А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

құзыр, білік
(компетенция) – 1) Жалпы алғанда – белгілі бір тапсырманы орындауға 
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау; 2) тіл мен психолингвистикада – тілдің 
базалық, абстрактілі ережелерін меңгеру. Бұл жерде құзыр мен сӛйлеуде тілді 
қолдану дегенді айыра білу керек. Құзыр теориясы лингвистикалық білімдер 
мен грамматиканың теориясы болып табылады; 3) сот психиатриясында сот 
отырысына қатысуға психикалық тұрғыдан қабілетті деп есептелетін адамды 
белгілеуде 
қолданылады. Әдетте, 
құзырлықты 
анықтағанда 
адам 
жауаптылықтың мәнін және айыптау үкімі шығарылуының заңы салдарын 
түсінеді, адам ӛзін қорғауға қатысуға қабілетті деген критерийлері есепке 
алынады.
Сӛйтіп, құзыреттілік (компетентность) ұғымы қазақ тілінде белгілі бір 
салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) 
беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің 
негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы 
арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты 
айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде 
құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, 
шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады. 


Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға 
міндетті стандартында «құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап 
тәсілдерін меңгеруінен кӛрінетін білім нәтижесі». Бұл жерде білім берудің 
нәтижесі ретінде кӛрсетілген құзыреттіліктің мәні де білімге негізделген іс-
әрекет тәжірибесін табысты меңгерумен сәйкестендіріледі. 
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру 
тұжырымдамасында да құзыреттілік ұғымы іс-әрекетті табысты орындау 
қабілеттілігімен сипатталады және білім берудің нәтижелері ретінде 
анықталады.
Джон Равен: «Құзыреттілік – нақты пәндік салада белгілі бір әрекетті 
жемісті орындауға қажетті қабілет, ол ӛзіне бір саланың білімін, ерекше 
пәндік дағдыларын, ойлау тәсілдерін және ӛз әрекеті үшін жауапкершілікті 
түсінуді қамтиды. Құзыреттіліктің табиғатының ерекшелігі сонда, ол 
адамның құндылықтарымен үйлесімділікте ғана айқындалады, яғни бұл 
әрекетке деген тұлғаның үлкен қызығушылығы болған жағдайда кӛрінеді» - 
деп тұжырымдайды.
Сонымен, Джон Равен құзыреттілікті қабілет тұрғысынан қарастырады, 
осы кӛзқарасты С.Е.Шишов пен О.Волкова да ұстанады.
С.Е.Шишов 1996 жылы Берн қаласында ӛткен «Ключевые компетенции 
для Европы» атты симпозиум материалдарына негізделе отырып, құзыретті 
маманның кәсіби іс-әрекетте ӛзінің білім мен іскерліктерін, сонымен бірге 
әрекетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін жұмылдыра алу қабілеті 
ретінде анықтайды.
О.Волкова құзыреттілікті қабілеттер мен іскерліктердің жиынтығы 
немесе жүйесі ретінде қарастырады.
Құзыреттілікті тұлғаның кіріктірілген қасиеті немесе кіріктірілген 
тұтастығы ретінде И.А.Зимняя, Ю.Г.Татур, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, 
А.Арғымбаева, Ш.Таубаева, Д.П.Мучкин және Г.Селевко, А.Петров 
қарастырады. 
И.А.Зимняя: «Құзыреттілік – ол білімге негізделген, интеллектуалдық 
және тұлғалық айқындалған адамның әлеуметтік-кәсіби сипаттамасы 
ретіндегі адамның ӛзекті, қалыптастырылатын тұлғалық қасиеті», - деп 
тұжырымдайды. 
Ал, Ю.Г.Татур шетел сӛздерінің қысқаша сӛздігінде және 
энциклопедиялық сӛздікте құзыреттілікке берілген түсініктерді талдай 
отырып, ӛзінің келесі ұғымын береді: «Құзыреттілік - белгілі бір салада 
шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның 
қасиеті, сипаттамасы ретінде қаралады. Бұл қасиеттің негізін білімдер, 
хабардарлық, адамның әлеуметтік-кәсіби әрекетінің тәжірибесі құрайды. 
Сӛйтіп, «құзыреттілік» ұғымының жинақтаушы, интегративті сипаты 
айқындалады».
«Құзыреттілік» ұғымының мәніне үңілетін болсақ, онда адам 
сәйкесінше ақпаратты, білімді және практикалық тәжірибені меңгерген соң 
ғана құзыретті болады. Сәйкесінше, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда
білім беру саласының орны басым.


Ғалым 
құзыреттіліктің 
қандай 
болса 
да 
түрінің 
міндетті 
компоненттерін (элементтері) кӛрсетті, олар тӛмендегідей: 
- құзыреттілікті іске асыруға жағымды мотивация;
- іс-әрекеттің мазмұны мен нәтижесіне құндылықты қатынас;
- белгілі бір әрекетті іске асырудың тәсілін таңдаудың негізінде жатқан 
білімдер;
- бар білім негізінде қажетті әрекеттерді жемісті орындауға 
бағытталған іскерлік, тәжірибе (дағды). 
Ю.Г.Татурдың пікірінше құзыреттілік ұғымының мәнін келесі ұғымдар 
ашады: білім, қабілет, іскерлік, түсінушілік, дағды. 
В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская құзыреттілікті «адамның кіріктірілген 
қасиеті, ӛзін қызықтыратын іс-әрекетті терең білім және үнемі жинақталып 
отыратын тәжірибе негізінде кәсіби деңгейде орындау қабілеті» ретінде 
анықтайды. 
Құзыреттіліктің 
негізгі 
компоненттері 
ретінде, 
олар 
мотивациялық-эмоционалдық (мен қалаймын), когнитивтік (мен білемін), іс-
әрекеттік (істей аламын) компоненттер деп кӛрсетеді. 
Сол сияқты Р.Дәулетова ӛзінің жұмыстарында құзыреттілік ұғымын 
қабілеттілік тұрғысынан қарастырады. Ӛзінің зерттеу пәніне алған 
коммуникативтік құзыреттілік ұғымын ол қоршаған ортада басқа 
адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, қарым-қатынас диалогына түсе 
алуына мүмкіндік беретін білім мен тәжірибеге негізделген қабілеттілік 
ретінде анықтайды.
Ш.Таубаева мен Г.Селевконың құзыреттілік түсінігіне берген 
анықтамалары ұқсас болып келеді. Олар, тұлғаның кіріктірілген қасиетін 
құрайтын негізгі элементтер - жалпы қабілеттілік пен іс-әрекетке даярлық 
деп тұжырымдайды. 
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену 
процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның 
жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның 
кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. 
Г.Селевко мақаласында «Құзыреттілік – оқыту мен әлеуметтену 
процесінде меңгерілген білім мен тәжірибеге негізделген, іс-әрекетке дербес 
және жемісті қатысуға бағытталған, жалпы қабілеттілігі мен іс-әрекетке 
даярлығымен айқындалатын тұлғаның кіріктірілген қасиеті»,- дейді. 
Д.П.Мучкин құзыреттілікті тұлғаның кіріктірілген қасиеті ретінде 
қарастырады. Ол құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының арасындағы 
ерекшеліктерді кӛрсетті. Сонымен, зерттеушінің пікірінше, құзырет – ол 
продуктивті іс-әрекетті іске асыруға қажетті тұлғаның ӛзара байланысқан 
қасиеттерінің (білімдер, іскерліктер, дағдылар, іс-әрекет тәсілдері) 
жиынтығы, ал құзыреттілік – адамның сәйкесінше құзыретті меңгеруі, 
сонымен бірге ол тұлғаның бұл құзырет пен іс-әрекетке деген қатынасын 
қамтиды. 
Э.Зеер мен Э.Сыманюк, Джон Равеннің, Ю.Г.Татурдың, 
И.А.Зимняяның, 
Д.П.Мучкиннің, 
Ш.Таубаеваның, 
С.Е.Шишовтың 
еңбектерін талдай отырып, бұл ұғымға келесідей түсінік берді: 


«Құзыреттіліктер жалпыланған, әмбебап білімдерге қарағанда әрекеттік, 
практикалық-бағдарланған сипатқа ие. Сондықтан олар, теориялық және 
қолданбалы білімдер жүйесімен қатар, когнитивті және операционалдық-
технологиялық құрылымдық бӛліктерін қамтиды. Яғни, құзыреттілік – бұл 
әрекет үстіндегі білімдер жиынтығы (жүйесі). Білімдерді меңгеру, түрлендіру 
және қолдану белсенді таным әрекетін қажет етеді, сондықтан 
құзыреттіліктің құрылымына эмоционалдық-жігерлік және мотивациялық 
компоненттер кіреді. Бірақ құзыреттіліктің мәнін ашатын негізгі 
компоненттер іс-әрекеттік, процессуалдық білімдер болып табылады.
Құзыреттіліктің маңызды компоненті тәжірибе, яғни адам меңгерген 
міндеттерді шешудің жеке әрекеттерінің, тәсілдері мен амалдардың бірыңғай 
тұтастыққа кіріктірілуі».
Сонымен бірге, олар құзыреттіліктерді қалыптастырудың келесі 
технологияларын ұсынды: 
- когнитивті-бағдарланған технологиялар: оқытудың диалогтық 
әдістері, семинар-дискуссия, проблемалық оқыту, когнитивті инструктаж, 
когнитивті карталар, инструментальді-логикалық тренинг, рефлексия 
тренингі және т.б.; 
- іс-әрекеттік-бағдарланған технологиялар: жобалар әдісі және 
бағыттаушы мәтін әдісі, контекстілік оқыту, ұйымдастырушылық-іс-
әрекеттік ойындар, кешендік (дидактикалық) тапсырмалар, технологиялық 
карталар, технологиялық процестерді имитациялық-ойындық модельдеу 
және т.б.; 

тұлғалық-бағдарланған 
технологиялар: 
интерактивті 
және 
имитациялық ойындар, дамытушы тренингтер, дамытушы психодиагностика 
және т.б. 
А.Петров құзыреттілікті пәндік білім мен іскерліктерді, практикалық 
іс-әрекеттің тәжірибесін біріктіретін күрделі құрылым ретінде қарастырады. 
Сонымен бірге, ол құзыреттіліктің құрылымдық компоненттерін ұсынды, 
олар тӛмендегідей: 
- когнитивті (пәндік саладағы білімдер жиынтығы, олардың негізінде 
құзыреттілік қалыптасады); 
- іс-әрекеттік (практикалық тәжірибе); 
- операциялық-технологиялық (есептерді практикалық шешудің 
іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы); 
- тұлғалық (берілген пәндік іс-әрекет үшін маңызды дара-
психологиялық қасиеттер мен қабілеттер жиынтығы және тұлғаның 
бағыттылығы); 
- құндылықтық (құндылықтық бағдарлардың, іс-әрекет мақсаты мен 
міндеттеріне адекватты мотивтердің, дүниетанымдық позициясының 
жиынтығы); 
- рефлексивті (іс-әрекетті және оның нәтижелерін ойластыру, бағалау, 
болжам жасау қабілеті). 
А.В.Хуторской «құзырлық» және «құзыреттілік» түсініктерін ажырата 
отырып оларға тӛмендегідей анықтама береді. 


Құзырлық – заттар мен үрдістердің белгілі бір шеңберіне қатысты 
анықталатын, соларға қатысты сапалы ӛнімді әрекет үшін қажетті тұлғаның 
ӛзара байланысқан сапаларының (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілдері, 
құндылықтар, мотивация) жиынтығы.
Құзыреттілік – адамның белгілі бір құзырлықты игеруі, меңгеруі, ол 
ӛзіне сол құзырлыққа және сол әрекет пәніне деген қатынасын да қамтиды. 
Құзыреттілік 
ӛзіне 
тек 
когнитивті 
және 
операционалдық-
технологиялық компоненттерді ғана емес, сонымен бірге мотивациялық, 
этикалық, әлеуметтік, мінез-құлықтық компоненттерді, оқыту нәтижелерін 
(білім мен іскерліктер), құндылықтық бағдарлар жүйесін қамтиды. 
С.Е.Шишов, 1996 жылы Берн қаласында ӛткен «Еуропа үшін негізгі 
құзырлықтар» атты симпозиум материалдарын қолдана отырып келесі 
тұжырым жасайды: құзыреттілік ол маманның кәсіби әрекет жүйесінде ӛз 
білімі мен іскерліктерін, әрекет тәсілдерін жұмылдыра алу қабілеттілігі; 
маман ӛз құзыреттілігін нақты бір әрекетте, нақты бір жағдаяттарда жүзеге 
асырады; айқындалмаған құзырлық құпия ашылмаған мүмкіндікті ғана 
сипаттайды.
ЮНЕСКО-ның 
«Еңбекті 
жаңаша 
ұйымдастырудың 
жаңа 
технологиялары жағдайында білім беру талаптары» атты жобасы бойынша 
болашақта адамдар тиімді жұмыс атқаруы үшін келесі іскерліктер мен 
дағдыларды меңгерулері тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет