А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет17/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

3.3
 
 Білім берудегі құзыреттілік көзқарас 
Құзыреттілік кӛзқарас бастапқыда лингвистикада пайда болып, кейін 
педагогика ғылымына кӛшіріліп әкелінді. Аталған кӛзқарастың пайда болуын 
американ тіл маманы Н.Хомский атымен байланыстырады. Ол алғаш рет 
құзыреттілік ұғымын алғаш рет тіл теориясына, трансформациялық 
грамматикаға қатысты қолданды. Оның айтуынша тілдік құзыреттілік тілді 
білу ғана емес, оны нақты ӛмірлік жағдаяттарда пайдалана алу, яғни 
құзыреттілік білімді меңгеру ғана емес, оны шынайы ӛмірлік жағдайларда 
қолдану қабілеттілігі. Сонымен бірге, ғалым құзыреттіліктің дамуы мен 
ӛмірлік жағдайларда жүзеге асуы құзыреттілік айқындалуы тиіс пәндік 
әрекет саласында тәжірибесінің болуына байланысты екендігін кӛрсетеді. 
Бұл болашақ мамандарды даярлауда оқыту үрдісінің тәжірибелік 
бағытталуын, теорияның тәжірибемен байланыстылығын қамтамасыз ету 
қажеттілігін анықтап беріп отыр.
Осы кезде (1959) Р. Уайттың «Motivation reconsidered: the concept of 
competence» атты еңбегінде, құзыреттілік категориясы мазмұндық 
тұрғысында тұлғалық компонент – мотивациямен толықтырылады. 
Адамдардың белгілі бір білім мен тәжірибені ӛмірде табысты қолдану үшін, 
сол саладағы пәндік әрекетке жағымды мотивациясы болу қажет. Мысалы, 
шет тілінде сӛйлеу үшін, сол тілге және оны ӛмірлік жағдайларда қолдануға 
қажеттіліктің болу тиіс.
Сонда, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру 
үшін, сол кәсіби әрекет саласына жағымды қатынасы мен оны табысты 
жүзеге асыруға мотивациясын, сол кәсіби салаға сай құндылықтарын 
қалыптастыру маңызды. 
И.А. Зимняя, құзыреттілік табиғаты мен мазмұнын анықтауға деген 
түрлі ғылыми кӛзқарастарды (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. 
Кузьмина, А.К. Маркова, В.Н. Куницина, Г.Э. Белицкая, Л.И. Берестова, В.И. 
Байденко, А.В. Хуторской, Н.А. Гришанова және т.б.) талдай отырып, білім 
берудегі құзыреттілік кӛзқарастың қалыптасуын шартты түрде үш кезеңге 
бӛлді: 
Бірінші кезең - 1960-1970 жж. – ғылыми қолданысқа «құзырлық» 
ұғымын енгізумен (Н. Хомский, Р. Уайт), құзырлық/құзыреттілік 
ұғымдарын ажыратуға негіздемелердің жасалуымен сипатталады.
Осы кезеңнен бастап трансформациялық грамматика және тілдерді 
оқыту теориясы құрылымында тілдік құзыреттіліктің түрлері зерттеле 
бастады, «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы енгізілді (Д. Хаймс). 
Сӛйтіп, ХХ ғасырдың 60-шы жылдары қарастырылып отырған 
«құзырлық» және «құзыреттілік» ұғымдарының айырмашылығы теориялық 
негізделді, оның соңғысының түсініктемесі интеллектуалдық және тұлғалық 
негізделген (яғни адамның білімі, таным қабілеттері, тұлғалық қасиеттері мен 
сапаларымен 
айқындалатын) 
адамның 
әлеуметтік-кәсіби 
әрекетінің 
тәжірибесі деп қарастырылады. Айта кету қажет, «құзырлық», «құзыреттілік» 
ұғымдары одан бұрын тұрмыста, әдебиетте де қолданылатын, олардың 
түсініктемесі түрлі сӛздіктерде берілетін. 


Екінші кезең - 1970-1990 жж. – «құзырлық»/ «құзыреттілік» 
ұғымдарының тілді (әсіресе шет тілдерін), басқару мен менеджментегі 
кәсіпқойлыққа оқытудың теориясы мен тәжірибесінде, қарым-қатынасқа 
үйретуде 
қолданылумен 
сипатталады. 
Осы 
кезде 
әлеуметтік 
құзырлық/құзыреттілік ұғымдарының мазмұны құрастырыла бастады.
Бұл уақытта құзыреттіліктің 37 түрі анықталып қана қоймай (Дж. 
Равен құзыреттіліктің 37 түрін анықтады), сол құзыреттіліктерді 
қалыптастыруды кӛздейтін оқытудың ғылыми-теориялық негіздемесі 
жасала бастады (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.А. Петровская).
Дж.Равеннің Лондон қаласында 1984 жылы жарық кӛрген 
«Компетентность в современном обществе» атты еңбегінде, құзыреттіліктің 
кең түсініктемесі берілген. «Бұл шартты түрде бір-бірінен дербес болып 
келетін компоненттерден тұратын құбылыс...». Дж. Равен айтуынша 
«құзыреттілік 
түрлері» 
бұл 
«мотивацияланған 
қабілеттер» 
(яғни 
қабілеттіліктің ӛмірлік жағдайларда айқындалып табысты қолданылуы соған 
деген жағымды мотивацияның болуымен байланысты, кәсіби әрекетті 
табысты жүзеге асыру үшін болашақ маманда оған деген жағымды 
мотивациясы болуы маңызды). 
Білім беруге қатысты ғылыми категория ретінде құзыреттілік 
зерттелуінің үшінші кезеңі 1990 жылдан басталады және А.К. Маркова 
(1993, 1996), Л.М. Митина (1998), А.В, Хуторской (2002), А.А. Вербицкий 
және т.б. еңбектерінің пайда болуымен сипатталады. Осы кезде ғалымдар 
құзыреттілік кӛзқарасты білім берудегі мақсаттардың жаңа типі ретінде 
қарастырады. 
Қазіргі уақытта, негізгі ресурсы мобильді және жоғары білікті адам 
капиталы болып табылатын жаңа экономика дамуы жағдайында Қазақстанда 
жаңа білім беру жүйесі қалыптастып жатыр. Білім берудің негізгі нәтижесі 
ретінде білім беру мекемелерін тәмамдаған жастардың ӛзінің және қоғамның 
әл-ауқаты үшін жеке жауапкершілікті артуға дайындығы мен қабілеттілігі 
қарастырылады. 
Жастардың бойында әрекет ету және табысты болуға қабілеттілікті, 
кәсіби универсализмді, әрекет салаларын алмастыра алу қабілеттігін, жоғары 
дәрежедегі әрекет тәсілдерін қалыптастыру білім берудің мақсаттарына 
айналу қажет. Мобильділік, сенімділік, жауапкершілік, білімді меңгеру және 
таныс емес жағдайларда қолдану қабілеттілігі, басқа адамдармен қарым-
қатынасты орнату қабілеттілігі ерекше сұранысқа ие болған қасиеттер мен 
сапаларға айналды. 
Білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижесі білім, іскерлік және 
дағдылар жүйесі емес, адамның нақты ӛмірлік жағдайларда әрекет ету 
қабілеттілігі болу тиіс. 
ЮНЕСКО баяндамасында былай делінген: «Кәсіпкерлерге кейінгі 
кезде, олар үшін материалдық сипаттағы белгілі бір операцияларды жүзеге 
асыру іскерлігімен ұқсастырылатын жалғыз біліктілік емес, әлеуметтік мінез-
құлық, топта жұмыс істеу қабілеттілігі, бастамашылдық және тәуекелге 


құштарлық, біліктілік сияқты сапалар жиынтығы үйлескен құзыреттілік 
қажет.
Қазіргі педагогикада мамандарды даярлау жүйесі негізінде кӛптеген 
алуан түрлі ғылыми кӛзқарастар қалыптасқан. Олардың қатарында белгілі 
және тұрақты кӛзқарастар (дәстүрлі-білімге бағдарланған, жүйелілік, 
әрекеттік, кешенді, тұлғалық бағдарлы, тұлғалық-әрекеттік), сонымен қатар 
жаңа, ғылыми айналымға кейінгі кезде қосылғандар (жағдаяттық, мәтіндік, 
полипарадигмалық, ақпараттық, эргономикалық және т.б.) бар. Соңғыларға 
құзыреттілік кӛзқарас та жатады.
Бірінші топқа кірген әдіснамалар түрлі деңгейде болса да, белгілі бір 
дәрежеде негіздемелері бар. Олардың мәні философия, психология, 
педагогика тұрғысында негізделіп, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде кең 
қарастырылған.
Кӛзқарастардың екінші тобы толыққанды ғылыми негізделмеді, бірақ 
зерттеушілер арасында кең танылған.
Педагогикадағы құзыреттілік кӛзқарастың идеясы ӛткен ғасырдың 80-
ші жылдары, «Перспективалар. Білім беру мәселелері» журналында В. де 
Ландшеердің «Минималды құзыреттілік тұжырымдамасы» шыққан кезде 
пайда болды. Бастапқыда құзыреттілік кӛзқарас емес, білім берудің мақсаты 
мен нәтижесі ретіндегі құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік жайлы сӛз қозғалған 
еді. Ол кезде құзыреттілік кең мағынасында «пәнді терең білу немесе 
меңгерілген іскерлік» ретінде анықталды.
Ұғымды игеру барысында оның кӛлемі мен мазмұны кеңейе берді. 
Соңғы кездері (ӛткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап) білім берудегі 
құзыреттілік кӛзқарас жайлы айтыла бастады (В. Болотов, Е.Я. Коган, В.А. 
Кальней, А.М. Новиков, В.В. Сериков, С.Е. Шишов, Б.Д. Эльконин және 
т.б.).
Қазақстанда білім берудегі құзыреттілік кӛзқарас мәселесін 
Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебекова, Ш.Курманалина, М.Жадрина,
К.Устемиров, Н.Р.Шаметов және т.б. зерттеді.
Құзыреттілік кӛзқарас мәнін толық түсіну үшін, «кӛзқарас» («подход») 
түсінігінің астарында қандай мән жатқандығын анықтап алған жӛн. 
Әдебиетте кӛзқарас ұғымы мәселелерді шешу негізінде жатқан идеялар, 
принциптер, әдістер жиынтығы. Кейбір кезде кӛзқарасты әдіске теңейді 
(мысалы жүйелілік кӛзқарас немесе жүйелілік әдіс), бірақ кӛзқарас ұғымы 
әдістен қарағанда кең ұғым.
Кӛзқарас (подход) – бұл мәселені шешудің идеологиясы мен 
әдіснамасы, ол негізгі идеяны, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, 
психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, негізгі мақсаттарды, сол 
мақсаттарға жетудің принциптерін, кезеңдерін, механизмдерін анықтайды. 
Әдіс – ол тар ұғым, ол белгілі бір жағдайда белгілі бір міндетті шешуде қалай 
әрекет ету қажеттігі туралы білім. 
Жоғарыда кӛрсетілген кӛзқарас ұғымының түсініктемесіне негізделе 
отырып, құзыреттілік кӛзқарастың мақсаты мен мазмұнын ашып кӛрсететін 
болсақ. 


Құзыреттілікке 
бағытталған 
кәсіби 
білім 
беру 
әлеуметтік-
экономикалық, саяси-білім беру, педагогикалық алғышарттармен негізделіп 
ӛмірге келген білім берудегі объективті құбылыс. Ең бастысы, бұл кәсіби 
білім берудің ӛзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, нарықтық 
экономикамен қатар пайда болған процестерге реакциясы болып табылады.
Нарық қазіргі маманға мамандарды даярлау бағдарламаларында 
ескерілмеген біршама жаңа талаптарды қояды. Бұл талаптар, қатаң түрде 
белгілі бір пәнмен байланысты емес, олар метапәндік сипатқа ие және 
әмбебап болып табылады. Оларды қалыптастыру жаңа мазмұнды (пәндік) 
емес, жаңа педагогикалық технологияларды талап етеді. Аталған талаптарды 
кейбір авторлар базалық дағдылар (В.И. Байденко), басқалар – метакәсіби, 
базистік біліктіліктер (А.М. Новиков), үшіншілер – негізгі құзыреттіліктер. 
Құзыреттілік кӛзқарастың педагогикалық алғышарттары теорияда да, 
тәжірибеде де бар. Кәсіби білімнің тәжірибесі туралы сӛз қозғасақ, 
оқытушылар білім беру мекемесенің болашақ мамандарға берген білім 
сапасы мен ӛндіріс, жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптармен 
арасындағы алшақтықты баяғыда-ақ байқады.
Бұл мысал болашақ мамандарды даярлау жүйесінде кемшіліктің бар 
екендігін кӛрсетеді, оның мәні, білім беру мекемелері мамандар бойында 
пәндік білім, іскерлік, дағдылар жүйесін қалыптастыра отырып, болашақ 
мамандардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын маңызды тұлғалық және 
әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға кӛп мән бермейді. 
Педагогикалық теорияда да құзыреттілік кӛзқарастың туындауына 
алғышарттар болды. Педагогика ғылымында, білім, іскерлік, дағды 
жүйесімен қатар шығармашылық әрекет пен эмоционалдық-құндылықтық 
қатынас тәжірибесін қалыптастыру маңыздылығына назар аударған білім 
беру мазмұнының тұжырымдамалары (И.Я. Лернер, В.В. Краевский, В.С. 
Леднев) 
жасалған 
еді. 
Білім 
алушылардың 
ойлау 
қабілеттерін, 
шығармашылық ойлауын, мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға 
бағдарланған проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И. Махмутов, И.Я. 
Лернер, Д.В. Вилькеев және т.б.), да жасалған еді. Пәндік білімдерді 
меңгерту барысында тұлғаны қалыптастыруды кӛздейтін тәрбиелеуші оқыту 
тұжырымдамалары (Х.Й. Лиймегс, В.С. Ильин, В.М. Коротов және т.б.), да 
бар.
Педагогикада білім алушылар бойында білім, іскерлік, дағдылармен 
қатар дербестікті, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыс пен дайындығын, 
жауапкершілігін, шығармашылық қабілеттерді дамытуды кӛздеген қаншама 
теориялар мен тұжырымдамалардың мысалдарын келтіруге болады. Бұл 
тұжырымдамалардың негізіне кірген идеялар мен оларды жүзеге асыру 
тәсілдері бұқаралық тәжірибеге енбеді, себебі олар мемлекет, ӛндіріс, қоғам 
тарапынан кӛп сұранысқа ие бола алмады. 
Кәсіби білім беруде құзыреттілік кӛзқарасты жүзеге асырудың мақсаты 
- құзыретті маманды қалыптастыру. Қазіргі кәсіби білім берудің
педагогикасындағы құзыреттіліктерді нарықтық экономиканың қатынастары 
тудырған білім жүйесінің жаңа мақсаттары ретінде қарастырған жӛн. Оның 


жаңалығы неде, бұл жаңа мақсаттардың дәстүрлі мақсаттардан, білім беруді 
ұйымдастырудың академиялық кӛзқарастарынан айырмашылығы неде?
Оның басты айырмашылығы, «білім берудің құзыреттілік моделі» 
еңбек нысанынан (пәннен) ӛктемдігінен дербес, бірақ одан мүлдем бас 
тартпайды, ол білім беру үрдісінің нәтижесіне пәнаралық, интеграциялық 
талаптарды кӛбірек талап етеді (яғни болашақ мамандарды арнайы 
білімдерден қарағанда әмбебап білімдер, дағдылар мен қабілеттердің болуын 
талап етеді). 
Құзыреттілік кӛзқарастың мәні сонда, білім берудің мақсаттары 
дағдылар мен қабілеттерді еңбек саласында қолдана алумен сипатталады. 
Сондықтан құзыреттілік ұғымы белгілі бір пәндік әрекетті жүзеге асыру үшін 
қажетті таным мен қарым-қатынас қабілеттерін қамтиды. Сондықтан кәсіби 
құзыреттілік құрылымында пәндік немесе арнайы, әдіснамалық және 
әлеуметтік құзыреттіліктерді ажыратады. 
Б.Д. Эльконин пікірінше, «құзыреттілік – ол адамның әрекетке араласу 
ӛлшемі». С.Е. Шишов құзыреттілікті білім мен жағдайдың арасында 
байланысты құруға мүмкіндік беретін (яғни білімді тәжірибеде жүзеге 
асыруға, мәселелерді шешуде пайдалануға мүмкіндік беретін) білім, 
құндылық, бейімділікке негізделген жалпы қабілеттілік ретінде қарастырады.
Құзыреттілік кӛзқарасының қолдаушылар пікірінше, бұл кӛзқарас 
қазіргі қызмет етіп жатқан білім беру жүйесі мен қоғамның қажеттіліктері 
арасындағы алшақтықты жоюға кӛмектеседі. Себебі бұл кӛзқарастың мәні 
сонда, ол білім берудің мақсаттарын келесі триада ретінде құрастырады – 
«әрекет ету іскерлігі», «ӛмір сүру іскерлігі», «іскерлік қабілеті». 
О.Филатова кӛрсеткендей құзыреттілік кӛзқарасының негізгі идеялары 
тӛмендегідей тұжырымдалады: 
• құзыреттілік ӛзінің құрамына білім берудің интеллектуалдық және 
операционалдық компоненттерін де қамтиды; 
• құзыреттілік ұғымы тек когнитивті және операционалдық-
технологиялық компоненттерді ғана емес, сонымен бірге мотивациялық, 
этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттерін де қамтиды; ол 
оқыту нәтижелерін, құндылықтық бағдарлар жүйесін, әдеттерді және т.б. 
қамтиды; 
• құзыреттілік мәні – ол меңгерген білім, іскерлік, дағдыны, тәжірибе 
мен мінез-құлық тәсілдерін нақты ӛмірлік жағдаят, нақты іс-әрекет 
саласында жұмылдыра алу қабілеттілігі; 
Бұл сипаттамаларға Г.Б. Голуб пен О. В. Чураков тӛмендегілерді 
қосады: 
• «құзыреттілік» 
ұғымы 
процессуалдық сипатқа 
ие, 
яғни 
құзыреттіліктер тек әрекетте айқындалады және сол әрекетте ғана 
қалыптасады (яғни болашақ маман бойында белгілі бір құзыреттілік 
қалыптасу үшін сәйкесінше оны сол пәндік әрекет саласына қосу қажет); 
• құзыреттілік кӛзқарас адамның ӛзгермелі қоғамға, жаңарып отыратын 
технологияларға бейімделу қажеттілігінен туындады. Құзыреттілік – ол 
ӛзгермелі қоғамның талаптарына жауап ретінде, ӛзіңнің бойында ӛзгерістерді 


жасауға қабілеттілік, бірақ білім берудің негізгі ядросы – тұтас дүниетаным 
мен құндылықтар сақталу қажет. 
Құзыреттілік кӛзқарастың мәні мен идеяларын, оның құрылымындағы 
білім беру мақсаттарын толық және терең түсіну үшін, осы әдіснамалық 
кӛзқарастың мәнін ашатын екі ұғым, құзыреттілік пен құзырлық ұғымдарын 
қарастырған жӛн. 
Жалпы құзыреттіліктің мәні, кәсіби құзыреттілік және оның жіктелуі 
мәселелерін А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская, 
Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, 
Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, 
В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева және т.б. ӛз еңбектерінде қарастырды.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзыреттілік мәселесі саласында 
М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен 
Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың еңбектерін атауға болады. 
Джон Равен, Д.П.Мучкин құзыреттіліктің мәнін, табиғатын 
қарастырса, 
Н.В.Кузьмина, 
А.К.Маркова, 
И.А.Зимняя, 
Т.Е.Исаева, 
А.В.Хуторской, В.Д.Шадриков, Ю.Г.Татур, А.А. Жайтапова, Ш.Таубаева, 
В.Байденко және С.Е.Шишов еңбектерінде мамандардың кәсібилігі 
құрылымындағы құзыреттілік мәселесі зерттелген. Ал М.Ж. Жадрина, 
К.Л.Кабдолова, Г.У.Кунакова, А.Аргымбаева, А.Б.Изделеуова, Д.П.Мучкин, 
Р.Дәулетова ӛз зерттеулерін оқушылардың құзыреттілігі мәселелеріне 
арнаған, олар құзыреттіліктерді орта білім берудің нәтижелері ретінде 
анықтайды. 
Құзыреттілік ұғымының мәнін анықтауда ең бірінші профессор 
А.Қ.Құсайынов жетекшілігімен жасалған педагогика және психология 
бойынша «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігі» 
(Алматы, 2002) қаралды. Онда келесі анықтама ұсынылады «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет