А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет58/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
ЖМП китап

Педагогикалық үрдіс
– белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және 
тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған 
жағдайға ӛзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып 
отыратын ӛзара әрекеттесу процесі. 
Пәндер бағдарламасы
(Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, 
мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі 
тақырыбы мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру 
уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы 
талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және
әдебиеттер тізімі.
Тәрбие кең әлеуметтік мағынасында
– адамзаттың тарихи 
қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа 
алмастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл жерде тәрбие үрдісі мәдениет 
пен білімді ұрпақтан ұрпаққа трансформациялау құралы ретінде анықталған. 
Әрбір ұрпақтың міндеті аға ұрпақ тәжірибесін меңгере отырып оны байыту, 
жетілдіру және келесі ұрпаққа алмастыру болып табылады.
Тәрбие
 
тар мағынасында
 
– тәрбиеленушілер бойында кӛзқарастар 
мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру 
мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ӛзара әрекеттесу үрдісі. 
Тәрбие үрдісінің бұл анықтамасы осы үрдістің екі жақтылығы мен 
мақсаттылығын, нәтижеге бағыттылығын сипаттайды. 


Транскрипт 
(Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік 
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген 
пәндердің тізбесі бар құжат. 
Тьютор
– студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық 
кеңесші рӛлін атқаратын оқытушы. 
Үлгілік оқу жоспары
- білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының 
оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау 
нысандарын реттейтін құжат. 
Эдвайзер
(Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының 
академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына 
(жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру 
бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет