А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент



бет101/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

Реті

Түрлері

Ерекшелігі

1

Оқыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты – жаңа материалға қызығушылығын дамыту, мұғалім нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару.

3

Бекіту

Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі ережелерді араластыра отырып қолдануды талап етеді.

4



Шығармашылық



Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі.Мұндай тапсырмалар шығарылған есептің екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу тапсырылады.

5



Қайталау



Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмысты мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтірген сұрақтар болса, анықтауға көмектеседі.

6

Дамыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді.

Оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің пайдасы зор. Пікір сайыс, дөңгелек үстел, диспут, ойын элементтерін сабақта пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, түсінігін молайтады. Ал бұл өз кезегінде оқушының өзіндік жұмыстарды үлкен ықыласпен орындауына қол жеткізеді.

Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық.

Репродуктивті деңгейде оқушы тақырыппен танысады, берілген тапсырмаларын орындайды.

Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба құру және т.б.

Информатика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыстарды жоғарыдағы айтылған талаптарды ескере отырып, келесі принциптерге сәйкес ұйымдастыру керектігі анықталды:

білім берудің іргелендірілуі мен стандарт талабына сай маман даярлау;

оқу-тәрбие мен ғылыми - зерттеу процестерін үйлестіру, яғни оқу процесін ғылыми зерттеушілік жұмыстарға барынша жақындату;

арнайы пәндерді мәселелік жағдаймен, компьютерлік технологиялар негізінде оқыту.

Осыдан, оқытушының оқушылардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастыруға, дидактикалық тапсырмаларды орындауы нәтижелі болуы үшін соларды басқаруға компьютерді пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.

Сонымен қатар, информатика пәнінен өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуы, басқарылуы, оның компьютерлік технология негізінде іске асырылуы өзіндік жұмысқа психологиялық кедергі бола алмайды. Себебі информатика пәнін оқытудағы ерекшеліктің бірі компьютерді әрдайым сабақта қолдану болып табылады.

Өзіндік жұмысты компьютерлік технология негізінде ұйымдастыру барысында студенттердің келесі кәсіби біліктері артады:

өз білімін өздігінен үнемі жетілдіріп отыруға үйрену;

зерттеу жұмыстары мен оқыту әдістемесінің мазмұны, құрылымы туралы қажетті біліммен қарулану;

әрбір студенттің зерттеу жұмыстарына деген біліктілігі мен оған дағдылану компоненттерінің қалыптасуы;

алдыңғы айтылған ойлар негізінде зерттеу және практикалық жұмыстарға деген қызығушылықты жоғарылату;

байыпты ойлау қабілетінің даму мүмкіндіктерін ашу.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың мақсатты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:

өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың

информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына көздерін жеткізу;

оқушылар істейтін жұмыстардың мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен, ерік – жігерімен, қалауымен орындауы;

оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алады, ал бұл оқушы бойында жинақылық, белсенділік пен саналықты қажет етеді;

мұғалімнің нақты тапсырмалар беріп жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі оқушыларға өз міндеттеріне жауапты қарауға, өз уақытын есептей білуге, жұмысын жоспарлай білу дағдыларын дамытады.

Өзіндік жұмыстарға оқушыларды белсеңді жұмылтыруға мұғалім меңгеруге тиісті үлкен шеберлік қажет.

Карточкамен жұмыс жүргізу. Карточка көрнекіліктердің бір түріне жатады. Онымен жұмыс істеген өте қолайлы. Карточка негізінен жеке бір оқушынының білім деңгейін бақылауға қолайлы, бірақ оны топпен жұмыс жасағанда, нұсқамен жұмыс жасағанда да қолдануға болады. Оқушы карточкамен жұмыс орындағанда шығармашылық жеке тұлғасын қалыптырады және ынтасын дамытады және алға шығуға, тапсырманы дұрыс орындауға талпынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет