А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет43/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

МАХАББАТ ЖӘНЕ АБЫРОЙ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


91
бip томдық, ал 1996–1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді.


М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп,
бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қандай
зерттеу еңбектерін білесіңдер?
2. Роман жанрының ерекшелігі неде? Өзің оқыған романдарың туралы
айтып беріңдер.
Роман (франц. – roman, нем. – roman, ағылш. – novel – орта ғасыр
ларда латын тілінде емес, роман тілінде жазылған шығарма осы лай
аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең ты ныс ты,
кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқы
мында, жанжақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда
ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман жанрының бірнеше түрі бар. Мәселен, тарихи роман, де
ректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті
роман т.б.
А. Ісмақова
2-тапсырма. Хрестоматиядан романның толық нұсқасын оқып шық.
Бақытсыз Жамал
1
Жамал – сағынып көрген баланың алды болған соң, атаанасы қолдан
келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті.
...Манағы молданың насихаты есінде жүріп, бір күні Сәрсенбай
қатындарымен ақылдасты:
– Ахметжанның молдасынан оқытуға екі шақырым жерге Жамал
барыпкеліп жүре алмайды. Онан да бір жастау молда жалдап алсақ
қайтеді? Жамалдың себебімен ауылдың балалары да оқыр, өзіміз мал дың
зекетін берерміз, ақысын ауылмен бірдей көрерміз, – деді. Бұған қатын
дары һәм солай деп айтқан соң, ауылы да разы болды. Бірекі айдан соң
жазғытұрым уақыт еді, бір күні ауылға бір шәкірт келіпті, молдалыққа
тұрады екен дегенді естіп, Сәрсенбай соған сөйлесуге келді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


92
Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен. Қазақ ішінде қымыз


ішіп, күзгі тәхсилгә* қаражат жинап алу үшін мұғалімділікке шыққан
Ғазиз есімді ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде – ашық пікірлі, ұсүл
тағылымнан жақсы ғана хабары бар еді. Екі жылдай қазақ ішіне шығып,
қазақтың сырын білгендіктен және де Сәрсенбайдың пікірін аңғарып
сөйлескен уақытында өзін шіпшикі ескі жолмен оқыған хадимі* етіп
көрсетті. Себебі ол: «Аз уақытта мен бұларды түзей алмаспын, онан да
бұларға хилаф* келмей, өйтіпбүйтіп қаражат жинап алайын», – деп ой
лады. Сәрсенбай шәкіртке айтты.
– Өзіміз бір ауылда жетісегіз үйміз, бес айға жиырма бес сом ақша
береміз. Сөзді ашып айтқан жақсы, мен өз басым малымның кірін беремін,
басқалар өзі біледі, ал кемпірмемпір құлап қалса, өз талайыңнан, – деп
күлді.
2
Уәделері бойынша мұғалімі һәмән Сәрсенбайдың үйінде тұратын бо
лып, Сәрсенбаймен бірге еріп келіп, бір үлкен боз үйге кірді.
Сол минуттаақ ауылдың адамдары жиналып, Қалампыр бәйбіше са
бадан қымыз құя бастап, Сәрсенбай да Жамалға:
– Тұр, қарағым, молдекеңе мал әкел! – деп әмір етті. Жамал атасы
на бір қарап тысқа шығып еді соңынан кешікпей Сәрсенбай да шығып,
Жамалға ақырын сыбырлап айтты. «Анау күнгі жамбасы құрттап жүрген
көк қозыны әкел, үйге кіргізерде кескегін алып таста! Ұқтың ба?» – деді.
Жамал да: «Ұқтым, ұқтым», – деп жүгіріп кетіп, жарты сағат болмай
айтылмыш қозы бата қылынып сойылды.
– Молда, қайда оқыдың, дәрісің не, қай қаланыкісің, затыңыз ноғай
ма, башқұрт па, неше жасқа келдің, атаң бар ма? Бұрын қазақ ішіне
шы ғып па едіңіз, жамағат бар ма? – деп, үстіүстіне керектікерексіз
сөз дерді сұрап, мұғалімнің басын қатыра бастады. Әлхасыл осы секілді
мәжіліспен отырып, сойылған малдың етін жеп халық тарады. Екінші
күні мұғалімге бір қос тігіп беріп, он шақты шәкірт жиналып оқу бастал
ды. Бұл шәкірттердің бірекеуі болмаса, басқалары бұрын ешбір қаріп
оқымаған еді.
Бір ай өткеннен кейін мұғалім Жамалдың зейініне қызығып,
Шолпанға алғыс айтты:
– Жамалды ұсүлжадидке оқыта бастасам, аз уақытта хат жазып ке
тер еді, бірақ оны бай ұнатпайды ғой, – деп. Шолпан тұрып:
– Молдеке, біздің отағасының сөзін не қыласыз, ақырын оңашада
жасырып хат жаздырып үйрете беріңіз, – деді. Мұғалім бұл жауапқа
бек қуанып, сол күннен былай шәкірттер тарап кеткен соң Жамалға
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


93
күнде бірекі сағат хат жаздырып үйрететін болды. Үш жарым айда


Жамал мұғалімнің ыждағаты, өзінің өткір зейіні саясында хат танып,
жазарлықтай болды. Мұғалім әпенді сол жолмен бес ай оқытқанда
Жамал бек ғайбат болып, түрлі кітаптарды оқитұғын болып қалған
еді. Сентябрьдің ақырында мұғалім Уфаға қайтып, Жамал да оқуын
тоқтатты. Мұғалім Сәрсенбайдың үйінде тұрған уақытта Шолпан бір ұл
перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды деп, мұғалімді Сәрсенбай
жақсы қаражатпен қайтарды. Сәрсенбай жаңа туған баласының есімін
осы молдадай жігіт болып, өзі де молда болсын деп Ғазиз қойды.
Мұғалім қайтып кеткен соң Сәрсенбай енді бір молда ұстаймын деп
ертеңбүгінмен жүргенде қыс та болып қалып және де әркімнің:
– Енді жарар. Жамалды оқытпайақ қой, он екі пәнді түгел білсе де,
әйел бала дәріс айтып елге бас болмас, – деген сөзіне Сәрсенбай айна
лып, тіпті молда ұстамай қойды. Ауылдағы басқалары, һәр қайсысының
дәулеті шағын болғандықтан, шамасы келмейтін болды.
Жамалдың ғұмырындағы оқуы осы бес айлық қана болып, хат
жазарлықтан әрі аспай тоқтады. Мұғалім кеткеннен кейін Жамал һәмән
қисса оқитын болып, атасы да тыңдаудан жалықпаушы еді. Үйге бір
қонақ келіп қонса да:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


94
– Жамалжан, қонағыңа қызмет ет, қисса оқы, «Салсалың» қайда,


«Қыз Жібегің» қайда? – деп, куә болып отырушы еді. Жамал да ерінбей,
қиссаларды басынан аяғына шейін оқып тастаушы еді. Жамалдың
оқымаған қазақ қиссасы бек аз еді. Ел аралаған мелішші саудагерде
нендей жаңа қисса болса, атасы оған шығынсынбай алып беруші еді.
Жамалдың бір кішкене сандығын ашып қараған кісі: «Салсал», «Қыз
Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Көр бала», «Біржан сал мен Сара қыз
дың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Ай
ман–Шолпан», «Бозжігіт», «Шәкір–Шәкірат», Ақмолда, Нұржан, Әбу
бәкір молданың өлеңдері һәм басқа сол секілді кітаптарды көрер еді.
Хәттә* Жамал сол қиссалардың бағзы бір өлеңдерін жатқа да біліп, бір
ойынға бара қалса: «Жамал, өлең айт» дегенде тартынбай айтып салу
шы еді. Осындай қиссаларды оқумен һәм ел ішіндегі айтып жүрген қыз
бозбаланың өлеңдерін жазып алумен, молдадан оқып жүрмесе де, жазуын
күнненкүнге дұрыстап бара жатты. Жамалдың осындай зеректігі ауызға
да ілініп, он жасына жеткен уақытында әркімдер: «Сәрсенбай үйінде бір
жақсы бала бар», – деп, айттыруға қызыға бастап және де Жамалдың
анасы ақылды, көркем қатын болғанға «анасын көріп, қызын ал, аяғын
көріп, асын іш» деген мақалды да еске тұтып сөйлеуші еді.
3
Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман
дейтін бір таз һәм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екіүш Жұман
есімді жігіттер болғанға, бірін – «сары Жұман», бірін – «тапал Жұман»,
Байжанның баласын – «таз Жұман» деуші еді. «Ата даңқымен қыз өтеді,
мата даңқымен бөз өтеді» деп, Байжанның өзі тәуір болған соң, қол жетіп
тұрған заманда бір бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар
еді. Бір күндерде Байжан мәжіліс арасында: «Жұманға құда болатын
лайықты жер білгендерің бар ма?» деп сұрап отырғанда, біреу тұрып:
– Биылғы Нұрпейіспен билікке таласатын Сәрсенбайдың бір жақ
сы баласы бар, шешесі тәуір кісі – Жарас молданың қызы, өзі оқыған
бала, қазірде онон бірге келсе керек, – деді. «Олай болса, бұл ескеретін
жер екен» деп Байжан ішінен ойлап қойды. Көп ұзамай Байжан
Сәрсенбайға «құдай қосса, құда болайық» деп бір кісі жіберді. Бұл ха
барды есіткеннен соң Сәрсенбай үй ішіне ақылдасып көріп еді, үлкен
қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады. Сөйтсе де өткен
сайлаудағы Байжанның Нұрпейіске болысып, өзін құр тастағанын ой
лап, Сәрсенбай құдалық себебімен келесі сайлауда би болмаспын ба екен
деген ойға кіріп, өзін билікке таластырған достарына ақылдасты. Бұлар
естіген жерден:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


95
– Құдай берді, әйде, қайырлы болсын, құда болыңыз, қызды қыр


ғызға да береді. Байжанның баласын жұрт пәлентүген десе де, асылдың
тұқымы ғой, әліақ өскен соң түзеліп кетеді, – деп өзі босап тұрған
Сәрсенбайды құда қылуға айналдырды. Жалғызақ Шолпан неше күндей
көнбей:
– Жамалды өзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді,
атасының байлығы не керек, – десе де, Сәрсенбайдың құлағына кір
меген соң:
– Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, пат
ша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші
боласың? – деп көзінен жас төгіп, үйден шығып кетті. «Ұрғашының
шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сөз айтпай,
ішінен мыңқылдап отырып қалды.
Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы көріп, өзінің теңіне беремін деп
жүруіне һеш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кет
кен намыс һәм ілгерідегі үміт һәммасы қосылып, оның үстіне көлденең
кісілердің сөзі де қамшы болып, «не қылса да Байжанмен құда боламын»
деп жауап қайтарды.
4
Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта
бір тойда көрсе керек), көңіліне күнненкүнге уайым, қайғы түсе бас
тады. Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның
жамандығынан құрбы арасында күлкі болған істері еді. Мысалы: Жұ
манды үйі қантшай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жібергенде, жол
да терілерін алыпсатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір
тиын жаңа бақыр алып келуі еді. Һәм елде бозбалалық қылмақшы болып
бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың әкесі
таңертең: «Тұр, балам, ұйқың қанған шығар», – деп үйіне жіберуі еді.
Мұның һәммәсін* Жамал естіген еді.
Атаанасы зарыққанда көрген баласы екенін де ойлап, не себепті жаман
күйеуге бергеніне қайран қалып жүрді. Өзі теңдес қыздардың күйеулерін
салыстырып қарағанда, Жұманнан нашары жоқ еді. Басқа шет елдерден
күйеуіне разы болмай, екінші жігітпен қашып кетіпті дегенді естігенде,
ішінен ойлап: «Олар да мен секілді бейшаралар ғой», – деп аяушы еді.
«Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып
кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы
болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой» деп, қайсысын
істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


96
шығушы еді. Һәр уақыт осындай уайымда болған соң, Жамал жүдеп те


кетті. Атаанасы:
– Қарағым, сен неге жүдеусің? – дегенде:
– Жай, басым ауырады, – деп қоюшы еді. Жамал осындай уайымда
ры болып жүргенде, бір күні Байжаннан Сәрсенбайға: «Биыл баламды
ұрын жіберемін» деп сәлем келді.
Бұл хабарды естігеннен кейін Жамалдың қайғысы бұрынғыдан үш
есе артты деуге лайық болды. Жамал қанша ішінен қапаланса да, басқа
бір кісіге айтуының ебін таба алмай, бір күні қолына қағаз бен қарындаш
алып, «тым болмаса көңілімдегі қасіретімнің оннан бір бөлігі шықпас па
екен» деп, өз басындағы халіне біразырақ өлең жазып еді.
...Бұл сөзді оқып көрген соң, анасының көзінен азырақ жас кетіп,
қызының мұндай қайғыда жүргенін біліп, әлгі қағазды да орнына салып
қойды. Енді Шолпан Жамал қанша уайымда болса, сонша қайғыра бас
тап, бір күні түнде төсекке жатқан соң Сәрсенбайға сөйледі:
– Құданың құдіреті, әуелде сен тіл алмай, баланы мұнша қайғы
қасіретке салдың, міне, көрмеймісің, Жамалжан өздіөзінен азып, жүдеп
кетті. Осы қалпымен қор болып кетсе, екі дүниеде бізге разы болар ма,
біздің атааналық хақымыз мойнымызда емес пе? – деді. Сәрсенбай не
айтарын білмей:
– Сөйтіп жүр ме, сөйтіп жүр ме? – дей берді. Шолпан ашуланып:
– Сөйтіп жүр мең құрысын, өз басыңда ерік жоқ, әркімнің қыздырған
тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Атабабаң
істемеген істі қыламын деп би болғансып, бір жылдың ішінде, қане,
шыққан мүйізің? – деді. (Сәрсенбай әуелі таласып болмай қалғаннан
кейін, келер сайлауда құдасының себебімен би болса да, бір жылға жет
пей съезд уақытында бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп,
билігінен түсіп қалған еді).
Сәрсенбайдан берекелі жауап шықпаған соң, Шолпан тағы да сұрады:
– Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? – деп. Сонда
Сәрсенбай қайраттанып:
– Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз, екінші кісіге береміз
десең, Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Ма
лымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме? – деді. Сәрсенбайдың
жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім һәм бұл сапарда да пікірі
тамам көрініп қалған себепті, енді бұл тұста Сәрсенбаймен ақылдасып,
бастарына түскен уайымды бөлісуден үміт үзіп, сол түннен бастап бы
лай Жамал хақында Шолпан Сәрсенбаймен һеш нәрсе сөйлеспейтін
болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


97
5


Бас аман, малы түгелдердің көңілі шаттықта, Жамалдың көңілі
һәмән қайғыда болумен біраз уақыт өтіп еді. Жамал қанша қайғылы
болса да, сырын халыққа білгізбес үшін һәм жабыққан көңілін көтеру
үшін қызбозбала жиналған ойынтойдан қалмаушы еді. Және де Жамал
болмаған ойынның қызығы аз секілді көрінуші еді.
Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір байдың баласы бол
май жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қызбозбала үшін үлкен мәжілісшіл
дехана болды. Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да
әзір болды. Ағаш үйдің кең бір бөлмесіне төрінен есігіне шейін халық
толған еді. Бұл елде ойынсауық әлі қалмаған, болғанға бір қыз, бір
жігіттің қатар отырғызатын әдет бар еді. Жиылғандар бірі өлең айтып,
екіншілері қалжыңдасып, ойын әлі қызып бастала қоймаған уақытта
есіктен: «Кеш жарық!» деп, бірекі жігіт кіріп келді. Бағзы бозбалалар:
– Міне, бір сыпайы жігіттер келді. Қай жерге отырғызамыз? – деп
ақылдаса бастап, көп кешікпей біреуін Жамалдың қасына әкеліп отыр
ғызды. Бұл жігітті Жамал танымайтын еді. Ләкін Жамалдың қасына
отыр ғызудан бір тәуір жігіт екендігі аңланды. Бұл жігіт отырып болған
соң, үйдегілерге қысқақысқа сөзбен амандасып, соңынан Жамалға қарап:
7–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


98
– Сіз де сәлеметсіз бе? – деп қойды. Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты,


бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан,
сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді.
Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали,
қыздардың абзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырулары да
бек жарасып кетті.
Ғали бір болыста басқа ауылнайға қараған Дүйсебек деген кісінің
баласы еді. Жасынан талапты болып Қызылжар, Троицкідегі медресе
лерде оқып жүріп және частный учительден оқып та орысша азырақ
сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған бол
са да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыттарда оқуды да қойып,
азырақ саудаға айналысып еді. Атасы бай адам болмаса да, Ғали ина
батты жігіт болып, һәрдайым алысберіс істерінде уағдасында опашыл
болғандығы көрінгенге, байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді.
Әуелгі уақыттарда оқуда болып, бұл уақыттан саудамен жүрген себепті
елде тұруынан тұрмауы көбірек болып, өзін халық, халықты өзі анық та
нымайтын еді. Тек сыртынан Дүйсебектің баласы талапты, еті тірі жігіт,
қысыжазы үйде отырмай оқу оқып, кәсіп қылады деуші еді.
Жаңада өткен бір жәрмеңкеде алысберістерін бітіріп, бірекі жүз
теңгелеп пайда қылып, үйіне қайтып, ағайынды аралап, амандықта жүр
генде осы ойынға кез келген еді. Ғали Жамалмен қатар отырған соң, бір
бірінің халін һәм кім екендіктерін сұрапбілісті. Ғали Жамалдың бұрынғы
көріп жүрген жігіттерінен сөзге ұстарақ, сұраған сөзіне толық жауап
қайтарып һәм өзі де ләззатты сөздер сөйлей бастағанға маңайдағылардың
не істеп, не сөйлеп, не ойнап жатқанын естімеген секілді ұмытып, шын
ықы ласпен кеңеспек те еді.
Әртүрлі ойын болып, ақырында «Бұғыбай», «Мыршалай – мырыш»
деген ойындар тамам болған соң, бір жігіт бір белбеуді есіп алып:
– Енді, әлеумет, өлең айтасыңдар, айтпасаңдар, айтпағандарыңа
мінекей, – деп, қолындағы есілген тоқпақтай белбеуін көрсетіп қорқытып,
аралап жүре бастады. Білген қалдарынша Ғали мен Жамалдан басқа боз
балалар өлең айтып жатса да, өлеңдері қашаннан бері айтып келе жатқан
ескі өлеңдер еді ... Енді өлең айтуға рет әуелі Ғалиға, сонан соң Жамалға
келіп еді. Ғали домбыраны әкеліп ұстатқанның соңында: «Менің өлең
айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім», – деп күлімсіреп отырып: – Қайыр,
енді көңілдеріңіз қалмасын, – деп көркем әнмен домбыраға дауыс қосып
сөйледі:
Ал сөйле, келді кезек енді, Ғали,
Керілмей ұста қолға домбыраны!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


99
Рух бер мәжіліске, қызмет көрсет,


Сайратып тіл мен жақты болса халі.
Өнерің болса ішіңде шығар сыртқа,
Бұл жерде жасырудың болмас мәні.
...Түлкіні тазы алады табындағы.
Болады не нәрседен және де ескер
Жігітке абыройдың табылмағы.
Емес пе екі жүрек бірдей келсе,
Арада махаббат оты жағылмағы
Мінеки, домбыраңыз, тоқтадым мен.
Сөйлесін сұлу Жамал жанымдағы!
...Ғали бұл өлеңді айтып болған соң, отырған ретінше Жамал айтты:
Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,
Құрбылармен бір жерге қосылғанда.
Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,
Еріксізақ қоярсың тосылғанда.
Қыз байғұс та жұртына келген қонақ,
Мысалы, қызғалдақтай ғұмыры шолақ.
Күн келер өз басынан ерік кетер,
Қалалық осындайда күліпойнап.
Жігіттің еркі өзінде – жылдың құсы.
Ұшса да, я келсе де отырғысы.
Мысалы, жазы болған жаққа кетер
Бір жердің қары жауып, туса қысы.
Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,
Торында ғұмыры өтер кілтін ашпай.
Сатады мал көп берген кісі болса,
Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.
Рақым етпес және атаанасы,
Болса да жақсы көрген өз баласы.
Теңіне қыздың көбі бара алмайды.
Көнбеуге және дағы жоқ шамасы.
Кісінің туыпөскен жері қымбат,
Үйренген бала жастан елі қымбат.
Атаанаң, ағажеңгең қадірлеген
Тебіскен құлынтайдай теңі қымбат.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


100
Сөзімде қата болса сөкпе, халқым,


Әншейін айтып өттім сөздің салтын.
Тұрған соң көзің көріп қиянатты,
Тартады уайымдап көңіл салқын.
6
Байжан әуелгі қыз қашып, халық жиналған күннен бері құпия һәр
жерге қыз бен жігітті іздеуге кісі жіберген екен; һәр бір барар деген
шүбәлі орындардың һаммасында жоқтығын сезіп, ақырында қалада Фа
тихолла байда екендігіне көзі жетіп, шаһар ішінен қол іс қылып ала ал
маспыз, Фатихолла байдың бұл елде алатын екі мың теңгедей несиесі бар
ғой, енді бұл қашқындарымызды сақтап, халқымыздың жақсыларының
тентек деген кісісін шығарып бермесең, несиеңді бергізбейміз десек,
қорқар деп мәслихат етті. Осы сөзді айтуға келген кісіге Фатихолла бай
ішінен қауіптеніп, былай болуы да бек ықтимал деп ойлап жауап берді:
– Дұрыс, әуелгі уақытта ұлыққа арыз беру үшін ғана бізге үштөрт
күн болып қонған еді. Қазірде бізден кетті, қайда екенін білмеймін. Егер
де мұнан былай бізде екендігі білінсе, халқыңыздың не қылғанына риза
мын, – деді. Бұл кісі Фатихолла байдың әлгі сөзіне нанып, елге қайтты.
Фатихолла бай Ғалиға сөйледі:
– Мына кәпірлердің сырлары өзіңе мәлім ғой, енді басқа бірнеше
жерге барып паналағаның өзіңе де, бізге де пайдалы болар еді.
Ғали бұл сөзге түсініп:
– Қайыр, Фатихолла абзи! Мен сізге ризамын, залымдар не қылады
деуге болмайды. Олай болса, мұнан үш шақырым
1
жерде атамның наға
шысы бар, сонда барайын, – деп, ертеңіне жүруге даярланды. Ғалидың
өзінде жегуге екі ат бар еді.
Фатихолла бай арбасайман һәм елу теңге ақша беріп, қаладан
шығарып салып, «қайырлы сапар» деп, дұғада болып қалды. Ғали, Жа
мал да өздерінің атаанасынан айырылғандай болып қимай, жылап айы
рылысты.
Ғали әуелден ноғайша киініп жүретін һәм Жамалды да ноғайша
киіндіріп, шәлі бүркендірген соң жолда көрген кісілер шүбәсіз ноғай деп
біліп, бұлардан қауіптенбей, көңілдері шаттанып, оңашада ойындағы
сөздерін сөйлесті. Ғали сұрады:
– Егер жаман айтпай жақсы жоқ, өстіп жүргенде қолға түсіп, сені
менен айырып әкетсе, қайтер едің, көніп кетер ме едің? – деді. Жамал:
1
Алғашқы басылымдардағы «үш шақырым» деген сөз оқиға желісіне қарағанда «үш
жүз шақырым» болуы мүмкін. (Автор)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


101
– Құдай сақтасын, не айтасың, жаным сенің жолыңда құрбан, сенен


тірі айырылғаннан өлім маған көп артық, – деді.
...Ғали, Жамал жолда төрт қонып, Қырыққұдықтағы нағашысы Ба
бас деген кісінің үйіне келіп жатты. Көңілдері орнығып, қорқынышсыз
күннің өткенін де білмей жатқанда, елдегілер бұрынғы қалпынша дау
ласып қағаз үстінен қағаз айдап, бір берекесіз, аяғы үзілмейтін дауға
кіріскен еді. Ғалидың нағашысы да һәм сол елдің жақсы кісілері де: «Енді
бұлар бізді пана тұтып келді ғой, біз де елдігімізді көрсетіп қорғалық,
көп болса екі жыл дауласар, оның ар жағына өздері де шаршар», – деп
жастардың көңілін бұрынғыдан қуантқан еді.
Бұл мүсәпірлердің бақытсыздығына қарсы бір күні Ғали төсектен
ауырып тұрды. Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қо
рыққаннан өзгеріп кетті.
Ғали: «Тұла бойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып
тұр», – деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен
тұрмай жатты. Науқасы күнненкүнге ауыр тартып, төртбес күннің
ішін де бек қауіпті секілді көрінді. Һәрбір тамыршы дәрігерлерді әке
ліп тамыр ұстатып, ұшықтатыпқақтырып көрсе де тәуір болмады.
Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор
қасіретке кірісті. Бір минут Ғалидың қасынан кетпей, һаман ауырды
деген жерлерін сипап, мөлдіреген көздерін Ғалидан ала алмай қарап
отыратын болды.
Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:
– Менің бақытсыздығым өз басымнан асып, кесапаты саған да тие
бастады, ақыры қайырлы болсын, – деп Жамал Ғалиды құшақтап жылап
та алушы еді. Ғали:
– Жылама, Алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын
жіберер, – деп өзін, өзінен де Жамалдың көңілін жұбатушы еді. Сөйтсе
де дерт күшейіп, Ғалидың халі нашарға айналды. Нағашылары: «еліне
хабар жіберелік», – деп еді, Ғали рұқсат етпеді.
– Алланың жазғанынан қашып құтылмаспын, Құдай сақтар, жібер
меңіздер, – деп тоқтатты.
Он күнде науқасы сонша ауырлап, хәттә арыздаса бастады. Жамал
бейшара қияли болған кісідей бағзы уақытта басы айналып, талып та
қалып, Ғалидан:
– Мен енді қайтемін, сенен қайтіп тірі қаламын, сенсіз дүниеде мен
не боламын? – деп неше мәрте сұраса да, Ғали:
– Құдайға тапсырдым, – дегеннен басқа һеш жауап айта алмады.
Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл ша
шып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді. Алла рақмат
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


102
тілесін... Жұма күні халық көп жиналып, жаназа оқып, Көкен моласы


деген зиратқа апарып қойды.
Ғали жантәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді.
Нағашылары да үлкен уайым қылып, «Бір сапар бізге мұндай жұмысты
болып келгенде бейшаралар бүйтіп қалды, қолымыздан өлтірген секілді
болдықау», – деп, өздері ақылдасып, естіртіп һәм хабар айтуға кісі
жіберді.
Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті.
Екеуінің де атааналары қағазға жазып келтіре алмастай жылап, зар
лап, қайғыланып, дұшпандары һәм сол дәрежеде табалап шатланған еді.
Көп тоқтамай Ғалидың атаанасы һәм Жамалдың шешесі қасына жолдас
тар алып, аянышты өлім болған жерге жетті. Келісімен жылапсықтап,
зиратқа барып мауқын басып, ауылға келді. Жамал бейшара аз күннің
ішінде сүзектен тұрған кісідей болып, келген атааналарымен жылап
көрісуге де халі келмеді. Жамалдың шешесі:
– Жылама, балам, бақытсыздығыңнан көр, Құдай жазбаған, обалың
бізде секілді. Әуелде қазақшылық қылмасақ, мұндай іске себеп болар
ма едік? Тентектік қылсаң да, теңіңді тауып едің, Алла лайық көрмеген
соң, жылағаныңмен не өнеді, – деп бірсыпыра насихат айтты. Ғалидың
шешесі де жылап:
– Қарағым, Ғалижан мен Жамалжан қашан елдің сөзінен құтылып,
оң жағымды қарайтып отырар деуші едім, ол тілегіме Құдай жеткізбе 
ді, – деп сөздің аяғын бітіре алмай, еңкілдеп жылап жіберді.
Бұлар үш күн қонып, қайтатын күні Ғалидың зиратына дұға
қылмақшы болып келген еді. Молда құран оқып болған соң, Жамал
Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, көзінен жас ағызып сөйледі:
– Ғали, Ғали! Бақытсыз болған Жамалың қасыңа келіп тұр, Алла
тағала маған сенің қабіріңді көрсеткенше, мені алғаны жақсы бола
тын еді, бірақ бұйрықсыз жан шықпайды екен. Дүниеде бірге рақат
ғұмыр өткеремін, Ғали тұрғанда һеш жаманға қор болмаймын дегенім
тәкаппарлық екен. Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали. Қыпқызыл
шоқтың ішіне тастап, алыс сапарға жөнелдің, өзің үшін қайырлы болсын!
Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда сені ұмытпаспын. Дүниеде
патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. Қош, жаным! Ғали! Бір мен
үшін мейірбан атаанаңды да көре алмай, қолдарынан топырақ салғыза
алмай кеттің, кеш, жаным! Алла тағала ақыретте қосылуға несіп тілесін,
сол уақытта ғана көрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар. Мен
сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош, жаным.
М... м... қош...о...ш, – деп Жамал талып кетті. Зират басындағы халық
Жамалға су бүркіп, кішкене тәуір болған соң алып қайтты. Сонда да
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


103
Жамалдың есі бүтін кірмей, әлденендей мағынасыз сөздер сөйлеп келе


жатты. Зираттан қайтқан соң Бабастың үйіне келіп, енді жолаушылар
қайтпақшы болды. Ғалидың атаанасы үйіне кетіп, Жамалдың шешесі
Жамалды өз үйіне алып қайтты.
7
Жамал үйіне келіп тұрған соң күнненкүнге уайымқайғысы артып,
жаман болып, адам баласы аярлықтай жүдеді. Байжандар істің ақыры
мұндайға айналған соң «енді қайда барар дейсің» деп, дауды да көп
қозғамай тыныш жата берді. Жамал өз үйінде бір ай тұрғаннан кейін
Байжанға да, Сәрсенбайға да бірдей көлденең ағайындар дәлләлат қылып,
Байжанға:
– Енді сіз келініңізді алдырыңыз, пәлентүген деген кек қылмаңыз.
Әуелден һеш кінәңіз болмаған соң Алла тағала жақ болып ақыры мұндай
болды ғой, – деп һәм Сәрсенбайға да:
– Енді сіз де балаңызды әуелгі разы болған жеріңізге беріңіз, – деп
насихат айтты. Бұл сөзге екі жағы да разы болды.
Шолпан қызынан сұрады:
– Қарағым, Жамал, жұрт мынадай деп жатыр, енді қайтеміз? – деп,
Жамал:
– Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған
соң бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, Алла
тағала менің маңдайымды ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді, –
деп қасіреттеніп, мұңлы дауыспен жауап берді.
Жұман мырза Жамалды өзі келіп алуды намыс көрген соң, Байжанның
қатыны келіп алып кетті. Бір күндерде Жамал кәміл бақытты бір қыз
болып жұрттың ауызына ілігіп, құрбысының алды болып жарқылдап
жүрген дәрежеден түсіп, ақырында мұндай қадірсіз, мұндай кемшілікке
душар болып, барымтаға түскен малдай біреуден біреу алып жүргенін
көрген халықтан Жамалды аямаған жан қалмады. Жиынтой болғанда
көлге қонған аққудай көрінетін Жамалды енді көрген кісі танымай
қалатын болды.
Жамалды Байжан үйіне келтіргеннен кейін болыс арқылы қағаз жа
зып, ұлыққа білдірді. Құдай қазасы болып Ғали Дүйсебек баласы опат
болғаннан кейін билердің үкімі бойынша атаанасы Жамалды алып келді.
Жамал да енді бұрынғы күйеуіне разымын деп қол қойып, подписке
берді. Жамал болып: «енді екі тарапымыздың да бірбірімізден сұрайтын
хақымыз, дауымыз жоқ», – деген соң, күллі бұл іс хақындағы ғарыздар
отказ деп, начальниктен хабар келді. Бұл оқиғалар тамам болғанда ок
тябрь жұлдызы жетіп, жұрт қыстауларына кіре бастаған еді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


104
Жамалдың һеш уақыт ойынан Ғали кетпей, бір минут көңіл ашып,


езу тартып күлмеуші еді, һешкіммен сөйлеспей, сөйлеген кісінің сөзін
ұқпай я естімей бір түрлі диуана кісідей болып жүрді. Жұман ерегесіп
бұрынғыларын алдына келтіремін дегенсіп, не сөйлесе ұрсып, боқтап
сөйлеп, бағзы уақытта түртіп, түйіп қалып, қорлап жүрді. Байжан мен
қатыны Жамалды шын ықыласымен жақсы көрмей, баласына ақыл
айтып, көп тоқтатпаушы еді. Жамалдың үстіндегі киімі бек нашар бо
лып, бағзы уақытта көздерінің алды көгеріп те қалып жүргенде, Жа
мал бейшара кісі көзіне көрінгенде жерге кіріп кете жаздаушы еді.
Соңғы күндерде Жұманға ақыл айтушылар да болып, һәм Байжанның
өзі де:
– Енді балам, жетер, «қашқан жауға қатын ер» деп көп қоқақтай бер
ме, – десе де құлағына кірмеді. Жамалға жаны ашып көріне болысатын
кісі болмай, жалғыз қолынан келгені оңашада зарланып жылау ғана еді.
Осылай қыстың бірекі айы өтті. «Жамалдардың көрген қорлық,
кемшілігін мұсылман баласына бермесін», – деп айтарлыққа лайық бо
лып, тұрса аяққа, отырса басқа ұратын болды. Нендей ұрыпсоғып қинаса
да, Жамал бір сөз қарсы айтып көрген жоқ еді.
Бір күні Жұман тағы да бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай
алмай:
– Мені өлтіретін болсаң біржола өлтір, әйтпесе өзі күйіп жүрген жа
нымды күйдірме! – деді. Жұман мына сөзді ести салып:
– Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр екен ғой, мен
сенің күйігіңді басайын, – деп, сол жерде тұра салып кеудеге тепкілеп,
Жамалды талдырып тастады. Бұлардың үстіне Жұманның шешесі келіп
айырып алып, Жұманды ұрысып:
– Енді сен кісі өлтіремісің, – деп үйден шығарып жіберді. Жамал бір
сағаттан кейін есін жиған соң ақырғы ақылын жиып, «мен бүйтіп жүріп
тіршілік қыла алмайды екенмін, мұнан да бұл иттің қолынан өлгенше
басқа жаққа кетіп өлейін» деп ойлады. Жамалдың бармақшы болып
ойлағаны – қаладағы Фатихолла бай еді. Әйтеуір онда жетсем, біреудің
самаурынын қайнатып қызметін қылсам да қор болып, халық көзіне
көрінбес едім деп, осылай ойлап жүргенде күн де батып, түн болып, ел де
жатты. Жамалдың бұл ойлағанына қарай осы түні Байжанның ерттеулі
аты таң асып тұрған еді.
Жылырақ киім киініп, ептеп шығып Жамал әлгі атқа мініп, үлкен
жолмен: «Құтқардың ба, Құдай?» деп жөнелді. Жамалдың ісі әуелде
теріске басып келе жатқанмен, бұл сапарда істің сәті болмайтұғын
белгісі көріне бастады. Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


105
бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран көтеріліп,


жол көрінбей бастады. Барабара боран әбден күшейіп, алдыартын
орап алды. Қорқыныштың не екенін һәм жантән рақатын ұмытқан
Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге
келіп тұрып қалды. Сол уақытта байқаса, ат әлдеқашан жолдан шығып
кетіп, бір қалың омбы қарға тоқтаған екен. Атты кейін бұрайын десе, екі
қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып һәм күллі денесінің
қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін жинап алып, атын бұрып жүрген
болып еді, һеш нәрсе көрінбей, жол табылмайтын болды. Осылай ада
сып түн ортасына шейін жүріп, өзі әбден жаурап, не болғанын білмеске
айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем жылынар ма екенмін
деп, түсіп жүріп көріп еді, қалың қарға жығылыптұрып жүре алмай,
бір жерге келіп біржола құлады. Күндізінде мініліп жүріп, түнде һәм
болдырған ат Жамалдың қасынан ұзай алмай тұрып қалды. Жамал да
жан ұшырып, тұла бойы қызып бара жатқан секілді болып, үстіндегі
киімдерін һәр жерге шешім лақтырып, бар дауысымен:
– Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? – деп, ақырғы тіршілігінің
минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына
жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан
тәсілім қылды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет