А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты



бет118/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу мұғалімнің белгілі бір іс-әрекет моделін құрастырудан тұрады. Дарынды мұғалімнің сыныптан тыс сабақтары да көбінесе өткен дайындығына байланысты болады. Сол себепті әрбір іс-шараны ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана өткізген жөн.

Жоспарды мұғалім оқушылардың қатысуымен құрастырады. Жоғарғы сыныптарда оқушылар мұғалімнің басшылығымен өз бетінше де орындайды. Тәрбиелік шараны ұйымдастыру шеберлігі сыныптан тыс әрекет саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру элементі болып табылады.

Модельдеу нәтижелері сыныптан тыс сабақтар жоспарында көрініс табады, олар мына құрылымнан тұрады:

Атауы. 4. Өткізу формасы.

Мақсаты, міндеттері. 5. Өткізу орны.

Материалдар мен жабдықтар. 6. Өткізу жоспары.

Атауында сыныптан тыс сабақтың тақырыбы жазылады. Ол мазмұнды нақты сипаттап қана қоймай, көлемі ықшам, тартымды болуы керек. Дайындықты іс-шаралардың тәрбиелік және білімділік мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан, тиісті өткізу формалары мен әдістерін, ұжыммен жұмыс жасау жүйесіндегі орынды таңдаудан бастау қажет. Осы тұста тәрбиеге деген кешенді көзқарас байқалады. Сондықтан көзделген істің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай анықтап, өткізілетін іс-шара мен оқу-тәрибиелік жұмыс жүйесін құрайтын басқа да құрамдастарының арасында байланыс орнатқан абзал. Іс-шараны дайындау кезінде ұжымдағы оқушылардың өткен сабақтағы тәрбиелік әрекетін және олардың нәтижелерін ескерген жөн.

Сыныптан тыс сабақтың мақсаты дамытушы, түзетуші, қалыптастырушы, тәрбиелік қызметтен тұруы қажет, бұл ретте оқытушылық қызмет міндеттердің бірі болып қалады.

Жаңа білімді игерту сыныптан тыс сабақтың мақсаты бола алмайтыны бәріне мәлім. Тапсырмалар нақты, мазмұнын ашатындай болуы тиіс. Олар әмбебап болмауы тиіс. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты мен міндеттері неғұрлым нақты әрі диагностикалық болып тұжырылымдалса, соғұрлым ұстаздың күтілетін нәтижелер туралы ойы айқындала түседі.

Сыныптан тыс сабақтың мақсатына, міндеттеріне, басым қызметтеріне және зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мазмұны нақтыланып, нақты формалары, әдістері мен құралдары таңдап алынады.

Сыныптан тыс сабақтың жабдықтарына түрлі құралдар: оқу құралдары, ойыншықтар, бейнефильмдер, бағдарламалық құралдар, әдебиет, ақпараттық ресурстар, әуенмен безендіру және т.б. жатады. Әділқазылар мен командаларға арналған үстелдер мен орындықтарды; ватман, қағаз, қарындаштар мен қаламдарды; тапсырмаларды орындауға арналған тақтаны, бор мен шүберекті және т.б. уақытылы дайындап қойған дұрыс.

Сынып бөлмесін безендіру үшін информатиканы, ақпараттық технологияны және компьютерлік техниканы дамытуға үлес қосқан әйгілі ғалымдардың қанатты сөздері жазылған плакаттарды, ғалымдардың суреттерін, іс жүзінде компьютерді пайдалану суреттері бар плакаттарды, ауызша шешуге арналған, ептілікті, байқампаздықты қажет ететін, ребустар мен сөзжұмбақтары бар тапсырмалар жазылған плакаттарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділер жазылған, көркемделіп безендірілген ғылыми-танымал әдебиеттер тізімін («Информатика бойынша не оқу керек?») пайдалануға болады.

Тәрбиелік шараны дайындау кезінде материалды сараптай білу басты орында тұрады. Жұмыс түріне байланысты ол үшін әртүрлі уақыт қажет. Мысалы, диспут, кеш, көрме шараларына материал дайындауға көп уақыт керек: ол уақыт мұғалім мен оқушылардың әдебиеттерді оқуына, оқушылардың алуан түрлі жобалар мен тапсырмаларды орындауына, қажетті деректер жинауға, баяндамалар және т.б. дайындауға пайдаланылады. Аталмыш алдын ала дайындық жұмыстары тәрбиелік және білім беру үрдісінде маңызды болып табылады. Кейде материалды таңдап сараптауға көп уақыт жұмсалмаса да (есептегіш орталыққа саяхат немесе киноға бару), ұстаз баратын нысанмен алдын ала танысуы қажет.

Сыныптан тыс сабақ саяхат, сұрақ-жауап, байқау, олимпиада және т.б. түрінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жоспардағы сабақ формасын атауымен біріктіреді, мәселен, «Информатика бойынша сұрақ-жауап», «Бағдарламаушылар турнирі», «Есептегіш орталыққа саяхат», «Компьютерлік карикатуралар туры».

Өткізу орны қатысушылардың санына, іс-шаралар түріне, материалдық базаға және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады (информатика бөлмесі, мәжіліс залы, спорт залы және т.б.).

Сабақ жоспары мазмұннан және тәрбиелік әдістерден тұрып, жүйелі сценарий немесе тезистік жоспар түрінде болады. Сабақ барысын модельдеу кезінде оның ұзақтығын және құрылымын ескерген жөн. Сыныптан тыс сабақ төменгі сыныптарда 15-20 мин., орта және жоғары сыныптарда 1-2 сағаттан тұруы керек.

Іс-шараны даярлауда ұйымдастырушылық жұмыс деген маңызды элементті де ескерген жөн. Мұғалім оны оқушылардың қатысуымен басқарады. Ол тапсырмалардың таратылуын бақылап, оларды орындауға көмек береді. Жауапты тапсырмалар жалпы сыныпқа, оқушылардан құралған топтарға берілуі мүмкін. Ірі ісшараларды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық комитеттерін құрып, ең үздік дайындық бойынша жарыс өткізген дұрыс. Оқушылардың бастамаларына сүйеніп, мұғалім олардың бойында ұйымдастырушылық дағдылар мен ептіліктің қалыптасуына септігін тигізеді, оларды жауапкершілікке және өздігінен орындауға үйретеді.

Іс-шараның өтуін жариялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп ілінуі тиіс, бір күн бұрын «Сен КВН-ға келесің бе?», «КВН сағат ...де», «КВН-де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді. Нарықтық экономика заманында демеушілерді тауып, жеңімпаздарға сыйлықтар дайындау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет