  орындауында  тыңдап 

көрелік!  

    

Біліп ал ! 

 

Махамбет  Өтемісұлы  –  (1803-1846)  Бөкей  ордасы  Нарын  құмы  Бекетай  аймағы  (қазіргі  Бат. 

Қазақстан обл. Жәнібек ауд) дүниеге келген. Махамбет – ақын, батыр, жырау, күйші. 1836-38 жылдары 

болған  Исатай  Тайманұлы  бастаған  ұлт  азаттық  көтерілістің  көсемі  әрі  жалынды  жыршысы.  Бала 

кезінен  мұсылманша,  орысша  оқыған.  10  жасынан  өлең  жазған.  Махамбет  «Ереуіл  атқа  ер  салмай», 

«Атадан туған ардақты ер», «Арғымақ сені сақтадым», «Азамат ердің баласы», «Еріскендей ер болса» 

т.б. шығармаларында халықтың тағдыры мен арман-мұңын  жырлаған.  

 

Сұрақтар: 

1.

 



Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады? 

2.

 



Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын кімге арнайды? 

3.

 



«Қайран Нарын» атты күйі дүниеге қалай келді? 

4.

 



Махамбеттің қандай толғауларын білесің?  

 

Тапсырма:  

1.

 



«Қайран, Нарын» тақырыбын оқып кел. 

2.

 



Домбырада  «Құс қайтару»  күйінің келесі буынын жатта.  

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ ЖАЙЛЫ БІР ТОЛҒАУ 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



 



Төлеубайтегі. Құрманғазы. 

 

Құрманғазы өмірі сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасқан арпалыс. Құрманғазы қазақ 



үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Құрманғазы бүтін ұлттың ұйтқысы. Құрманғазы аты 

халықтың  жоқшысы  ел  мұңының  жаршысы  іспетті.  Ол  сөйлемеді,  ол  айтпады,  оның  домбырасы  ел 

тағдырын  сөз  етті,  халықтың  жоғын  жоқтап,  мұңын  айтты.  Сол  үшін  күресті,  өмірін  арнады. 

Құрманғазыны халық аңыз етті оны күйшіге, ақынға, батырға балады. Оның ерлігін ақындар жырлады. 

Ақындардың  өлең-толғауларына  арқау  болған  ұлы  тұлға  өмірі,  оның  ғаламат  күйлері  аңыз  болып 

аңқыды. Біз айтқалы отырғанымыз «Құрманғазы» поэмасы. Иә, Құрманғазы жайлы бір толғау.   

Қазаққа  белгілі  ақын  Хамит  Ерғалиевтің  «Құрманғазы»  атты  поэмасы  ұлы  күйшінің 

шығармаларына тіл бітіріп қайта сөйлетті. Қазақ даласын ақ патшаның әскері билеп – төстеуге бел буған 

уақыт.  Құрманғазы  ел-халқынын  зорлық-зомбылыққа  түсерін  сезіп,  бойын  ашу  кернеп,  қолынан  келер 

дәрмен  жоқ,  халқының  күш-қайратын,  намысы  мен  жігерін  домбыраға  салды.  Мұндай  алай-дүлей 

дауылды күйлердің күшінен сескенген орыс жендеттері, ел ішіне «бүлік  

салушы» деген айыппен түрмеге жабады. Бір күні Орынбордың генерал-губернаторы Перовский барлық 

ұлықтарын  жиып мерекелік жиын жасайды. Сол жиынға түрмеде жатқан Құрманғазыны да алдыртады. 

Құрманғазының күшін сынағандай күй тартуға бұйырады. Сонда Құрманғазы қолына домбырасын алып, 

бір күйді тарта жөнеледі. Ал ақын Хамит Ерғалиев осы тартқан күйді былай деп толғаған екен:    

 

Сөз берді домбыраға жыласын деп, 



О да бір торға түскен лашын деп, 

Саудаға көздің жасын салатұғын, 

Обадай осы да бір рас індет. 

 

«Танып қал, табиғатым, қулығымды!» 



Ішінен түйді қазақ бұл ұғымды. 

Шалқыта «Балбырауын» күйін тартып, 

Шаттыққа душар етті ұлығыңды. 

 

Қадала талай ұлық көп қарады, 



Ызғарлы бұған деген леп бар әлі. 

Бір ғана бейтаныс жан ынтызардай, 

Күйшіні сұқты көзбен жеп барады... 

 

Ақын  Құрманғазының  күймен  айтқан  ойын  сөзбен  жеткізеді.  Құрманғазының  генерал  – 



губернатор  мен  ұлықтарының  алдында  қаймықпай  көзіне  –  көзін  қадап  қайсарлана  түскен  жігерін  дәл 

бейнелейді. Сол уақыттағы Перовскийдің халін ақын былайша жырлайды:  

 

Дәл өзі сыры жұмбақ виртуоздың,  



«Сен бәлкім бұзықтарды ертіп оздың: 

Осынау өнер үшін қуылғансың, 

Айтып тұр лапылдаған өртті көздің» 

 

Тоқтатты шырқап барып қазақ күйді. 



Ұлықтар бәлкім оны аз-ақ түйді. 

Генерал жылы қарап жымиды да, 

Бастатты басқаларға азат биді...  

 

Иә,  ақын  Хамит  Ерғалиев  осылайша  ұлы  күйшіні  жырға  қосты,  Құрманғазы  күйлерін  өлеңмен 



өрнектеді.  Күй  мен  күйшіні  тыңдаушымен  тілдестіре  алды.  Ақынның  «Құрманғазы»  поэмасы  осылай 

дүниете келді.  

 

Ой түйін! 

  Күй - белгілі бір ойға құрылған, мазмұндық желісі бар сөз бен саз бірге өрілген ғажайып шығарма. 



 

 



Күй тыңдайық:  



 

Құрманғазының «Балбырауын» күйін Құрманғазы атындағы 

қазақ ұлт аспаптар оркестірінің орындауында тыңдап көрелік. 

 

Ойлан да айт! 

 Құрманғазы күйлерін тыңдай отырып, қандай ой мен сезімге бөленесің?  

Сен күймен тілдесе алар ма едің? 

 

Біліп ал!  

 

Хамит  Ерғалиев  (1916-1997)-Атырау  обл,  Махамбет  ауд.  Аққыстау 

аулында  дүниеге  келген.  Белгілі  ақын,  Қазақстанның  халық  жазушысы.  30-ға 

тарта  жыр  жинақтарының  авторы.  Әлемдік  әдебиеттегі  Д.Байронның, 

В.Шекспирдің, 

А.Пушкиннің, 

М.Лермонтовтың 

т.б. 

ақындардың 

озық 

туындыларын  қазақ  тіліне  аударған.  Ақынның  шығармалары  шет  ел  тілдеріне 

аударылған.  Осындай  еңбектері  үшін  1982  жылы  Қазақстанның  мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты  атағына  ие  болады.  Ақын  көптеген  ордендер  мен 

медальдардың  иегері.  Х.Ерғалиевтың  «Әке  сыры»,  «Күй  дастан»,  «Құрманғазы», 

«Жайық  жырлары»,  т.б.  көптеген  өлеңдер,  балладалары  мен  поэмалары  бар.   

 

Білесің бе? 

 

 

Құрманғазы  Сағырбайұлы  (1818-1889)  –  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жаңақала  ауданындағы, 

Жиделі аулында дүниеге келген. Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазының ұстазы Ұзақ дейтін 

күйші болған. Құрманғазының күйлері өз заманының тарихын бейнелеген. Оның алғашқы күйлерінің бірі 

«Кішкентай»  деп  аталады.  Ол  күйді  Исатай  мен  Махамбет  күресіне  арнаған.  Сол  сияқты,  «Кісен 

ашқан»,  «Ақбай»,  «Түрмеден  қашқан»,  «Қайран  шешем»,  «Адай»,  «Сарыарқа»,  «Төремұрат»  сынды 

күйлері ел арасына кеңінен тараған.   

 

Сұрақтар:  

 

1.

 



Не себепті Құрманғазының аты аңызға айналды? 

2.

 



Құрманғазыға орыс патшалығы қандай айып тағады? 

3.

 



Хамит Ерғалиевтың «Құрманғазы» атты поэмасында  қандай уақиға бейнеленген?  

4.

 



«Балбырауын» күйінен генерал-губернатор қандай әсерде қалады? 

5.

 



Күй қандай шығарма? 

 

Тапсырма:   



 

1.

 



«Құрманғазы жайлы бір толғау» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Қазанғаптың  «Құс қайтару» күйінің келесі буынын пысыктап кел. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 


АҢЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛАГЕР 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық. 



Не қою, не болмаса емес сұйық. 

Бұтының арасынан ел көшкендей, 

Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық. 

 

Шүйделі, щоқтығы өргек, шідерлігі. 



Серке сан, желмаядай тілерсегі. 

Тау желін тартса жұтқан талыс танау, 

Тынысты, кеңде жатыр кеңірдегі. 

 

Жүрсе де жаздай құры, болмайды тоқ. 



Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. 

Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ, 

Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ, -   

 

деп  аты ен қазаққа аңыз болған Құлагер ат ақын Ілияс Жансүгіровтің  «Құлагер» атты поэмасына арқау 



болды. Құлагер ат қазақ халқының еркелетіп  төбесіне көтерген Ақан серінің жан серігі еді. Ақан серіні 

Құлагерден бөліп алып қарау мүмкін емес. Қазақ жерін, елі мен халқын әнімен баурап, қойнына басқан 

Ақанға жан серігі Құлагерден айрылуы басына түскен ауыр әрі орны толмас қаза болды. Ақанның басына 

түскен бұл ауыр қайғыны ақын Ілияс Жансүгіров өзінің «Құлагер» атты поэмасында кеңінен толғайды.  

 

Қазақтың  дәстүрімен  өмірден  өткен  белгілі  адамдарды  еске  алып,  оның  дақпыртын  тағы  бір  ел-



халыққа  таратпақ  ниетпен  Сағынай  деген  кісіге  үлкен  ас  беріледі.  Осы  аста  ат  бәйгесі  де  болады.  Ат 

бәйгесіне 1300 тұлпар тіркеледі. Соның ішінде Құлагер де бар. Бірақ Құлагерді алып келген Ақан серінің 

қас  жауы  Батыраш  байда  өзінің  Көктұйғын  деген  атын  қоспақ  еді.  Батыраш  бай  Ақанның  халықтың 

сүйіспеншілігіне  айналған  сері  аты  мен  Құлагеріне  деген  қызғанышын  жасыра  да  алмайды.  Батыраш 

бүкіл байлық, бақ-дәулет, атақ-даңқ, тіпті аттың жүйрігі де менде ғана болу керек деген оймен Құлагерге 

қастандық  жасауды  ойлайды.  Құлагерін  бәйгеге  қосып  жіберген  Ақанның  ойында  ештеңе  жоқ.  Ол 

жиылып  қалған халыққа әнін салып мәз-мәйрам болуда. Мыңдаған атты баса озып жалғыз шауып келе 

жатқан Құлагерді  көрген Батыраштың көңілі  ашу мен кекке толады. Оның ойында тек қана Құлагерді 

жеткізбей көзін жою. Иә, Батыраш Құлагерді мерт қылады. Ақан жалғыз серігі Құлагерден айрылады. 

   Ақын Ілияс Жансүгіров: 

 


 

11 


Көргенде ол мынадай сұмдық істі. 

Үстіне Құлагердің құлап түсті. 

Білмеді не болғанын, айрылды естен, 

Аймалап Құлагердің басын құшты. 

 

Құлагер қорқырайды қаныменен. 



Ақан да шырқырайды жаныменен. 

Егіліп, төгіледі Ақан сері, 

Зарлаған Құлагердің әніменен... 

 

деп Ақан зар қылады: 



 

Осылай Ақан зарлап жылап жатты. 

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты. 

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге, 

Айырылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті.  

 

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты. 



Өкіріп жел мен жер де жылап жатты. 

Ереймен бұлақтары көлге жылап, 

Серіге көл күрсініп көңіл айтты...  

 

 



Қазақтың жиылған халқы тіпті тау мен тасы, жері мен көлі, ұшқан құсы да ақынның тілімен Ақан 

үшін  зар  қаққандай  әсерлі  бейнеленеді.  Құлагердің  қазасы  Ақанның  әнін  туғызбай  қоймайды.  Ақан 

Құлагерім деп жоқтау әнін төге жөнеледі. Бұл ән естіген халықтың жанын қайыстырғандай болады. Ел 

аузында Ақан мен Құлагер ат аңыз болып мәңгіге сақталады. Ақын Ілияс Жансүгіров: 

 

Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты. 



Ауылға оның әнін малшы ап қайтты. 

Ел-елден Ерейменге жиылған жан, 

Еліне «Құлагер» деп ән сап қайтты...   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет