А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


 Криптографиялық протокол



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата15.03.2017
өлшемі2,01 Mb.
#9839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.8 Криптографиялық протокол 
 
Қазіргі  криптографияда  шифрлерді  жасаудан  және  зерттеуден  басқа  көп  назар 
аударылады криптографиялық протоколдарды әзірлеуге. 
Криптографиялық  протокол  –  криптографиялық  құралдарды  пайдаланып  екі 
немесе  одан  көп  абоненттердің  өзара  әрекеттесу  процедурасы,  оның  нәтижесінде 
абоненттер өзінің мақсатына жетеді, ал олардың қарсыластары – жетпейді. Протоколдың 
негізінде  ақпараттық  процестердегі  криптографиялық  өзгерістер  мен  алгоритмдердің 
пайдалануын  регламенттейтің  ережелер  жиынтығы  жатыр.  Әрбір  криптографиялық 
протокол  белгілі бір есепті шешуге арналған. 
Кез келген протоколдың келесі қасиеттері бар: 
 
протоколды  орындаған  кезде  іс-әрекеттің  реті  маңызды;  әрбір  іс-әрекет  алдағы 
аяқталғаннан кейін өзінің ретімен орындалу керек; 
 
протокол қайшы болмау керек; 
 
протокол  толық  болу  керек,  яғни  әрбір  мүмкін  болатын  жағдайы  үшін  сәйкес  іс-
әрекет ескерілу керек. 
Протокол  қасиеттері  информатикадан  белгілі  алгоритм  қасиеттеріне  ұқсайды. 
Шынында  да,  протокол  –  бұл  белгілі  жағдайда  бірнеше  тараптардың  іс-әрекеттесу 
алгоритмы.  Протокол  қатысушылары  протоколды  білу  керек  және  оның  барлық 
кезеңдерін  толық  орындау  керек.  Криптографиялық  протоколдың  қатысушылары  әдетте 
кейбір байланыс жүйенің абоненттері. Протокол қатысушылары бір біріне сенбеу мүмкін, 
сондықтан  криптографиялық  протоколдар  оның  қатысушыларын  сыртқы  жаудан  ғана 
емес, серіктестердің арамдық іс-әрекетінен де қорғау керек 
Криптографиялық  протоколдардың  типтерін  шартты  екі  топқа  бөлуге  болады: 
қолданбалы және қарадүрсін протоколдары. Қолданбалы протокол тәжірибеде кездесетін 
нақты  есепті  шешуге  арналған.  Қарадүрсін  протоколдар  қолданбалы  протоколдарды 
әзірлеген  кезде  «құрылыс  блоктар»  сияқты  пайдаланады.  Біз  оқу  құралында  тек 
қарадүрсін протоколдарды қарастырамыз. 
Кейбір протокол түрлерінің міндетін қарап шығайық. 
1.
 
Хабарларды  конфиденциал  беру  протоколы.  Хабарларды  конфиденциал  берудің 
міндеті келесі. Байланыс желінің абоненты болатын протоколдың екі қатысушысы 
бар.  Қатысушылар  кейбір  байланыс  жолымен  қосылған,  ол  бойынша  хабарды  екі 
жаққа  жіберуге  болады.  Байланыс  жолды  қарсылас  бақылау  мүмкін.  Абоненттің 
біреуінде  конфиденциал  хабар  m  бар,  осы  хабарды  конфиденциал  түрде  екінші 
абонентке беру керек. Осындай протокол типі бірінші пайда болған. 
2.
 
Аутентификация  және  идентификация  протоколдары.  Олар  кейбір  ақпаратқа 
рұқсатсыз  қатынауды  және  пайдаланушылардың  өкілеттігі  жоқ  қорларға 
қатынауды  болдырмауға  арналған.  Кәдімгі  қолдану  саласы  –  кейбір  үлкен 
ақпараттық 
жүйенің 
қорларына 
пайдаланушылардың 
қол 
жетімділігін 
ұйымдастыру. 
3.
 
Кілттерді  үлестіру  протоколы  –  шифрланған  хабарлармен  алмасудағы 
қатысушыларды құпиялы кілттермен қамтамасыз ету үшін қажетті. 
4.
 
Электронды  цифрлық  қол  протоколы  –  қағаз  құжаттардағы  кәдімгі  қол  сияқты 
электронды  құжаттарға  қол  қоюға  мүмкіндік  береді.  Протокол  орындалу 
нәтижесінде,  берілетің  ақпараттың  авторлық  тексеруін  қамтамасыз  ететің,  оған 
бірегей сандық қосымша қосылады. 

 
23 
5.
 
Қадағалмауды  қамтамасыз  ететін  протоколы  («Электронды  ақша»). 
Криптографияда  электронды  ақша  деген  қадағалмауды  қамтамасыз  ететін  (яғни 
ақпаратты  тасымалдау  көзін  қарап  жүруге  мүмкін  еместігі)  электронды  төлем 
құралдарды айтады. 
Екі  тараптын  арасында  конфиденциал  хабарлармен  алмасудың  қарапайым 
протоколын  қарастырайық,  тараптарды  абонент  №1  және  абонент  №2  деп  атайық. 
Абонент №1 шифрланған хабарды абонент №2 –ге бергісі келсін. Бұл жағдайда олардың 
іс-әрекет тізбегі мұндай болу керек. 
1.  Абоненттер  шифрлау  жүйесін  таңдайды  (мысалы,  n  позицияға  жылжытуы  бар 
Цезарь шифры). 
2. Абоненттер шифрлау кілті туралы келіседі. 
3.  Абонент  №1  бастапқы  хабарды  таңдалған  әдіс  арқылы  кілт  көмегімен 
шифрлайды және шифрланған хабарды алады. 
4. Шифрланған хабар абонент №2 –ге жіберіледі. 
5.  Абонент  №2  шифрланған  хабарды  кілт  көмегімен  ашады  және  ашық  хабарды 
алады. 
 Бұл  протокол  оңай,  бірақ  ол  шынында  тәжірибеде  пайдалану  мүмкін. 
Криптографиялық  протоколдар  міндетіне  байланысты  қарапайым  да  күрделі  де  болу 
мүмкін. 
Алдында 
біз 
криптографиялық 
шабуыл 
анықтамасын 
енгіздік 
және 
криптографиялық алгоритмге шабуылдар типтерін қарап шықтық. Көп жағдайда шабуыл 
шифрлау  алгоритмге  емес  протоколға  бағытталу  мүмкін.  Сондықтан,  абсолют  сенімді 
шифрлау  алгоритмының  бар  болуы  байланыс  жүйенің  абоненттеріне  толық  қауіпсіздікті 
кепілдей  алмайды.  Сол  себептен  қазіргі  уақытта  мамандар  криптографиялық 
протоколдарды ұқыпты талдайды.  
 
Негізгі терминдер 
Ciphertext – шифрланған хабар (жабық мәтін, криптограмма). 
Deciphering – шифрды ашу (дешифрлау). 
Enciphering – ашық мәтінді криптограммаға түрлендіру (шифрлау). 
Рlaintext – бастапқы хабар немесе ашық мәтін. 
Белсенді  криптографиялық  шабуыл  –  осындай  шабуылда  қарсылас  берілген 
хабарларды өзгерте алады және өзінің хабарларын қосу мүмкін. 
Әліпби  (алфавит)  –  ақпаратты  кодтау  үшін  пайдаланатын  символдардың  шекті 
көптігі. 
Кілт – хабарларды шифрлауға және дешифрлауға қажетті ақпарат. 
Криптоталдау – ақпараттың криптографиялық қорғауын жеңіп алу туралы ғылым. 
Ақпаратты  қорғаудың  криптографиялық  жүйесі  –  деректерді  шифрлау  үшін 
криптографиялық әдістерді пайдаланатын ақпаратты қорғау жүйесі.  
Криптографиялық  протокол  –  криптографиялық  құралдарды  пайдаланып  екі 
немесе одан көп абоненттердің өзара әрекеттесу алгоритмы, оның нәтижесінде абоненттер 
өзінің мақсатына жетеді, ал олардың қарсыластары – жетпейді.  
Криптография шифрлау жүйелерінің құруын және пайдалануын зерттейді, соның 
ішінде түрлі ашу әдістер жөнінде олардың беріктігін, осал жерін және осалдық дәрежесін.  
Криптоберіктік  –  кілтті  білмегенде  дешифрлауға  беріктікті  анықтайтын  шифр 
сипаттамасы (яғни криптоталдауға қарсы тұру қабілеті). 
Пассивті  криптографиялық  шабуыл  -  қарсыластар  берілетін  хабарларды 
өзгертуге  мүмкіндігі  болмағандағы  шабулы.  Пассивті  шабуыл  кезінде  берілетін 
хабарларды тек тыңдауға, дешифрлауға және трафикті талдауға болады. 
Керкхоффс  принципы  –  криптографиялық  жүйелерді  құрастыру  ережесі,  оған 
сәйкес  құпиялы  түрде  шифрлау  кілті  сақталынады,  ал  шифрлау  жүйесінің  басқа 
параметрлері,  алгоритмның  беріктігін  төмендетпей,  ашық  та  болу  мүмкін.  Басқа  сөзбен, 

 
24 
шифрлаудың  сенімділігін  бағалаған  кезде  қарсылас  пайдаланатын  шифрлау  жүйесі 
туралы,  қолданылатын  кілттерден  басқа,  бәрін  біледі  деп  ойлаймыз.  Бұл  принципті  XIX 
ғасырда алғаш тұжырымдаған голланд криптографы Огюст Керкхоффс. 
Символ – кез келген белгі, соның ішінде әріп, цифр немесе тыныс белгісі. 
Шифрлау жүйесі немесе шифржүйесі – хабардың мәтінің қайтымды өзгерту үшін 
(жолданған адамнан басқа барлықтарға мәтін түсініксіз болсын оймен) пайдаланатын кез 
келген жүйе. 
Шифр  –  бастапқы  құпиялы  хабарды  қорғау  үшін  оның  алдын  ала  айтылған 
түрлендіру тәсілдерінің жиынтығы.  
Жабық  кілті  бар  шифрлау  (симметриялық  шифрлау)  -  деректерді  қайтымды 
түрлендіру  әдісі,  оларда  ақпараттық  алмасудың  екі  жағы  да  жаудан  жасырып  сақтайтын 
бір кілтті ғана пайдаланады. Тарихтан танымал барлық шифрлар, мысалы Цезарь шифры – 
бұл жабық кілті бар шифрлар.  
Ашық  кілті  бар  шифрлау  (ассимметриялық  шифрлау)  -    деректерді  шифрлау 
және  дешифрлау  үшін  екі  әртүрлі  кілтті  пайдаланатын  шифрлау  әдістері.  Мұнда 
кілттердің біреуі (ашық кілт) ашық (қорғалмаған) арна арқылы берілу мүмкін.  
Электронды  (цифрлық)  қол  -  криптографиялық  түрлендіру  көмегімен  алынған 
хабарға  қосылатың  деректер  блогы.  Мәтінді  алған  кезде  электронды  қол  хабардың 
авторлығы мен нақтылығын тексеруге мүмкіндік береді.  
 
Сұрақтар 
1. Қандай проблемаларды шешу үшін криптографиялық әдістер пайдалану мүмкін?  
2. Криптографияның стеганографиядан айырмашылығы неде? 
3. Қазіргі криптография қандай міндеттер шешеді? 
4. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесіне қойылатын талаптарды айтып 
беріңіз. 
5.  Келесі  ұғымдардың  анықтамаларын  беріңіз:  әліпби,  криптограмма, 
криптографиялық  жүйе,  криптографиялық  протокол,  символ,  шифр,  электронды 
(цифрлық) қол. 
6. Цезарь әдісімен шифрлаудың ережесін қандай? 
7. Кодты құлып үшін коды бар криптограмманы неге ашуға болмайды? 
8.  Неге  ақпараттық  жүйелерде  криптографиялық  әдістерді  пайдалану  проблемасы 
қәзіргі уақытта өте маңызды болды?  
9. Криптографиялық шабуыл деген не? 
10. Криптографиялық шабуылдардың қандай типтері бар? 
11. Криптографиялық протокол деген не? 
12. Келесі криптографиялық протоколдардың міндетін түсіндіріңіз: 
 
конфиденциал хабарлармен алмасу; 
 
электронды цифрлық қолды жасау
 
кілттерді үлестіру. 
 
Жаттығулар 
1. Цезарь шифрдың кілтін анықтандар, егер келесі жұптар «ашық мәтін  – шифрлама» 
белгілі болса (бастапқы әліпби: АБВГДЕЁЖЗИЙКЛМНОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯ):  
 
АПЕЛЬСИН - ТВЧЮОДЫА 
 
МАНДАРИН – ТЁУЙЁЦОУ 
2. Цезарь шифры көмегімен шифрланған келесі хабарларды ашыңыз және  n (0<n<33) 
кілтті 
анықтаңыз. 
Бастапқы 
хабарлар 
мұндай 
әліпбиден 
құрастырылған  
АБВГДЕЁЖЗИЙКЛМНОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯ: 
 
ЮВПЛШУХ 
 
СФЫЮБШЯФУ 
 

 
25 
2 ЖАБЫҚ КІЛТІ БАР ШИФРЛАУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСТЕРІ
 
 
Бұл  бөлімде  симметриялық  шифрлаудың  жалпы  схемасы  қарастырылады,  және 
симметриялық  шифрлаудың  қарапайым  әдістерінің  жіктелуі  беріледі.  Жіктеуде  берілген 
әрбір шифрларға мысал қосылған. 
Бөлім  мақсаты:  симметриялық  шифрлаудың  қарапайым  әдістерімен  және  нақты 
шифрлармен студенттерді таңыстыру. 
 
2.1 Симметриялық шифрлаудың жалпы схемасы 
 
Классикалық,  немесе  біркілтті  криптография  шифрлаудың  симметриялық 
алгоритмдерінің пайдалануына сүйенеді. Бұл алгоритмдер бір ған құпиялы элемент (кілт) 
пайдаланады,  ал  шифрды  ашу  шифрлаудың  жай  айналуы  болып  табылады.  Сондықтан, 
әдетте  алмасудың  қатысушылары  хабарды  шифрлау  мен  дешифрлай  алады.  Осындай 
жүйенің схемалық құрылымы 2.1 суретте көрсетілген.   
 
 
 
Сурет 2.1. Симметриялық шифрлауды пайдаланатын құпиялы жүйенің жалпы құрылымы 
 
Беретін жақта хабардың көзі мен кілттер көзі бар. Кілттер көзі осы жүйенің барлық 
мүмкін болатын кілттерінен  нақты кілтті  К таңдайды. Бұл кілт  К кейбір тәсіл көмегімен 
қабылдау  жаққа  беріледі,  кілт  басқа  қолға  түспеу  үшін  арнайы  курьермен  жеткізіледі 
(сондықтан, симметриялық шифрлау жабық кілті бар шифрлау да деп аталады). Хабарлар 
көзі кейбір хабарды М жасайды, сосын бұл хабар таңдалған кілт көмегімен шифрланады. 
Шифрлау  нәтижесінде  шифрланған  хабар  Е  (криптограмма  деп  аталатын)  алынады. 
Сосын  криптограмма  Е  байланыс  арна  арқылы  жіберіледі.  Байланыс  арна  ашық  және 
қорғалмаған болғандықтан, мысалы радиоарна немесе компьютерлік желі, онда берілетін 
хабарды қарсылас қолына ұстап түсіру мүмкін. Қабылдау  жақта  Е  криптограмманы кілт 
көмегімен ашады және бастапқы М хабарды алады.  
Егер М – хабар, К - кілт, Е - шифрланған хабар, онда жазуға болады: 
E = f(M,K), 
яғни  шифрланған  хабар  Е  бастапқы  хабар  М  мен  кілттің  К  кейбір  функциясы  болып 
табылады.  Криптографиялық  жүйеде  пайдаланатын  әдіс  немесе  шифрлау  алгоритмы    
функцияны анықтайды.  

 
26 
Жабық  кілті  бар  шифрлаудың  әртүрлі  әдістері  белігілі  (сур.  2.2).  Тәжірибеде  жиі 
қолданады орын ауыстыру, орнына қою (ауыстыру) алгоритмдер және құрамды әдістер. 
 
 
Сурет 2.2. Жабық кілті бар шифрлау әдістері 
 
Орын  ауыстыру  әдістерінде  бастапқы  мәтіннің  символдары  белгілі  ереже 
бойынша  бір-бірімен  орнымен  ауыстырылады.  Орнына  қою  (немесе  ауыстыру
әдістерінде  ашық  мәтіннің  символдары  шифрланған  мәтіннің  кейбір  баламаларымен 
ауыстырылады.  Шифрлаудың  сенімділігін  өсіру  үшін,  бір  әдіс  көмегімен  шифрланған 
мәтінді  басқа  әдіспен  тағы  бір  рет  шифрлауға  болады.  бұл  жағдайда  құрамды  немесе 
композициялы  шифр  пайда  болады.  Қазіргі  уақытта  пайдаланатын  блокты  немесе 
тасқынды  (ағынды)  симметриялық  шифрлар  да  құрамды  шифрларға  жатады,  өйткені 
оларда хабарларды шифрлау үшін бірнеше операциялар пайдаланылады.  
Бұрынғы криптографиялық алгоритмдер табиғи тілдердің символдары мен, мысалы 
ағылшын  немесе  орыс  әліпбидің  әріптерімен  жұмыс  істейтің.  Бұл  әріптер  белгілі  ереже 
бойынша 
орындарымен 
немесе 
басқа 
әріптермен 
ауыстырылатың. 
Қәзіргі 
криптографиялық  алгоритмде  екілік  белгелір  (яғни  нольмен  бір)  арқылы  операциялар 
жүргізіледі.  
Қазіргі заманның блокты шифрлардың негізінде орнына қою және орын ауыстыру 
процедуралар жатыр.     
 
2.2 Орнына қою әдістер 
 
Орнына  қою  (ауыстыру)  шифрлау  әдістері  былай  негізделеді:  әдетте  блоктарға 
бөлінген және бір алфавитта жазылған бастапқы мәтіннің символдары басқа әліппенің бір 
не бірнеше символдары мен, қабылданған түрлендіру ережеге сәйкес, ауыстырылады. 
Біралфавитты орнына қою 
Орнына қою әдістерінің бағыныңқы класстарының маңызды біреуі біралфавитты 
(немесе моноалфавитты) орнына қоюлар, мұнда А хабардың бастапқы алфавитінің әрбір 
a
i
  белгінің  және  шифрланаған  E  мәтіннің  сәйкес  e
i
  белгінің  арасында  бірмәнді  сәйкестік 

 
27 
орындалады.  Біралфавитты  орнына  қою  кейде  қарапайым  орнына  қою  деп  аталады, 
себебі бұл ең қарапайым шифр. 
Біралфавитты  орнына  қоюдың  мысалы  Цезарь  шифры.  Жоғарыда  қарастырылған 
мысалда  бірінші  жол  бастапқы  алфавит,  екінші  (k–ға  солға  қарай  циклдық  ығыстыру)  – 
орнына қою векторы болып табылады. 
Жалпы  жағдайда  біралфавитты  орнына  қоюда  бастапқы  символдар  олардың 
орнына  қою  вектордағы  (немесе  ауыстыру  кестесі)  баламаларымен  бір  мәнді 
ауыстырылады.  Осындай  шифрлау  әдісте  кілт  болып  пайдаланатын  ауыстыру  кестесі 
болады.  
Орнына қою кесте көмегімен берілу мүмкін (мысалы 2.1 кесте).  
 
Кесте 2.1. Екі шифр үшін ауыстыру кестесінің мысалы 
Ашық 
мәтін 
Шифр 

Шифр 

Ашық 
мәтін 
Шифр 

Шифр 

Ашық 
мәтін 
Шифр 

Шифр 

А 
В 

М 
Т 
№ 
Ч 
М 
 
Б 
И 

Н 
Ц 

Ш 
У 
 
В 
О 

О 


Щ 
Д 
 
Г 
А 

П 
Ж 

Ъ 
Э 
 
Д 
Щ 

Р 
Г 

Ы 
Н 
 
Е 
П 

С 
Л 

Ь 
Ю 
 
Ж 
К 
 
Т 
Х 

Э 
Ы 
 
З 
Б 
 
У 
С 
 
Ю 
Ш 

И 
Ъ 

Ф 
Ь 

Я 
Е 
 
К 
Бос 
орын 
 
Х 
Ч 
 
Бос 
орын 
Ф 
 
Л 
Р 
 
Ц 
З 
 

Я 
 
 
Негізінде бұл кестеде екі кесте бірлескен. Біреуі (шифр 1) бастапқы мәтіннің орыс 
әріптерін басқа орыс әріптеріне ауыстыруын анықтайды, ал екіншісі (шифр 2) - әріптерді 
арнайы символдарға ауыстыру. Екі шифры үшін бастапқы алфавит орыс бас әріптері («Ё» 
мен  «Й»  әріптерінен  басқа),  ақ  жері  (тақыр)  және  нүкте  болып  табылады.  Қазақ 
алфавитын мысалға алмай ақ қояйық, себебі кейбір әріптерден басқа қалғандары бірдей. 
Моноалфавитты  орнына  қоюдың  түрлі  шифрының  пайдалануымен  шифрланған 
хабар  келесі  түрде  алынады.  Бастапқы  хабардан  келесі  белгі  алынады.  Оның  орыны 
ауыстыру  кестедегі  «Ашық  мәтін»  бағанадан  анықталады.  Шифрланған  хабарға  осы 
жолдағы шифрланған символ қойылады.  
Осы екі  шифрды пайдаланып  «ВЫШЛИТЕ ПОДКРЕПЛЕНИЕ» хабарды шифрлап 
көрейік  (2.3  сур.).  Ол  үшін  бастапқы  хабардың  бірінші  «В»  әрпін  аламыз.  2.1  кестеде 
«Шифр  1»  бағанда  «В»  әріп  үшін  орнына  қойылатын  символды  табамыз.  Бұл  әріп  «О».  
Оны  «В»  астына  жазамыз.  Сосын  бастапқы  хабардың  екінші  символын  қараймыз  -  әріп 
«Ы».  «Ашық  мәтін»  бағанында  бұл  әріпті  табамыз  және  «Шифр  1»  бағаннан  сол  жолда 
тұратын әріпті аламыз - әріп «Н». Осы жолмен бастапқы хабарды толық шифрлаймыз (2.3 
сур.). 
 
Ашық мәтін 
В  Ы  Ш  Л  И  Т 
Е 
 
П  О  Д  К 
Р 
Е  П  Л  Е  Н  И  Е 
Шифр 1 көмегімен шифрланған хабар 
О  Н  У  Р 
Ъ  Х  П  Ф  Ж 

Щ 
 
Г  П  Ж  Р  П  Ц  Ъ  П 

 
28 
Шифр 2 көмегімен шифрланған хабар 

 
 
 



 



 



 




Сурет 2.3. Тура орнына қою әдіспен шифрлау мысалы 
 
Осылай  алынған  мәтіннің  қорғау  деңгейі  аса  үлкен  емес,  өйткені  бастапқы  мен 
шифрланған  мәтіндерде  бірдей  статистикалық  заңдылығы  бар.  Мұнда  қандай  символдар 
(әрептер немесе белгілер) ауыстыру үшін пайдаланғаны маңызды емес. 
Шифрланған  хабарды  жиілік  криптоталдау  көмегімен  ашуға  болады.  Ол  үшін 
хабарды жазған тілдің кейбір статистикалық мәліметтерін пайдалануға болады.  
Бізге  белгілі,  орыс  тіліндегі  мәтіндерде  ең  жиі  кездесетін  символдар  О,  И.  Одан 
сирек  кездеседі  Е,  А  әріптері.  Дауыссыз  әріптерден  ең  жиі  кездесетіні  Т,  Н,  Р,  С 
символдары.  Криптоталдаушының  қолында  түрлі  типті  мәтіндер  (ғылыми,  көркем  және 
т.б.) үшін символдардың кездесу жиілігінің арнайы кестелері бар.  
Криптоталдаушы  алынған  криптограмманы  ықыласпен  зерттейді  және  қандай 
символдар  неше  рет  кездесетінің  санайды.  Алдымен  шифрланған  хабардың  ең  жиі 
кездесетін  белгілерін  ауыстырады,  мысалы  О  әрпімен.  Сосын  И,  Е,  А  әріптер  үшін 
орындарын  іздеп тырысады.  Сонан  соң  ең  жиі  кездесетін  дауыссыздар  қойылады.  Әрбір 
кезеңде сол не басқа біреу  әріптерінің  «сай келу»  мүмкіндігі бағаланады.  Мысалы, орыс 
сөздерінде  қатар  жазылатын  төрт  дауысты  әріптерді  табу  қиын,  орыс  тілінде  сөздер  Ы 
әріптен басталмайды және т.б.  Шынында, әрбір табиғи тілі (қазақ, орыс, ағылшын және 
т.б.) үшін көп заңдылықтар бар, олар маманға шифрланған хабарды ашуға көмектеседі.   
Бірмәнді  криптоталдаудын  мүмкіндігі  ұстап  алынған  хабардың  ұзындығына 
тікелей  тәуелді.  Мысалы,  криптоталдаушының  қолына  кейбір  біралфавитты  орнына  қою 
шифры көмегімен шифрланған хабар түссін: 
ТНФЖ.ИПЩЪРЪ 
Бұл  хабар  11  символдан  тұрады.  Осы  символдар  үлкен  мәтіннің  фрагменты  емес 
бүтін  хабар  құрайтыны  белгілі  болсын.  Бұл  жағдайда  біздің  шифрланған  хабар  бір  не 
бірнеше  бүтін  сөзден  тұрады.  Шифрланған  хабарда  символ  Ъ  екі  рет  кездеседі.  Ашық 
мәтінде  шифрланған  Ъ  белгінің  орнында  дауысты  әріп  О,  А,  И  немесе  Е  тұр  деп 
болжайық. Ъ орнына осы әріптерді қойып әрі қарай талдаудың мүмкіндігін бағалайық (2.2 
кесте).  
 
Кесте 2.2. Криптоталдаудың бірінші кезеңнің варианттары 
Шифрланған хабар 
Т  Н  Ф  Ж  .  И  П  Щ  Ъ  Р  Ъ 
Ъ -ны О -ға ауыстырғаннан кейін 
 
 
 
 
   
 
 
О    О 
Ъ -ны А -ға ауыстырғаннан кейін 
 
 
 
 
   
 
 
А    А 
Ъ -ны И -ға ауыстырғаннан кейін 
 
 
 
 
   
 
 
И    И 
Ъ -ны Е -ға ауыстырғаннан кейін 
 
 
 
 
   
 
 
Е    Е 
 
Барлық  келтірілген  ауыстыру  варианттары  тәжірибеде  кездесу  мүмкін. 
Криптограммада  басқа  символдар  бір  рет  кездесетінің  еске  алып,  қандай  болмасын 
хабардың варианттарын таңдап алайық (2.3 кесте).  
 

 
29 
Кесте 2.3. Криптоталдаудың екінші кезеңнің варианттары 
Шифрланған хабар 
Т 
Н 
Ф 
Ж 

И 
П 
Щ 
Ъ 
Р 
Ъ 
Дешифрланған таңдап алынған хабарлардың варианттары  
Ж 
Д 
И 
 
С 
У 
М 
Р 
А 
К 
А 
Д 
Ж 
О 
Н 
А 
 
У 
Б 
И 
Л 
И 
В 
С 
Е 
Х 
 
П 
О 
Б 
И 
Л 
И 
М 
Ы 
 
П 
О 
Б 
Е 
Д 
И 
Л 
И 
 
2.3 кестеде келтіргеннен басқа хабарлардан одан да артық сай келетін сөйлемдерді 
таңдап  алуға  болады.  Сонымен,  егер  бізге  ұстап  алынған  хабардын  мазмұны  туралы  еш 
нәрсе алдын ала белгілі болмаса, онда оны бірмәнде ашалмаймыз. 
 Егер де криптоталдаушының қолына қарапайым орнына қою әдіспен шифрланған 
жеткілікті ұзын хабар түссе, онда әдетте оны ойдағыдай ашып оқуға болады. Шифрланған 
хабар неғұрлым ұзын болса, соғұрлым оны бірмәнді дешифрлауға болады.  
Егер  ашық  мәтіннің  статистикалық  сипаттамаларын  жасыратын  болсақ,  онда 
қарапайым  орнына  қою  шифрдың  ашуы  бірталай  күрделі  болады.  Мысалы,  осы  оймен 
шифрлаудың алдында ашық мәтінді архиватор программа көмегімен «сығуға» болады. 
Орнына  қою  ережелерінің  күрделендіруімен  шифрлаудың  сенімділігі  өседі.  Жеке 
символдарды  емес,  ал  мысалы,  екі  әріпті  тіркестерді  –  биграммаларды  ауыстыруға 
болады. Осындай шифр үшін ауыстыру кестесі 2.4 кестеде берілген.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет