А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата13.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#82528
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
ЖОО педагогикасы

Жоғары мектептегі лекцияның маңызы мен міндеттері
– пән бойынша студенттердің ғылыми білімін қалыптастырады, 
жүйелейді; 
– ғылым немесе техниканың тиісті саласы дамуының жағдайы мен 
болашағын ашып кӛрсетеді; 
– тақырыптың күрделі және негізгі мәселелеріне назарларын аударады; 
– ғылыми материалды дәлелді баяндау іскерлігін дамытады; 
– кәсіби дүниетаным мен жалпы мәдениетін қалыптастырады; 
– студенттердің танымдық әрекетін белсендіреді (ғылыми ізденіске 
ынталандырады), шығармашылығын дамытады. 
Лекцияның атқаратын қызметтері
- ақпараттық – ғылыми білім жүйесін баяндау, ғылымның жаңа 
жетістіктерімен 
таныстыру, 
ақпаратта 
бағдарлануға 
кӛмектесу; 
әдебиеттермен, ғылыми мектептермен таныстыру; 
- ынталандыру – тақырыпқа, оқу пәніне деген таным қызығушылығын 
тудырады және кәсіби мотивациясын дамытады; 
- тәрбиелеуші – оқу материалының мазмұны арқылы моральдық 
сапаларды дамытады және оларды нақты танымдық әрекетке бағыттайды; 
- ұйымдастырушылық – оқу әрекетінің барлық звенолары үшін 
психологиялық-педагогикалық бағыт береді; 
- дамытушы – белсенді ойлау әрекетіне қосу арқылы тұлғаның 
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді; құбылыстарға баға беріп, 
ойлауды дамытады. 
Оқулыққа қарағанда дәріс:
- лектормен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
- тақырып бойынша түрлі кӛзқарастармен танысуға мүмкіндік береді; 
жағдайдың ерекшелігін ескереді; 
- студенттердің меңгеріп отырған пәнмен тірі байланысты орнатуға 
кӛмектеседі. 
Е.А.Подольская, Р.Т.Игенбаеваның пікірінше лекцияның оқыту 
формасы ретіндегі кемшіліктері: 
- Лекция ӛзгенің пікірін енжар қабылдауға үретеді, ӛзіндік ойлаудың 
дамуына кедергі жасайды. 
- Лекция ӛздігінше дайындалатын сабақтарға деген қызығушылығын 
азайтады. 
- Тӛменгі курстарда студенттер дәріс мазмұнын қабылдау және 
конспектілеу әдістемесі мен техникасын меңгермегендіктен, оны дұрыс 
меңгере алмайды. 
- Оқытудағы даралау және саралау қағидаларын жүзеге асыруға 
мүмкіндік бермейді. 
- Студенттердің кейбіреуі ғана лекция мазмұнын ұғады, кейбірі 
лектордың сӛзін жазумен шектеледі. 


Ал артықшылықтарына келесіні жатқызады: 
- Жаңа қосылған курс бойынша әдебиеттің тапшылығы болған 
жағдайда лекция ақпараттың негізгі кӛзіне айналады. 
- Оқытушы мен студенттердің шығармашылық ынтымақтастығын 
қамтамасыз етеді. 
- Бірлескен эмоционалдық ӛзара әрекеттесу мүмкіндігін береді.
- Студенттердің ойлау әрекетін ынталандырады. 
- Студенттердің интеллектісін, моральдық қасиеттерін, қарым-қатынас 
мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. 
- Студенттерге ӛз бетімен жұмыс бойынша бағыт-бағдар беруге 
мүмкіндік береді. 
- Студенттерді кәсіби даярлау ерекшелігін, олардың қызығушылығын 
ескеруге мүмкіндік береді. 
- Белгілі бір тақырыптар бойынша жаңа оқу материалы әлі 
жарияланбаған, қолдағы бар оқу материалы ескірген жағдайда ғылым мен 
техниканың соңғы жетістіктерін студенттерге жеткізу құралына айналады. 
- Оқулықтардағы кейбір тақырыптар студенттердің ӛздігінен меңгеруге 
күрделі болған жағдайда лектор тарапынан материалды дұрыс 
интерпретациялау материалды дұрыс және толық меңгеруге мүмкіндік 
береді. 
- Кейбір мәселелер бойынша қарама-қайшы тұжырымдардың болуы, 
олардың лекция барысында талқылануын қажет етеді.
Лекцияның түрлеріне тӛмендегілер жатады: 
Дидактикалық мақсатына қарай
- кіріспе лекция, 
- қорытынды лекция немесе шолу-қайталау лекциясы, 
- шолу лекциясы, 
Дидактикалық мақсатқа сай жіктелген лекция түрлеріне қысқаша шолу 
Кіріспе дәріс. Ол студенттерді белгілі бір курстың мақсаты, оның оқу 
пәндері жүйесінде алатын орны мен ролі жайлы таныстырады. Сонан соң 
курсқа қысқаша шолу жасалады. Кіріспе дәрісте ғылыми мәселелер 
кӛтеріледі, ғылыми болжам жасалады, даму болашағы айқындалып, 
практикаға қосар үлесі белгіленеді.
Шолу-қайталау дәрістері курстың немесе оның бір тармағы 
аяқталғанда оқылып, онда сол курстың, болмаса сол тармақтың ғылыми-
ұғымдық негізін қалайтын теориялық тұжырымдар қайталанады.
Шолу дәрісі. Оны қысқаша конспект деп түсінуге болмайды. Ол курс 
бойынша негізгі мәліметтерді қамтиды. Ол кӛбінесе емтихандарға дайындық 
кезінде тиімді пайдаланылады.
Материалды жеткізу түріне орай
- проблемалық лекция, 
- лекция-визуализация, 
- алдын-ала жоспарланған қателері бар лекция,
- лекция-пресс-конференция, 
- екі адамның лекциясы (лекция вдвоем), 


- лекция-пікірталас және т.б. 
Лекция-ақпарат – студенттерге ойластырып есте сақтау үшін арналған 
ғылыми ақпаратты баяндау және түсіндіруді мақсат еткен дәріс түрі. Жоғары 
мектеп тәжірибесіндегі кең таралған дәріс түрі. 
Проблемалық лекция – бұл дәріс түрінде жаңа білім мәселелі сауал, 
міндет немесе жағдаят арқылы енгізіледі. Оның барысында студенттердің 
таным процесі оқытушымен ынтымақтастық және диалог арқылы 
зерттеушілік әрекетке жақындайды. Мәселенің мазмұны оның шешу жолын 
іздеу немесе оны шешуге деген қалыптасқан дәстүрлі және қазіргі 
кӛзқарастарды талқылау барысында ашылады. 
Лекция-визуализация 
– 
дәріс 
материалын 
аудиовидеотехника 
құралдары арқылы ұсынудың визуалды түрі. Ондай дәрісті жүргізу кӛрсетіп 
жатқан визуалды материалды толық немесе қысқаша түсіндіріп отырумен 
шектеледі.
Бинарлық лекция – бұл екі оқытушының диалогы түріндегі (екі ғылыми 
мектеп ӛкілі ретінде, немесе ғалым мен практик ретінде, немесе оқытушы 
мен студент ретінде және т.с.с.) дәріс түрі.
Алдын-ала жоспарланған қателері бар лекция – студенттерді 
ұсынылып отырған ақпаратты әрдайым қадағалауға ынталандырады (қателер 
болуы мүмкін: мазмұндық, әдіснамалық, әдістемелік, орфографиялық). Дәріс 
соңында тыңдаушылардың диагностикасы және жіберілген қателердің 
талқылауы жасалады. 
Лекция-конференция – алдын-ала анықталған мәселе мен баяндамалар 
жүйесі негізінде ұйымдастырылатын ғылыми-тәжірибелік сабақ түріндегі 
дәріс. 
Лекция-кеңес (консультация) – түрлі сценарийлер бойынша жүруі 
мүмкін: «сұрақ-жауап» типі бойынша немесе «сұрақ-жауап-пікірталас». 
Бүгінгі таңда оқытушылар лекция сабақтарында түрлі белсенді оқыту 
әдістерін тиімді және нәтижелі пайдаланылады. Сӛйтіп белсенді оқыту 
әдістері «лекция және семинар» арасындағы айырмашылықты біршама 
жояды. Бірақ, дәстүрлі лекция тарихи дамуында ӛзінің келесі қасиеттерін 
сақтап қалады: лекциямен студенттердің кӛп санын қамтуы, оқу материалын 
ұсынудағы жүйеліліктің сақталуы, оқу уақытының үнемделуі және т.с.с. 
Жоғары мектептегі лекцияның құрылымы: 
Кіріспе – дәрістің тақырыбы, жоспары, әдебиеті анықталады. 
Негізгі бӛлім – тақырыптың ғылыми мазмұны баяндалады, негізгі 
идеялары талқыланады, қажетті аргументтер келтіріледі.
Қорытынды – лектор тақырыпты еске түсіреді, материал бойынша 
негізгі идеяларды қайталайды, тақырып бойынша қорытынды жасайды және 
студенттердің сұрақтарына жауап береді. 
Жоғары мектепте лекцияны құрастырудың алгоритмі: 
Мақсат – міндеттер - мазмұн -
әдіс-тәсілдер – құралдар – форма – 
тапсырмалар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет