шығармашылықпен ӛзгеріске түсіреді. Белгілі психолог А.Н.Леонтьев
адамзат мәдениетінің жетістіктерін игеруде - іс-әрекет атқару арқылы оның
жетістіктерін одан әрі жетілдіреді деп есептеді. Сондыктан оқушыларды
ӛмірге және жан-жакты іс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкіндіктерін
ескеріп, ӛмір тіршіліктеріне кажетті істерге тартып, олардың ӛмірін
әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан ұйымдастыру кажет.
Ал
мәдениеттану тұғыры
-
оқушының жеке тұлғасын зерттеп,
кұндылық бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық іліміне
сүйеніп, нақты ғылыми әдіснама ретінде таным мен педагогикалық іс-
әрекеттерді кайта құруға немесе ӛзгерістер енгізуге бағыт-бағдар береді.
Мәдениеттану тұғыры арқылы
жеке тұлғаның мәдениетпен
объективтік байланысы негізінде оның мінез-кұлқындағы құндылыктар
жүйесін анықтайды. Ӛйткені адам мәдениет арқылы дамығандыктан сол
мәдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес қосады. Сол себептен адам
мәдениет құндылыктарынын жүйесін игеріп ӛзін-ӛзі дамытса, екінші
жағынан, онын шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.
Түйіндей келе, оқыту процесі әдіснамалық негізіне философиялық
тұрғыдан тарихи, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, психологиялық,
педагогикалық және басқа да оқушыны калыптастыратын құрылымдар
алынады. Окытудың мәні, құрылымы, қағидаларының теориялық жақтары
ескеріледі. Әдіснамалық танымал, оқыту процесіндегі жаңашыл идеяларға,
жалпығылыми және ұлттық мәдениеттің дамуына, коғамдық жағдайларды
қарастыратын тұжырымдар мен диалектикалық заңдылықтарға, ғылыми-
техникалық жағдайдың ӛзгергеніне, бүгінгі танда қандай денгейге келгеніне
талдау жасауға мүмкіншіліктер туғызады, яғни білімге деген сұраныс
анықталады.
Оқытушы тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымның болса да,
белгілі бір ізденісті калай, кандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты,
мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның ӛзі таным кызметін ұйымдастыруға,
танымның белгілі бір
Достарыңызбен бөлісу: