Жас мұғалімге өз сабағын өзі талдауға ескертпе Өзіңізді өзіңіз талдау жасауға дағдыландырыңыз.
Мына сұрақтарды ескеруге тырысыңыз:
1. Оқу дағдылары мен біліктілікті қалыптастыру жұмысы:
оқулықпен жұмыс;
сөздік пен анықтамаларды қолдану;
оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу қабілетін
дамыту;
оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекетін өздік бақылау; өздік жұмыс.
Қанша оқушы өздік жұмысын орындай алмады?
Оқушылардың білімдерінде жіберілген қателіктерді қалай жойдыңыз?
Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау жоспарға сәйкес жүргізілді ме? Мыналарды ескердіңіз бе:
жаппай сұрауларды жүргізу басым болған жоқ па?
оқу-тәрбие үрдісін ықшамдау үшін қандай көрнекі құралдарды қолдандыңыз және қашан?
сұрау жұмысына қайталауды кіргіздіңіз бе? Жүйелі түрде жасайсыз ба?
төмен және жоғары деңгейлі оқушыларды сұрау жұмысының деңгейі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |